Білім беру бағдарламасының күндізгі қысқартылған оқыту бөлімінің білім алушыларына арналған а қтөбе 2021 Рецензенттер


Мектепке дейінгі ұйымдағы заттық-кеңістіктік дамытушы орта



бет28/42
Дата22.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#95797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42
Мектепке дейінгі ұйымдағы заттық-кеңістіктік дамытушы орта. Заттық-дамытушы орта — педагогикалық үрдісті жүзеге асыруға қажетті уақыт пен кеңістік жағынан жүйелі ұйымдастырылған, қажетті заттармен, ойын құралдарымен жабдықталған эстетикалық, психологиялық-педагогикалық шарттардың жиынтығы. Бұндай ортада бала белсенді танымдық, шығармашылық іс-əрекетке қосылады, қызығушылығы дами түседі, қиялы, ақыл-ой жəне бейнелік қабілеттері, қарым-қатынас жасау дағдысы дамиды, ең бастысы, үйлесімді тұлға дамуы жүзеге асады.
Дамытушы орта баланың өзіне деген сенімділігін арттыруға, оны бойына сіңіруіне септігін тигізеді, мектеп жасына дейінгі балаға өз қабілеттерін сезіну жəне қолдануға мүмкіндік береді, өз қабілетін, шығармашылық шешімдер қабылдай алу дағдыларын дамытады.
Заттық-дамытушы орта баланың түрлі əрекеттерін қамтамасыз етеді, жеке белсенді əрекетінің негізін қалайды. Дегенмен де, мектеп жасына дейінгі баланың негізгі əрекеті ретінде ойын жетекші рөл атқарады. Ойындар балаларды мектепте оқуға даярлайды, əр адамға қажетті жеке сапалық көрсеткіштердің алғашқы баспалдағы болып табылады. Ойын əрекетін ұйымдастыруда, қарым- қатынас мəдениетін жүйелеуге қажетті баланың шығармашылық қиялын қалыптастыруда заттық- дамытушы орта ерекше орын алады. Оның мазмұны ойынның сипатына, таңдалуына жəне рөлдердің бөлінуіне ықпал етеді:
мектепке дейінгі мекемедегі заттық-дамытушы орта:
мектепке дейінгі білім беру — адамның үздіксіз білім алу жүйесіндегі алғашқы баспалдақ. мектепке дейінгі білім берудің сапасы, білім беру қызметтерінің сапасы көптеген шарттармен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде рационалды, мақсатқа бағытталған шарттар заттық дамытушы ортаны мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастыруды міндеттейді.
Мектеп жасына дейінгі балаға дамытушы заттық орта не үшін қажет? Жеке дамуындағы нақты кезеңдердегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін. Жинақталған орта жағдайындағы іс-əрекет балаға белсенділігін, қоршаған ортаны еркін тануға деген қызығушылығын, танымын шығармашыл бейнелеуге деген ынтасын қалыптастырады.
Бұл кеңістіктің көлемі мен ұйымдастырылуы баланың жас ерекшеліктерімен байланысты. Заттық-дамытушы орта тəрбиешіге не үшін қажет? Мектепке дейінгі баланың жеке жəне жалпы дамуын жүзеге асырудағы тəрбиешіге өте сапалы көмекші құрал болып табылады. Дамытушы орта балалардың алуан түрлі жəне мақсатқа бағытталған белсенді əрекеттерінің көптеген мүмкіндіктерін жүзеге асыру мақсатында құрылады. Балалардың əрекеттерін ұйымдастыруда арнайы кеңістік ретінде тəрбиешіге қызмет көрсетеді, тəрбиелеу үдерісіне ықпал етеді [1].
Тəрбиешінің қызметі заттық-дамытушы ортаны жəне оның құралдарын пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі баланың өз бетінше оған табиғатынан тəн қасиеттерін анықтауға жəне дамытуға көмектесу болып есептеледі. Сондықтан мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық белсенділігін өзіндік дамыту жəне білім алуы жүзеге асатын дамытушы ортаны ұйымдастыруға балабақшада ерекше көңіл бөлінеді.
Тəрбиеші арнайы құрастырылған заттық-дамытушы ортада тəрбиелеу жəне білім беру үдерісін ұйымдастырудың түрлі əдіс-тəсілдерді, формаларын пайдалануы қажет. Тəрбиешінің мақсаты: мектепке дейінгі мекемедегі тəрбиеленуші дамуының əрбір кезеңінде жеке шығармашылығын қалыптастыруды жүзеге асыру үшін заттық-дамытушы ортаны көп кезеңді, көп қызметті етіп құрастыру.
Мектепке дейінгі балалардың тұлғасының дамуы негізгі құралдардың бірі — орта. Орта — баланың жаңа білім мен əлеуметтік тəжірибесінің көзі. Мектепке дейінгі ұйымдағы заттық кеңістіктегі орта мектепке дейінгі баланың белсенділігі ғана емес, өздігімен əрекетін, өздігінен білім алуын қамтамасыз етеді. Ересектер баланы өнерге баулығанда жеке тұлғаның эстетикалық жəне өнегелік жағынан дамуына, оның «ізгіленіп, өнерден бірлесіп лəззат алуына жағдайлар жасайды». Жеке тұлғаға бағдарланған үлгінің қағидалары мектепке дейінгі ұйымды дамытушы орта құрудың мына ұстанымдарын қамтиды:

  • аралықтар, өзара əрекеттестік кезіндегі орныққан орындары;

  • белсенділік, дербестік, шығармашылық;

  • тұрақтылық-ұтқырлық;

  • жинақылық пен оңтайлылық;

  • ортаның əсерлілігі, əр бала мен ересектің жеке жайлылығы мен сезім қолайлылығы;

  • ортаны эстетикалық тұрғыдан ұйымдастыруда үйреншікті жəне əдеттен тыс элементтерді үйлестіру;

  • ашықтық-жабықтық;

  • балалардың жыныстық жəне жас ерекшеліктерін ескеру.

Дамытушы ортаны құрудың зерттелген ұстанымдарын айта келе, авторлар мынадай тұжырым жасады: «Балалар мекемелерінде ортаны ұйымдастыру осы аймақпен тарихи байланысты фольклор элементтері бар сəндік-қолданбалы кəсіпшілік мəдениеттің аймаққа тəн ерекшеліктеріне де негізделеді. Бұл, сөз жоқ, балалардың отаншылдығын, өзінің туған жері үшін мақтаныш сезімін,«шағын отан» туралы түсініктері мен оған деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыруға көмектеседі» [2].
Зерттеушілер Р.И.Куличенко, Р.М.Егорова РБА ЦСП-мен бірлесіп, ашық əлеуметтік- педагогикалық жүйе ретіндегі мектепке дейінгі мекеме қызметінің тұжырымдамасын əзірледі. Авторлар мектепке дейінгі мекеменің ашық əлеуметтік-педагогикалық жүйе ретіндегі негізі шағын қоғам жағдайларын барынша ескеріп, мемлекеттік жəне қоғамдық құрылымдармен, отбасымен өзара ықпалдастықты қамтамасыз ету деп есептейді. Шағын қоғамдағы ашық əлеуметтік-педагогикалық жүйе ретіндегі мектепке дейінгі мекеменің қызметі, авторлардың пікірінше, қоғам мен мемлекет тарапынан қорғалу мен көмек алу жөніндегі отбасы мен балалар құқықтарының жүзеге асуына ықпал жасау, əлеуметтік институт ретіндегі отбасының дамуы мен нығаюына, əлеуметтік саулық пен амандық көрсеткіштерінің көтерілуіне жəрдемдесу, қоғаммен жəне мемлекетпен, еңбек ұжымдары жəне қоғамды құйымдармен байланыстарды ізгілендіру, үйлесімді ішкі отбасылық қатынастарды орнату. Авторлар ұсынған тұжырымдама балабақшаның педагогикалық қызметін аудандық қоғам жағдайларына барынша бейімдеп, онда ортаның əлеуметтік институтымен өзара əрекеттестігі негізінде тəрбие əлеуетін құру, дербес негізде үйлестіруші жəне ұйымдастырушы тəрбие орталығын ұйымдастырушы жəне ықшам ауданның барша ортасын педагогикамен қамтамасыз етуге бағытталған. Алайда аталған тұжырымдамада балаға əлеуметтік тəрбие беруде айналадағы ортаның дəстүрлерін игеруге негізделген мəдениеттанушылық көзқарас жетіспейді [3].
О.В.Дыбина-Артамонованың зерттеуінде бұйымдық əлем əлеуметтік болмысты тану көзі ретінде қарастырылады. Автор: «Нақтылы іс-əрекет процесінде бұйымдық əлемнің тұрақты əсерінің арқасында бала ересектердің шығармашылық əрекеттерінің нəтижелері туралы білім беретін жəне қолдан жасалған дүниеге болжамды көзқарасты дамыту үшін түрткі болатын бұйымды ортаға ретроспективті көзқарасты игереді, — деп санайды. О.В.Дыбина-Артамонованың пікірі бойынша, осының бəрі баланың затты қалай жетілдіріп, əдемі, пайдалы етуге болатыны жайында ойлану қабілетін қалыптастыру үшін жағдай жасайды. «Заттар əлемін» осылайша игерудің баланың тұлғалық жағын дамыту, бұйымдық əлемге шығармашыл көзқарасын ояту үшін зор маңызы бар. Баланың ойынды қажетсінуі ойыншықтардың алуан түрлері арқылы, еңбекте жұмыс құралдары арқылы қанағатандырылады.
Адамның табиғи қажеттіліктері оның тұрмыс-тіршілігі үшін керек болатын заттар: ыдыс-аяқ, жиһаз, киім, аяқ киімдер, жеке бастың тазалығына қажетті заттар жəне т.б. арқылы қанағаттандырылуы мүмкін. Музыкалық аспаптар, суреттер, кітаптар, қолданбалы халық өнерінің туындылары — бұның бəрі баланың да, ересектердің де рухани жəне зияттық қажеттерін қанағаттандыруға көмектеседі. Сөйтіп, ғалым заттық əлем ақпараттық, сезімдік жəне реттеушілік қызмет атқарады да, балалардың бойында бұйымдар ересектердің шығармашылық əрекеттерінің жемісі деген ұғымды, «адам-бұйым» байланысы туралы түсінікті жəне əлеуметтік танымын қалыптастырады [4].
Əлеуметтендіру мəселесін көтерген О.Нұсқабаевтың ойынша, іс-əрекет өскелең ұрпақты əлеуметтендірудің негізгі саласы болып табылады. Өйткені кез келген адам, ең алдымен, еңбек үстінде өзінің өмір сүру ортасынында, өзін де өзгертеді деп көрсетеді. Бұдан заттық-дамытушы ортамен іс-əрекеті тұлғаны əлеуметтендірудің негізгі шарты жəне қоғамның маңызды қызметі деп түсінуге болады. Мектепке дейінгі баланың əлеуметтенуі — тұлғаның қажетті өмір тəжірибесін жинақтап, қоғамдағы тəртіп нормалары мен ережелерін игеруі. Сондықтан баланы қоршаған орта құндылықтарға негізделген, мəдени бағытта құрылуы шарт.
Н.Крылова күрделі субмəдени кеңістікке қосылу баланың бойында өнерде, дінде, əлеуметтік қозғалыстарда, білім алуда мəдени сұхбатына демократиялық бағдарлардың қалыптасуына көмектеседі. Күрделі субмəдени кеңістікке ену балаға қарым-қатынастың демократиялық ұстанымдарын — ойлау икемдігі, кең көлемде мəдени білімдер мен қызығушылықтарды қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының Білім, мəдениет жəне денсаулық министрлігінің 1998 жылғы 5 ақпандағы № 54 «Балалардың мектепалды даярлығының тұжырымдамасы мен бағдарламаларының жобаларын əзірлеу жəне апробациялау туралы» бұйрығына сəйкес «Мектепалды даярлық бағдарламасы» (5–6 жастағы балаларға арналған) (1998), «Балабақшада 5–7 жастағы балаларды мектепалды даярлау бағдарламалары» (1999) жарық көрді. 1999 жылғы 22 қарашадағы № 1762 бұйрыққа орай «Балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлау мəселелері туралы» (1999) Қаулысы жарияланып, соған сəйкес оның Ережесі мен Тұжырымдамасы ұсынылып, «Отбасында жəне балабақшада баланы мектепке даярлау бағдарламасы» (2000) жасалды. Бағдарламалардың мақсаты — қазіргі өтпелі кезеңдегі, еліміз экономикалық қиыншылықтарды бастан кешіріп отырғанда, жас ұрпақты оқу-тəрбиелеу ісіне басты назар аударып, балаларды мектепалды даярлау.
«Кемпірқосақ» бағдарламасының мақсаты — əр баланың мектеп жасына дейінгі шақты көңілді əрі мазмұнды өткізуін қамтамасыз ету. Тəрбиенің əлеуметтік жағына «Бала əлемді тануда», «Бейнелеу іс-əрекеті», «Музыкалық қабілеттерді дамыту» деп аталған тарауларда көбірек көңіл бөлгенін атап өткен жөн. Бағдарламада өнердің əрқилы түрлеріне бағдарланудағы қайшылықтардың, жалпы көркем жəне əлеуметтік-мəдени тəрбиеге таяз көзқарастың орын алғанын бөліп көрсетуге болады. Дегенмен, қай бағдарлама болса да, баланы əлеуметтендіруде заттық-дамытушы ортаны құрудың педагогикалық талаптарға сəйкестігі болашақтың зерттеу проблемасы деп есептейміз.
Мақсатты ұйымдастырылған заттық-дамытушы орта баланың үйлесімді дамуы мен тəрбиеленуінде үлкен рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған заттық-дамытушы орта балаларда қуаныш сезімін балабақшаға деген жағымды эмоциялық қарым-қатынасты, оған келуге деген тілекті шақырады, жаңа əсерлер жəне білімдермен байытады, белсенді шығармашылық əрекетті тудырады, мектепке дейінгі балалардың зияткерлік жəне əлеуметтік дамуына мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі баланың жеке басын жəне танымдық процеcтерін дамыту, қарым-қатынас дағдыларын жəне тұтастай алғанда айналадағы əлеммен əлеуметтік өзара іс-қимылын қалыптастыру баланың даму ортасын ұйымдастырумен тығыз байланысты. Заттық-дамытушы орта — бұл бала қызметінің материалдық объектілерінің жүйесі, оның рухани жəне физикалық дамуының функционалдық үлгідегі мазмұны. Заттық ортаның негізгі элеметтері — сəулетті-ландшафтық жəне табиғи-экологиялық объектілер; ойын жəне спорт алаңдары, олардың жабдықтары; баланың өсу барысына байланысты ірі ауқымдағы конструкторлармен (модульдермен), ойыншықтардың тақырыптық жинақтамаларымен, ойын материалдарымен, ойын жабдықтарымен жарақтандырылған ойын кеңістіктері; тəрбие мен оқытудың аудиовизуалдық жəне ақпараттық құралдары болып табылады [5].
Заттық-дамытушы орта мынадай психологиялық-педагогикалық өлшемдерге жауап беруге тиісті:

  • баланың психикалық даму деңгейіне сəйкестігі;

  • жүйелілігі;

  • көп функциялылығы;

  • баланың шамасына сай болуы;

  • трансформациялануы;

  • мазмұны бойынша жəне функционалдық міндеттері бойынша вариативтілігі.

Заттық ортаға қойылатын бастапқы талап — оның дамытушылық сипаты. Ол балабақша бөлмелерін, сондай-ақ учаскені заттық кеңістікте ұйымдастыру арқылы баланың мүдделері мен қажеттіліктеріне, ал олардың элементтері (құрал-жабдықтар, ойыншықтар, дидактикалық материал т.б.) баланың дамуына қызмет етуге тиіс.
Баланың ортасын дұрыс ұйымдастыру тəрбиелеу мен оқыту үдерісін даралауға мүмкіншілік береді.
Заттық-дамытушы орта келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • жаңа құралдар мен өзгерістер енгізуге ашық жəне икемді болуы;

  • тартымды, ақпаратқа бай, қызметі алуан түрлі;

  • құралдар кіріктірілген сабақтың мазмұнына сəйкес жəне жан-жақты;

  • ересектер мен балалардың бірігіп əрекеттесуіне лайықты ұйымдастырылуы қажет.

Баланы жан-жақты тəрбиелеу, оның дүниетанымын жетілдіру, заттық орта туралы түсінік ой- өрісін дамытып, еңбекке баулу балабақшалардағы барлық топтарға бірдей ортақ міндеттер. Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін кеңейтудің негізгі айналадағы ортамен табиғат құбылыстарын бақылату. Заттық орта жұмысында айналадағы қоғамдық өмір шындығын, табиғат тамшыларын бақылатып, баланың таным, сезім қабілетін жетілдіру басты роль атқарады. Балалармен арнайы өтілетін осы жұмыс барысында тəрбиеші əр заттың аты, сапасы, қажеттігі жайында түсіндіреді. Баланы заттың атын сөзбен айтуға үйретеді. Айналадағы қоғамдық өмір өлі, тірі табиғат құбылысын бақылатқанда да əр объектіні сөзбен атап, түсіндіріп, баланы заттық ортаға сөзбен қызықтырып, қабілетін дамыту көзделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет