Бірінші кітап (роман – диалогия)



Pdf көрінісі
бет28/69
Дата28.03.2022
өлшемі2,11 Mb.
#28989
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   69
ӨСКЕНБАЙ

Дүниенің  жаратылысында  жазық  жоқ,  мүкісі  жоқ.  Дүниені

бүлдіретін  −  өзіміз.  Ең  ақылды  жаратылған  жан  −  ол  адам.  Ақылды

азапқа айналдырған да − адам. Жаратылыста жазық жоқ.

Ол рас, күн бұзылады, күн түнереді.

Артынан ашылады ғой.

Біздің Мыңбұлақта сондай.

Мыңбұлақтың  үстін  сіресіп  бұлт  басып  тұрады  да,  анда-санда

арасынан жылт етіп күн көрінеді.

Күннің құдіретін сонда түсінесің.

Түсі  суық  сұр  бұлт  қаптаған  күз  еді.  Мен  жылқыны  еңіске  айдап,

арпаның аңызына жайып, өзім бурыл тайдың үстіне шоқиып, ылдидан,

станса  жақтан  келетін  сүрлеу  жолдың  бойына,  мына  сұрқай  дүниеге

сүлесоқ  қарап  отырмын.  Төменде,  Теріс  өзенінің  бер  жағында,  темір

жолмен  пойыздар  арлы-берлі  етіп  жатыр.  Паровоздың  боздаған  үні

талып  естіледі.  Батысқа  қарай  кеткені  көбірек  боздайтын  сияқты.

Кейін-кейін  шамаласам,  батысқа  қарай  сол  пойыздармен  кілең

боздақтар соғысқа аттанып бара жатады екен ғой.

Батысқа қарай жүйткігендердің түтіні будақ-будақ атқылайды. Сірə,

жүгі  ауыр  болар.  Əй,  ауыр-ау.  «Бəрі  де  −  майданға!»  деген  ұран

шыққан  шақ.  Тіпті  жазда  Борандының  элеваторына  есекпен  бидай

тасығанымызда,  Тасбет  бригадир  кілең  жас  балалардың  алдындағы

Мамыт атамның қолына жалпақ тақтайда:

«Бəрі де − майданға!» деген жазуы бар таяқ ұстатып қойған.




Сонда Мамыт атам менен:

− Мынауың не деген жазу? − деп сұраған.

− «Бəрі де − майданға!» деген жазу, ата.

−  Осы  мені  неге  алмайды  сол  майданға?!  −  деп,  Мамыт  атам

астындағы көк есекті қамшымен тартып-тартып жібергені есімде.

Сол соғысқа адал қызмет еткеннен басқа есектің жазығы не?

Иə,  сонымен,  əлгі  пойыздарға  қарап,  құлазып  отырғанымда,

ылдидан  қос  ат  жеккен  арба  көрінді.  Борандыдан  келе  жатыр.

Байқаймын,  жүрісі  тым  жылдам.  Арбакештер  өрге  қарай  бұлай

жылдам жүрмеуші еді. Мынаның қарқыны қатты. «Бұл кім екен?» деп

ынтыға түсемін.

Алыстан-ақ  танып  қойдым.  Шұбар  Тілеміс!  Кəдімгі  май  тасығыш

Тілеміс атам ғой, жарықтық.

Апыр-ай, заман-ай. Енді қазір ойласам, қызық. Сол соғыстың қақап

тұрған  шағында  жермай  (керосин),  қарамай  бар  еді.  Əйтеуір,  бар

болатын. Оны Борандыдан қос ат жеккен арбамен бөшкелетіп Тілеміс

атам таситын.

Енді мына 1994 жылы, мен осы əңгімені жазып отырған кезде, сол

Мыңбұлақта, сол Борандыда қолдарына шелек, кəністір ұстап, бензин

сұрап, қайыршы болып кеткен халық

Ау, бірді айтып, бірге кетіппін.

Əлгі  арба  жақындай  түсті.  Байқаймын,  Тілеміс  атам  жалғыз  емес.

Жанында  боз  киімді  біреу  бар  сияқты.  Май  арбаның  алдына  екі-ақ

адам сияды, Жермайлы бөшкенің үстіне отыра алмайсың ғой.

Енесінен айырылып, мүлгіп, мұңайып тұрған бурыл тайды тебініп

қалып, арбаға қарай жүрдім. «Енесінен айырылып» дегенімнің себебі

бар.  Осы  жақында  ғана  ауданнан  военком  келді.  Қасында  екі  əскері

бар.



Жылқы  Бердімбет  сайдың  аяғында  жатқан.  Бурыл  тайды

шылбырынан  ұстап,  сайдың  қабағында  мен  де  жатқам.  Кенет  бір  топ

атты  сау  ете  қалды.  Қорқып  қалдым.  Атып  тұрып,  тайыма  қарғып

міндім. Ай-шай жоқ, əлгі əскерлер жылқыға жаудай тиді.

− Əй - əй Күдə? Күдə? − деп айқайлаймын.

Мені адам ғұрлы көрмейді.

Военкомды  танимын.  Қыста  менің  ағаларым:  Махан,  Сейсенбай,

Рəсілхан, Бейсенбек, Тұрар, Күзембай, Кəметтерді шанаға салып алып

кеткен осы болатын.

Военком  өзбек  шатыс  көркем  жігіт.  Менің  айқайлап,

ойбайлағаныма  қарқ-қарқ  күледі,  мəз  болады.  Мен  қайғырсам,  ол

шаттанады. Мұнысы несі − түк түсінбеймін.

Жылқыны айдап əкетеді екен деп зəрем ұшты. Қолымда солқылдақ

сəмбі шыбықтан басқа қаруым да жоқ. Қалай соғысамын? Бар қаруым

− айқайым. Ойбайды салып шырылдап жүрмін.

Бір  кезде  военком  күлгенін  қойып,  астындағы  асау  торыны

омыраулатып мені қуып жетті.

− Жылама, ақымақ бала!

− Тиме! Тиме жылқыға! Нілзə! Нілзə! − Бар орысшам сол.

− Ей, біз сенің жылқыңа тимейміз, − деді военком түсін жылытып.

Тимесеңіз,  аналар  неге  қуып  жүр?  Бұл  −  колхоздікі!  Түсінесіз  бе,

колхоздікі. Бастық мені өлтіреді!

− Өлтірмейді. Бастықтың рұқсаты бар. Бір-ақ жылқы аламыз. Анау

− қашаған қара бие.

Қолын  шошайтып  көрсетті.  Рас.  екен,  əскер  қара  биенің  соңында

жүр. Қара бие ұстатар ма еді? Беткейге шығып, зымырап ала жөнелді.

Жүйткігенде  жануар  құлағын  жымитып,  құйрығын  шаншып  алады.



Өзі  де  есік  пен  төрдей  келісті  еді.  Екі  əскер  қуып  барады.  Бірақ  қара

бие шаңына да ілестірмеді.

Басқа  жылқы  үрпиісіп-үрпиісіп,  құлақтарын  қайшылап  қойып,

бəледен құтылғанына шүкір дегендей осқырынып, пысқырынып алып,

қайтадан тынышталып, ажырыққа бас қойды.

−  Сен  бала,  саспа,  −  деді  военком.  −  Ол  қара  бие  −  əскердікі.

Қашып кеткен, «дезертир». Ол колхоздікі емес. Бірақ сен молодец! Сақ

екенсің. Əскерге сендей жігіттер керек. Жасың қаншада?

− Он...

− Өтірік айтпа!

− Рас.

− Үлкен сияқтысың.



Содан соң военком ойланып қалды. Бір түрлі мұңайғандай болды.

Тіпті көзі жасаурағандай да көрінді. Бəлкім, өзінің көзі сондай шығар.

− Ай, заман-ай, − деді. − Жыламай тамақ ішпейтін балаға дейін тез

есейіп кетті, − деді өзіне-өзі.

− Оқу қайда? Оқисың, ба өзің?

− Оқимын.

− Қай класта?

− Биыл төртінші.

− Онда неғып мектепке бармадың?

− Бастық мұғалімнен сұрап алды.

− Тфу! − деді военком. Орысшалап тағы да бірдеңе айтты. Одан соң

бас-аяғымды тағы шолып тұрып:




− Неге жалаңаяқсың? Күн суық қой, − деді.

Жалаңаяқ  екенім  енді  есіме  түсіп,  бəшпайларымды  бурыл  тайдың

қолтығына  жасырмақ  боп,  қыса  түстім.  Бурыл  тайдың  жүні  жып-

жылы.


− Бəтеңкем бар. Үйде.

− Неге кимейсің?

− Əлден кисем тозып қалады. Қар түскенде киемін.

− Əкең бар ма?

− Жоқ.

− Шешең қайда?



− Жұмыста.

Енді  военком  галифе  шалбарының  қалтасынан  аппақ  орамалын

суырып  алды.  Жөтеліп,  пысқырынып,  көзін,  бет-аузын  қайта-қайта

сүртті.


Осы  кезде  қасымызға  көк  айғыр  мінген  Жуанқұл  бастықтың  өзі

келді. Военкомға жалпаңдап:

− Ана арам ұстатпай жүр ме? − деді.

−  Ұстатпайды,  −  деді  военком  алыста  ары-бері  ойқастап

шапқандарға қарап.

− Енді қайттік?

−  Ауылдың  əлді  жігіттері  болса...  −  военком  кілт  тоқтады.

Ауылдың əлді жігіттерін өзі сыпырып алып кеткені есіне түскендей.

Бастық маған шүйілді:



− Əй, шешеңді... нағып шəниіп тұрсың? Бар, ұстаспайсың ба?

−  Өй,  екі  əскер  жүйрік  аттарымен  жете  алмағанда,  жаман  таймен

мен қалай жетем?!

− Тілін қарашы, тілің кесілгір!

Военком біздің бастыққа зілдене көз тастады.

− Жуеке, бұл бала молодец! Дұрыс айтады, ілмиген таймен қайтіп

жетеді. Одан да астыңыздағы айғырды беріңіз. Көмектессін.

Бастық  абыржып  қалды.  Военкомға  рабайсыз  ыржиып,  сарғайған

сирек тістері ырсиып күлген болды.

−  Бұл  айғырдың  басы  қатты.  Бала  немені  тастап  кетіп  жүрсе,

жазым болады той.

− Өй, аттан жығылып не бопты?! Былтыр қырғызға барып, бəйгеде

жүлде алғаным қайда? − деппін қарап тұрмай қағынып.

− Өзі жылқышы болса, ұдайы ат үстінде жүрсе, неге жығылады, –

деп военком нығарлай түсті. – Болмаса, өзіңіз көмектесіңіз ана екеуіне.

Бастық қара биені қуалап, далаңдап шапқысы келмеді ме, əлде мені

құласа құласын деді ме, əйтеуір, төңкеріліп аттан түсті.

− Мə, шешеңді.

−  Өй,  боқтама!  –  деймін,  көк  айғырдың  үзеңгісіне  аяғым  жетпей

тарбаңдап жатып.

−  Өзің  оттама!  –  деп,  бастық  мені  атқа  қолтығымнан  көтеріп

мінгізді.

− Үзеңгінің таралғысын қысқартып беріңізші.

− Қап, мына контраның кесірін-ай!




− «Контра» дегені несі? − деді военком.

− Е, «халық жауының» баласы дегенім ғой.

Военком сазарып қалды.

Бауын  қысқартып,  жалаңаяқ  қара  табанды  үзеңгіге  шірене  тіреп

алған  соң,  қайыс  тізгінді  келте  ұстап,  бастықтың  қамшысына  қол

создым.


Бергісі келмей, ықылассыз ұсынды.

Қайран, Көк айғыр, Тарлан ғой. Қазанат қой. Үстіне бір мінсем деп

армандаушы  едім.  Көк  айғырға  Жуанқұлдан  басқа  ешкімнің  тақымы

тиіп  көрген  емес.  Өтірік  айтыппын-ау,  тек  былтыр  қыста  Бауыржан

көкем  елге  келгенде  сол  мінген.  Ай,  сонда  Көк  айғырдың  ордан

қарғығаны-ай!

Екі əскер, орыс па, немене, аттың үстінде қопаң-қопаң етіп, ерден

құйрықтарын  көтеріп-көтеріп  қойып  шабады  екен.  Аттары  да,  өздері

де  болдырып,  салпаңдап  қалыпты.  Қара  бие  оларды  қылжақ

қылғандай,  бұлаң  қағып,  назданып,  мойнын  бұлғаңдатып,  басын

шұлғып қойып, бұлталаққа салып жүр.

Мені көріп, оқыс тоқтап, одырайып сəл тұрды да, тіке тауға қарай

тартты.  Қырғызды  кесіп,  Алатаудан  асып,  қарамды  батырайын  деген

шығар. Əбден əккі. «Бəле көрген». Бірақ оның сырын мен біраз біліп

қалғанмын. Қорлығы да көп өткен. Соған бола қолға түсіп, колхоздың

қамбасына бір түн қамалып та шыққанмын.

Əскерде  бұйрыққа  үйренген  бе,  кім  білсін,  əйтеуір,  бұйрық

дауыстан сескенеді. Əскерде, тек бұйрық қой.

Көк айғыр да оған ерегісіп, көсіле түсті. Мен:

− Қайт! Қайт! − деп бар даусыммен саңқылдап келемін.

Айттым ғой, қара биеге ақырмасаң, болмайды. Ал ана əскерлер оны

білмейді.




Көзімнен  жас  парлады.  Көк  айғырдың  құлағының  түбі  тершіді.

Шабысы  үдеді,  ауа  тымық  болса  да,  құлағымнан  жел  уілдеді.  Қуып

жете  бере,  қара  биені  дойыр  қамшымен  тартып-тартып  жібергенде,

кіржіңдеп,  артқы  аяғымен  теппекші  де  болды.  Бірақ  омыраулы  Көк

Айғырдың мысы басты ма, əлде менің айқайым əсер етті ме, қара бие

бұралаңдап  барып,  кері  бұрылды.  Аруақтар  жар  болған  шығар,  əлгі

жануар  кəдімгідей  жуасып,  алдыма  түсіп  алып,  жылқыға  қарай

жылыстады.

Жылқы  жануар  ақылды  ғой:  құтылмасын  білген  шығар.  Адамның

құрығы ұзын, əсіресе заманның құрығы ұзын, заманды ол түсінбес, ал

адамнан құтылмасын білгендей бұлтақсыз жүріп отырды.

Екі əскер алыста салпаңдап келе жатқанда, мен қара биені жылқыға

қайта  əкеліп  қостым.  Қосып  қана  қоймау  керек,  енді  ұстау  керек.

Ұстауға менің шамам келмейді.

Жуанқұл бастық:

− Бəрін қораға айда! Қораға, − деп айқайлады.

Сөйтіп,  далада  жүрген  жылқыны  ауылдағы  атқораға  апарып

қамадық.


Қара  биенің  мойнына  арқан  оралды.  Əлгі  екі  əскер  қара  биені

тұрғызып  қойып,  бойын,  тұрқын,  шоқтығын  метрлеп  өлшеді.  Қызық:

бұрынғы  əскердің  малы  ғой.  Қаратауда  қашып  кеткен.  Содан  бері

өзгеріп қалды дей ме екен. Несіне өлшейді?

Сонымен, қара биені бір əскер жетектеп, бір əскер артынан айдап,

военком бастап, Боранды жаққа кете барды.

Военком кетерінде мені мақтады. Тағы да:

−  Молодец!  −  деді.  −  Əттең,  əлі  баласың,  əйтпесе  жақсы  солдат

болар едің, − деді. Бастық:

− Е, бұл соғысқа бүгін жіберсең де бара береді, − деді.




− Мұнда сізге де жұмыс істейтін адам керек, − деді военком. − Бот,

өзіңді жіберсе болады.

Бастық қорқып, селк етті.

−  Мен  соғысқа  жарамаймын  ғой,  −  деп  мүлəйім  бола  қалды.  −

Кемтармын ғой. Бір көзім...

Жуанқұлдың сол көзінің ақшелі бар еді. Ақшиып тұратын.

−  Как  раз,  –  деді  военком.  −  Мылтық  атқанда  бір  көзін  қысып

атады. Білесің ғой.

− Қой, шырағым, қалжыңың шығар, − деді Жуанқұл, шыннан қорқа

бастады.


Военком қарқылдап күлді.

Қара  бие  жолдан  былай  бір,  былай  бір  шығып,  ойқастап,

мойнындағы  жуан  арқанды  жұлқылап  көрді.  Алдындағы  əскер

арқанды  тартып  барады.  Артындағы  əскер  қамшымен  сауырдан

сабалап барады. Менің шыбығымды шыбын шаққан ғұрлы көрмейтін.

Қара бие солдаттың дырау қамшысы тиген сайын қайқаңдайды.

Менің астымдағы бурыл тай құлағын тікшитіп, енесі кеткен жаққа

тесіле  қарап  біраз  тұрды  да,  қарнын  қампита  бір  күрсініп,  мойнын

төмен салып, ажырыққа бас қойды.

Шешесінен  айырылғанын  біле  ме  екен?  Білсе,  неге  жұлқынып,

артынан шаппайды? Неге кісінеп жыламайды? Бір күрсінді де тынды.

А,  бəлкім,  осынікі  дұрыс  та  шығар.  Жақын  адамдар  бір-бірінен

айырылса  −  күйік.  Қайғыдан,  қасіреттен  құса  болып,  өзегіне  өрт

түседі.  Одан  не  пайда?  «Жазмыштан  озмыш  жоқ»  екенін  біле  тұра,

адамдар қайғыдан бүгіліп қалады. Одан не түседі?

Қара  биенің  шыңғырған  даусы  талып  естілді.  Сол  кезде  барып,

«əттеген-ай»  дедім.  Əлгі  қопаңдаған  екі  солдатқа  ұстатпай  кеткенде,

мен  қуып  жүріп,  қайырып  келіп  нем  бар  еді.  Жайшылықта  «жауым»




болса  да,  дəл  қазір  қара  биені  аяп  кеттім.  Военкомның  айтқанына

қарағанда,  қара  биені  соғысқа  əкетеді.  Атты  əскер  үшін  емес.  Атты

əскер  бұл  соғысқа  жарамай  қалыпты.  Оққа,  снарядқа  тез  ұшатын

көрінеді. Енді жылқы баласын зеңбірекке жегетін көрінеді.

−  Соғыс  бітсе,  қара  бие  ауылға  қайта  ма?  −  деп  сұрадым

военкомнан.

− Əуелі адамдар қайтып алсын да, − деді ол шырт түкіріп. − Қара

бие солардың садақасы боп, құрбандыққа жараса да жетіп жатыр.

Онда біздің «Мыңбұлақ» құрбандықты мол берді. Азаматтар аман-

сау түгел қайтып келсе екен.

*·*·*

...Иə,  сонымен,  енесінен  айырылған  бурыл  тайды  тебініп  қалып,



арбаға қарай жүрдім.

Таныдым! Тілеміс атаның жанында отырған Өскенбай көкем екен.

Бурыл тайдан аунап түсіп, тұра ұмтылғанда, мен күткендей, Өскенбай

арбадан қарғып түсе қоймады. Ақсия күліп: «Айналайын, айналайын,

Барсхансың  ба?»  −  деп,  арбаның  үстінен  еңкейіп,  қолын  созып,

бетімнен сүйді.

Сөйтсем, арбадан қарғып түсе алмайды екен. Жанында екі балдақ

жатыр.  Қамқа  кемпірдің  балдағы  сияқты.  Тек,  мыналардың  ұшында

резеңке «калошы» бар екен.

Тілеміс ата:

− Əй, қызталақ, шап ауылға! Сүйінші сұра! − деді.

Бурыл  тайға  қарғып  мініп,  ауылға,  Дошанай  атамның  үйіне  қарай

ағыза жөнелдім.

Пəшира  апам  ауыз  үйде  əупілдекше  кекіріп  қойып,  бір  самауыр

шайды бір өзі ішіп отыр екен. Жарықтық, «жүрегімнің басы топтанып

тұр»  деп  ылғи  шай  ішіп  отырушы  еді.  Қайта-қайта  «əуп,  əуп»  деп




кекіре  беретін.  Сөйтсе,  оның  жүрекке  түк  қатысы  жоқ,  асқазаны

ауырады екен ғой. Дошанай атам молда болса да, оның емін таппаған.

− Пəшира aпa! Сүйінші! Сүйінші!

Биік табалдырықтан аттай беремін деп, мен құлап қалдым.

Жанында  жатқан  кебісіне  шалынып,  Пəшира  апам  құлап  қалды.

Абырой болғанда, самауыр құлаған жоқ.

Сөйткенше болған жоқ, Тілеміс атамның май арбасы да жетті. Жан-

жақтан, лезде кəрі-жасы бар, едəуір қауым жиналып қалды.

− Жалғызым-ау! Өскенбай-оу! Аман-есен жеттің бе! − деп, Пəшира

аңырап барып, арбадан əлі түспей отырған баласын бас салды.

− О неші? Балашы аман-есен келгенде, өштіп аңый-ай ма екен? Тек

−  деп,  Сақау  шешем  Пəшираны  итеріп  тастап,  Өскенбайға  қарай  өзі

ұмтылды.

Сақау  шешемнің  Айымқыз  деген  əдемі  аты  бар  екенін  бұл  кезде

өзінен  басқа  ешкім  де  білмейді.  Жарықтық  келбеті  келісті-ақ,

аққұбашаның  сұлуы  еді.  Қартайса  да  сыны  кетпеген  қасиетті  кісі.

Бірақ  Құдай  қылса  −  не  амал,  тілі  сақау.  Содан  жұрттың  бəрі  оны

Сақау кемпір дейді. Оған ол намыстанбайды.

Ал оның баласы Есен...

Бұл басқа əңгіме.

Бəрі  амандасып  болған  соң,  енді  жұрт  аңтарылып,  Өскенбайдың

түсуін күтті. Неге түспей отыр? − деп, таң қалысты.

Сонда Тілеміс:

−  Жаралы  ғой,  жаралы,  −  деді.  –  Сүйеп  жіберейік,  −  деді,  өзі

арбаны артынан айналып келіп, əуелі екі балдақты тік тұрғызып, оны

Өскенбайдың  қос  қолтығына  қыстырды.  Сөйтіп,  өзі  икемдеп,

сүйемелдеп  жіберді.  Сұр  шинельдің  арқасына  бөшкенің  қара  майы



жұғып  қалыпты.  Жаралы  əскер  қанша  білдірмейін  десе  де,  жанына

қатты батты білем, көзін шарт жұмып, «м - м - м» дегендей болды.

Мұны көріп, Пəшира апам қайтадан дауысқа бассын:

− Бозбала біткеннің бозымы едің ғой, құлын - е - е - ем! Не болған?

Не күйге түсірген сені қараң қалғырлар!

− Тек! − деді Сақау кемпір шаңқ етіп. − Тійі келгеніне қуанбайшың

ба, шорлы ғай!

Қос  балдаққа  сүйеніп,  жерге  түскенде  түсінікті  болды:  белі

бүкшиіп қалған екен. Аяғында солдат бəтеңке. Бізге қызық көрінгені:

сирағын  қарасұр  қатпа  матамен  қаттап  тұрып  орап  тастапты.  Сөйтсе,

оны  «обмотка»  дейді  екен.  Етіктің  қонышы  орнына  жүреді  екен.

Өкімет миллион-миллион əскердің бас-басына қайдан етік тауып бере

берсін.

Басындағы  жəпірейген  сарғылт  телпекті  «пилотка»  дейді  екен.

Маңдайында қызыл жұлдызы бар.

Маған  бəрінен  де  жалпақ  қайыс  белдігі  ұнады.  Кейін  сол  белдікті

Өскенбай маған сыйлағанда, төбем көкке жетіп, ұшпаққа бір жеткенім-

ай!  Əкем  Мұртаза  Сібірден  тіріліп  келгендей  қуандым-ay!  Адам

бейшараны қуанту үшін көп нəрсе де керек емес екен ғой. Көңіл жетсе,

бəрі жетеді екен ғой.

− Сүйіншіңе, − деді Өскенбай жарқылдап күліп.

Пəшира апамның маған сүйіншіге беретін несі бар? Өскенбай оны

сезген болса керек.

Дошанай  атам  болса,  екі  калошын  қоңылтаяқ  киіп,  көрші  Өреке

ауылында  көкжөтел  қысқан  бір  баланы  емдеуге  кеткен  екен.  Пəшира

апам маған:

−  Айналайын,  Барсхан,  Өрекеге  барып,  атаңды  алып  келе  ғой,  −

деді.  −  Абайла,  байғұс  қуанғаннан  кəрі  жүрегі  жарылып  кетіп




жүрмесін.

Кешке жұмыстан қайтқан қатын-қалаш, бала-шаға − бəрі Дошанай

атамның  үйіне  жиналды.  Ауыл  аш  отырса  да,  кəдімгідей  той  болды.

Ай,  шіркін,  сондағы  ауылдың  бауырмалдығы-ай.  Əркім  үйінен  барын

алып  келді:  біреу  құртын,  біреу  талқанын,  біреу  сүтін...  Біледі  ғой,

Дошанай бозқасқа сойып тастамайтынын. Сояр еді − жоқ қой.

Тойханаға біздің Айша да келді. Бұл үй Айшаны Жиенқыз дейтін.

Сөйтсем, Дошанайдың əпкесін Есей бай алған екен. Бірақ Айша одан

тумаған,  Есейдің  екінші  əйелі  (жаның  жаннатта  болғыр)  Құлыханнан

туған. Айша сонда да «Жиенқыз».

Айша  Өскенбаймен  өзгеше  амандасты.  Басқа  қатындар  сияқты:

«Ой,  айналайын,  қол-аяғың  ама  -сау  келдің  бе?»  −  деп  жалпаңдамай,

аузынан сөзі, қойнынан бөзі түспей, аспай-саспай, əндетіп сəлем берді.

Құданың  құдіреті,  қол-аяғы  сау  солдатты  өкімет  ауылына  қайтарушы

ма  еді.  Қып-қызыл  майдан  кезінде.  Айша  осыны  ескертті.  Менің

есімде қалғаны бір-ақ шумағы:

− Өскенбай, қайным əрі нағашым-ай,

Жігіттің жаннат ішік жағасындай.

Қияметтің қырғынынан тірі келді,

Батыр болып Бауыржан ағасындай,

Тағы біраз айтты. Жарақатың жазылар, жаныңның қалғаны олжа, −

деді.


Басқалары:  «Қайран  Айша,  көптен  бері  əн  салмай,  үні  естілмей

кетіп еді, жатыр екен ғой, бар екен ғой өнері», − десіп, қауқылдасып,

күлісіп, мəз-мейрам болды.

Сөйтсем, біздің Айша əрі ақын, əрі əнші екен. Ес білгелі естігенім

осы.  Заманның  түзуірек  кезінде,  Мұртаза  барда,  жиын-тойда,  боза

жорада айтысқа түскен екен.




Мен ес білгелі, Айша алты батпан ауыртпалық астында қалып, əн-

думан əдіра кеткен екен.

Үйге  кеш  оралдық.  Түңгі  аспан  ашық,  жұлдыздар  самсап,  Ай

толықсып тұрды.

Мыңбұлақтан бүгін бұлт арылды.

ЕСЕН

Көктемде  Айша  Дошанай  атаммен  бірге  Əулиеата  жақтағы

төркініне  барып,  туған  анасы  Құлыханға  бата  оқуға  кеткенін  жазып

едім ғой. Оразгүл апам бізбен бірге болған шақ.

Со жолы Айша бір қара құнажын жетектеп келді. Төркіндері емес,

бергі  Бектөбедегі  алшын  нағашылары  беріпті.  Сəли,  Қали,  Бөпетай.

Сатай.  Мұртазаның  бабындағы  кезінде  жақсылығын  көп  көрген  кісі

екен.


Сол  Мұртаза  жаламен  жазықсыз  кетіп,  жиен  қызы  Айша  жесір

қалып,  біз,  жиеншарлары  жетім  қалған  заманда,  сол  баяғы

жақсылықтың тамызығы болсын десе керек, нағашыларымыз Айшаға

бір қара жетектетіп жіберіпті.

Бірақ: «Теңіздің ар жағында бір сиыр сексен тиын дейді, құрысын,

əкелуі  иттен  қиын  дейді»  дегендей,  Айша  мен  Дошанай  араға  бір

қонып, сол құнажынды ауылға əрең жеткізіпті.

Есігіміздің алдына қара біткеніне алақайлап қуанып, əлгіні күндіз-

түні құйрығынан ұстап жүріп бағып-қағамыз. Бұзауласа, аузымыз аққа

жариды-ау деп армандаймыз.

Сөйтіп жүргенде, бір күні адыраңдап Тасбет жетіп келді.

− Не?


− Сиіріңді кəлхоздің корəсінə əліп бəр!

− Неге?



− Мал дөктір тексереді. Мəл əуруі шігіпті.

Жарайды.  Біз  қорқатын  не  бар?  Сиырымыз  жұнттай.  Тіфə!  Тіфə!

Ауруы жоқ.

Айша  бұйдасынан  жетектеп,  мен  артынан  айдап  алып  бардық.

Сөйтсек, ауылдың Зеңгібабасының бəрі осында екен.

Шетінен  мөңірейді.  Күнде  өріске  шығатын  мал  мына  қылыққа

түсінбей, «бұл қалай?» дегендей азан-қазан.

Сары сатала ақ халат кигенсіген, халаттың астында сарғыш кителі

бар,  галифе  шалбарлы,  хром  етігі  сықыр-сықыр  еткен,  қорасан  бетті

бір кісі, иелері жетектеген сиырларды кезек-кезегімен қарап, тізбектен

өткізіп  жатыр.  Сиырдың  өкпесін  тыңдайды,  тілін  көреді,  сілекейін

тексереді.

Сөйтсе, сиыр малында «ящур» дейтін дерт болады екен. Оны қазақ

«қарасан» дей ме, не дейді, əлгі «қарасан келгір» дегені сол екен.

Мына «дөктір» Дүйімбай дейтін шұбар сол аурудың маманы-мыс.

Айша айтатын: «Əкеңнің үстінен арыз жазып, жала жапқандардың

ішінде  Дүйімбай  дейтін  сұмырай  да  бар»,  −  деп.  Айша  оны  маған

несіне  айтады,  ол  кезде  түсінбеймін.  Кейін-кейін  байқасам,  құлағына

сіңе берсін, тым болмаса, өшін алар, əкесінің құны сұраусыз кетпесін

дейді екен ғой. Дүйімбайдан мен қайбір өш алып жетістіремін, қағазға

атын жазғаннан басқа өш алу қолымнан келмейді. Ағайын арасында да

сондай-сондай алапестер болғанын ұрпақ білсін.

Сонымен,  кезек  бізге  де  келді.  Қара  құнажынымыз  дөнежін

болайын  деп  тұрған  шақ.  Құдайға  шүкір,  үстінен  шыбын  тайып

жығылғандай семіз.

Дүйімбай  ары  қарады,  бері  қарады:  қабырғасын,  сүбесін

саусағымен  шұқып  көрді.  Басқалардікі  құсатып  аузын  ашып,  тілін

суырып көрген жоқ. Салған жерден Айшаға:




− Əй, қатын, сиырың ауру, − деді.

− Тəйт, сандалма! − деп Айша ашуланды.

− Сандалмасаң сандалма! − деп, Дүйімбай да дүрдиіп шыға келді. −

Сиырыңды  өлтіріп,  түгін  қалдырмай  жерге  көміп  тастаймыз.  Ауру

таратады.

− Ойбай, Құдай, ендігі көрсетпеген қорлығың осы ма еді! − Айша

Дүйімбайды омырауымен қағып тастап, сиырды жетектеп былай шыға

берейін  деп  еді,  еркек  емес  пе,  «дөктір»  сиырдың  бұйдасына

жармасты.

Айша  ары  тартты,  Дүйімбай  бері  тартты.  Қара  сиырдың  көзі

аларып,  басын  бұлғаңдатты.  Айша  ала  жіпті  босата  салып,

«фельдшердің»  жағасынан  ала  түсті.  Енді  Дүйімбай  да  жіптен

айырылып,  Айшаны  өңменінен  періп-періп  қалды.  Еркек  емес  пе,

қолының  əлі  едəуір  болар,  Айша  тəлтіректеп,  əрең-əрең  құламай

қалды.  Əлгіні  көріп  мен  қалай  тұрамын?!  Дүйімбайды  ту  сыртынан

барып,  көк  желкесінен  ала  түстім.  «Бұл  не  пəле?»  −  дегендей,

Дүйімбай  артына  бұрылып  қарап,  артынан  тістей  қатып,  сілеусіндей

жабысып тұрған бала екенін білген соң, тұла бойымен кілт бұрылып,

сілкініп кеп қалды да, мені лақтырып жіберді. Құлап жатқан жерімнен

мені  біреу  көтеріп  алды.  Қарасам,  Есен  мылқау  екен.  Жағының  түгі

тікірейіп  кетіпті.  Алдында  жазып  ем  ғой,  Сақау  кемпір  деген  апамыз

бар  деп.  Шын  аты  −  Айымқыз.  Есен-соның  баласы.  Баяғы  соғысқа

кеткен  Махан,  Сейсенбай,  Рəсілхан,  Күзембай,  Тұрарлардың  тұстасы.

Соғысқа бұ да кететін еді, тіл-аузы, құлағы жоқ болғандықтан, əскерге

алмаған.

Есенде  үн  жоқ,  тіл  жоқ.  Дүйімбайдың  алдына  барды,  мені  меңзеп

көрсетті.  Айшаны  нұсқап  көрсетті.  Қос  қолын  жайды,  иегін  көтерді.

Сірə,  бұлар  саған  не  жазды  дегені  болар.  Сөйтті  де  қос  қолын

Дүйімбайдың  алқымына  салды  да  жіберді  Дүйімбай  шалқалап,  екі

қолы екі жағына кетіп, көзі шарасынан шыға аларып, бетінің шұбары

көрінбей, қызара бөртіп, барлығып бара жатты.



Жұрт шу ете қалды. Сиырларын тастай салып, қатын-қалаш, шал-

шауқан  −  бəрі  жабылып,  Есеннің  қолын  Дүйімбайдың  алқымынан

ажырата алсашы. «Мылқаудың астына түспе, соқырдың қолына түспе»

деген рас екен.

Есен өзі сидаң тарамыстай арық. Соншама дүлей күш қай жерінен

шығатыны таң қаларлық. Құдай абиыр бергенде, Сақау апамыз жүгіріп

келіп,  баласына  ымдап,  қолын  түрлі-түрлі  ербеңдетіп,  саусақтарын

ойнатып,  біз  білмейтін  тілде  сөйлесті  де,  Есен  басын  шайқап-шайқап

қойып,  «дөктірдің»  алқымынан  сексеуілдің  жігеріндей  саусақтарын

əрең ажыратып алды.

Шалқасынан  құлап  жатқан  Дүйімбайдың  бетіне  əлдекімдер  су

бүрікті.  Дүйімбай  көзін  ашты.  Орнынан  əрең  тұрып,  галифесін

қаққылады.

Сонда деймін-ау, кейін ойлаймын, Есен соғысқа қатыспаса да, елде

жүрген фашистің біреуін о дүниеге аттандыра жаздады. Шын соғысты.

Он  екі  мүшесі  сау  базбіреулер  қауымға,  қоғамға  жебір.  Мысалы,

Дүйімбай. Жетім-жесірдің сау малын ауру деп тартып алмақшы болды.

Құдірет,  əлде  табиғат  кейде  əділетсіз.  Адал  жанды  мүгедек  етіп,

арамдарды  еркелетіп  қояды.  А,  бірақ  кім  біледі,  шын  мүгедек  Есен

емес, Дүйімбай шығар.

Кейін-кейін  мен  университет  бітіріп,  қызметке  тұрып,  демалысқа

ауылға келгенімде, Бурный − Борандының базарында Дүйекеңді көріп

қалдым. Сəлемдестім. Əуеліде танымады. Қартайыпты. Басына қазақы

сеңсең  бөрік  киіпті.  Баяғы  «Сталин  фуражка»,  сарғыш  китель,  хром

етік, галифелі шалбар жоқ. Қазақы кебіс-мəсі, ұзын қара плащ киіпті.

Таяқ  ұстапты.  Таяғының  басына  алашұбар  тəспі  ораулы  тұр.  Сөйтсе,

молда болған екен. Жанындағы кісілер:

− О, Дүйеке, танымадың ба, Барсхан ғой, баяғы Мұртаза рахметінің

баласы, − деді.

Дүйімбай  таяғының  ұшымен  жер  шұқылады.  Бірақ  кешір,

шырағым деген жоқ.



−  Аман-сау  жүрсің  бе,  балам,  −  деп  ернін  жыбырлатты.  Оған  да

шүкір.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет