Биогендік элементтер



бет2/6
Дата17.11.2022
өлшемі131 Kb.
#50932
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
КремнийМикроэлемент. Тіршіліктің дамуы мен өсуіне керектілердің бірі. Оның ең көп мөлшері теріде, сіңірде, көздің ұлпаларында кездеседі.
Медицинада (ЗМgО • 4SіО2 • Н2О) тальк қолданылады – сепкіш (присыпка).
Қорғасын. Қорғасынның биологиялық маңызы анықталмаған. Қорғасын қосылыстары улы болып келеді. Түрлі қорғасын өндірісінде істейтін жұмысшыларда улану (сатурнизм) болады. Сатурнизм ауруымен шалдыққанда (бастың сынып ауруы, ұйқысыздық талма, жүйке жүйелері) осы белгілер және бүйрек (альбуминурия), асқазан-ішек функциялары бұзылады.
Медицинада қорғасын қосылыстары антисептикалық зат ретінде қолданылады. РbО қорғасын жабыстырғышының құрамында болады, оны тері ауруы сыздауық шыққанда қолданылады. Рентген кабинетінде жұмыс істейтін медбикелердің киімдеріне қорғасын қосылыстары қосылады, себебі қорғасын рентген γ-сәулелерін жұтатын қабілеті бар.
3.3. VА тобының р-элементтері
Азот. Азот негізгі биогенді элементтердің бірі. Тірі ағзада оның мөлшері 3%-тей болады. Азот аминқышқылдарының, ақсылдардың, нуклеотидтердің, нуклеин қышқылдарының, биогенді аминдердің т.б. құрамында болады.
Біз азотты атмосферада өмір сүрудеміз (ауаның 78% азоттан тұрады), қалған бөліктері оттегі және өте аз бөлігі басқа химиялық элементтерден тұрады. Жер бетінде азотсыз тіршілік болмас еді. Азот және өмір - бөлінбейтін түсінік.
Зат айналымына молекулалы азот қатыспайды. Адам органикалық қосылыстардағы азотты қолданады.
Сонымен қатар азоттың нитраты ағза үшін өте зиянды.
Медицинада қолданылуы:

  1. Азот тотығы (I) немесе "шаттандырғыш газ" – N20 – оттегімен қоспасы наркотикалық зат ретінде қолданылады.

  2. 4ОН – аммиактың сулы ерітіндісі (аммоний гидроксиді,

нашатыр спирті). Адам талып қалған жағдайда мақта немесе дәкеге сеуіп абайлап адам мұрнына иіскетеді.
Фосфор. Негізгі биологиялық бес элементтің бірі.
Сүйек ұлпасында фосфордың мөлшері 600 г., ол адам ағзасындағы барлық фосфордың 85% құрайды. Биологияда фосфаттар негізгі екі роль атқарады: біріншіден, көптеген биологиялық компоненттердің құрамдық элементтері ретінде қызмет атқарады; мысалы, сүйек және тісте кальций фосфатының (Са5(РО4)зОН – гидроксиапатит, Са5(РО4)з Ғ-фторапатит) жинақталуы. Адамның сүйегінде 5% ал, тіс эмальдарында 17% фосфор болады. Екіншіден, ең қызықтысы, ортофосфат иондарының туындылары энергия тасымалдаушы қызметін атқарады.
Медицинада аденозинүшфосфор қышқылы (АТФ) қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет