Бизнес-жоспарды құру мақсатына қарай (негіздеу үшін инвестицияларды, серіктестерді тарту және т. б.) оның бөлімдерін егжей-тегжейлі әзірлеу керек.
Бизнес-жоспардың құрамы, құрылымы және талдап-тексерілуі мыналармен анықталады:
Үлкен көлемді бизнес-жоспарды жасауға және оны артық ақпаратпен жүктеуге болмайды.
Сонымен, кез келген жоспардың құрылымы болады. Бизнес-жоспар бөлімдерінің үлгілік құрамын келтіреміз (халықаралық тәжірибе):
1. Түйіндеме. Бұл бөлімде бизнес-жоспардың — болжамды жобаның нәтижелері мен қорытындылары сипатталады,өндіріс пен өнімнің жаңалығы туралы айтылады. Қысқаша нұсқада сату көлемі, түсім, шығындар және пайда туралы мәліметтер беріледі. Несиені қайтару мерзімі туралы ескерту қажет. Мұндай қысқаша ақпарат өнімнің, фирманың қызметіне объективті баға беруге мүмкіндік береді. Бөлімнің басты мақсаты-болашақ қызметтің тәуекелдері мен пайдасын бағалау.
Бұл бөлім ең басында тұрғанымен - оны ең соыңнда құру қажет, себебі ол тұтас бизнес-жоспардың қысқаша мазмұнын білдіреді. Түйіндеме - инвесторларды сіздің идеяңызбен алғаш таныстыратын жарнамалық буклет. Ол ең бастысы туралы айтуға және қызығушылық тудыруға тиіс. Егер сіздің жобаңыз ең басынан адресаттарға ұнамаса, сіздің бизнес-жоспарыңызды әрі қарай ешкім қарамауы мүмкін.