Бизнес және кәсіпкерлік негіздері


Қаржы жоспары мен қауіп-қатерлерге талдау жасау



бет35/47
Дата29.12.2022
өлшемі5,81 Mb.
#60147
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47
8. Қаржы жоспары мен қауіп-қатерлерге талдау жасау
Іскер адамдар санмен жұмыс істегенді жақсы көретіндер және одан қорқатындар болып екіге бөлінеді. Бірінші топқа кіретіндерге бизнес-жоспардың бұл тармағы – өте маңызды болмақ.
• Сатылым көлемі, табыс мөлшері, тауардың өзіндік құны және т.б.
• Қауіп-қатерлер мен олардан құтылудың жолдары.
9. Егжей-тегжейлі қаржылық жоспар
Өзіңіздің бизнес-жоспарыңызға егжей-тегжейлі қаржылық жоспарды енгізуіңіз қажет:
• Сатылым көлеміне болжам жасау.
• Пайда мен шығынды бағалау.
• Қолма-қол ақша ағынына талдау жүргізу (бірінші жылы ай сайын, кейін тоқсан сайын).
• Жылдық теңгерімдік тізімдеме
Бизнес-жоспарды құру бойынша бірнеше кеңес айта кеткен жөн:
1. Ең алдымен, басқа адамдардың жасаған бірнеше бизнес-жоспарымен танысып шығыңыз.
2. Бизнес–жоспар сіздің даралығыңызды көрсетуі тиіс.
3. Бизнес-жоспарды әзірлеу – еріксіз қиялыңызды талап ететін жұмыс.
4. Таңдаған бағыт бойынша дағды мен тәжірибе жинақтаңыз.
5. Моральдық және физикалық тұрғыдан жүдеген кезде емес, бойыңыз күш-қуатқа толы күндері жазыңыз.
Бақылау сұрақтары:
1.Бизнес жоспарды қалай ұййымдастыру қажет?
2.Шаштараз боынша бизнес жұмысы.
3. Қазақстандық бренд қалай жасалады?


Дәріс №13. Бренд. Маркетингілік коммуникациялар
Мақсаты: Бренд. Маркетингілік коммуникациялар жайлы мәліметтерді меңгеру.
Жоспары:
1.Маркетингтік коммуникацияның түсінігі мен түрлері
2. Бренд түсінігі, құрылу әдістері
3. Қазақстандағы брендингтің ерекшеліктері.
Дәрісті өткізу түрі:Пресс-конференция
Тірек ұғымдар:
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Мұқаев Д.Т. Бизнеске бағыт. – Нұр-Сұлтан, 2020 ж.-204 б
2. Жазықбаева, Г.К., Байзакова, Г.Г. Бизнесті бағалау : Оқу құралы.-Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2017. - 63 б.
Маркетингтік коммуникацияның түсінігі мен түрлері. Сату көлемін ұлғайту және пайда табу үшін сапалы тауарлар мен қызметтерді иелену жеткіліксіз, ол үшін осы тауарлардан алатын пайдасын тұтынушылардың санасына жеткізе білу керек. Бәсекенің күшеюі мен нарыќтыњ тауарлармен толығуына байланысты қазіргі кезде маркетингтік коммуникацияның (МК) рөлі мен маңызды­лығы өсуде.
Маркетингтік коммуникация – тұтынушыларға ықпал ету мақсатында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұранысты қалып­тастыру мен ынталандыруға бағытталған шаралар жүйесі. Экономикалық әдебиеттерде маркетингтік коммуникация ұғымының «тауарды жылжыту» деген синонимі жиі кездеседі.
Маркетингтік коммуникацияның мынадай түрлері бар:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет