Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет91/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   395
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана 4 6 2020

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақстан  Республикасы  «Неке  және  отба-
сы  туралы»  туралы  заңының  2-бабында  1Неке 
(ерлі-зайыптылық)  және  отбасы  ,ана,  әке  және 
бала мемлекеттің қорғауында болады – делінген 
[Қазақстан Республикасы «Неке және отбасы ту-
ралы» туралы заңы Астана 2011 жылғы 26 жел-
тоқсандағы № 518]. Сондай дәл осы бапта Қазақ-
стан Республикасының неке-отбасы заңнамасы;
1) еркек пен әйелдің некелік одағының ерік-
тілігі;
2) отбасындағы ерлі – зайыптылар құқықта-
рының теңдігі
3) сотбасының ісіне кімнің болса да өз бетін-
ше араласуына жол бермеушілік


55
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісім 
арқылы шешу
5) балалардың отбасында тәрбиелену басым-
дығы,олардың  өсіп-жетілуі  мен  әл-ауқатты  бо-
луына қамқорлық
7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедер-
гісіз жүзеге асыруын қамтамасыз етуосы құқық-
тарды сот арқылы қорғау мүмкіндіктері
8) отбасының барлық мүшелерінің салауатты 
өмір салтын қолдау қағидаттары на негізделеді 
–  деп  яғни  жанұяның  негізі  оның  ,толыққанды 
өмір  сүру  мүмкіндіктері  мемлекет  қорғауында 
болатыны ,тәрбие мәселелері мен жанұяның мү-
шелерінің болашақ ұрпағы мен оның дұрыс са-
лауатты отбасында өсіп-өну жағдайлары да осы 
заң арқылы мемелекеттік қамқорлыққа алынға-
ны  тайға  таңба  басқандай  айшықты  жазылған 
[Қазақстан Республикасы «Неке және отбасы ту-
ралы» туралы заңы Астана 2011 жылғы 26 жел-
тоқсандағы № 518]. 
Сонымен бірге осы заңда балалардың жанұя-
дағы тәрбиесі мен оқуы білім алуы,дұрыс өсіп-
жетілуі  психикалық  тұрғыдан  дұрыс  жетілуіне 
қамқорлық жасауға ата-ананың міндетті екендігі 
де көрсетілген.Әсіресе соңғы кезде қоғамымыз-
да жиі кездесетін балалардың ата-ана тәрбиесі-
не тыс қалуы соның салдарына теріс жолға түсіп 
кетуі сияқты мәселелер белең алуы қоғамымыз-
да алаңдаушылық туғызып бұл іске мемлекеттің 
заң  жолымен  тікелей  араласуына  әкелуде.  Се-
бебі  дүниеге  келген  әрбір  жанұя  мүшесі,  сәби 
ол мемлекеттің болашақ азаматы сондықтан да 
оның дұрыс-өсіп жетілуіне ата-анасымен қатар 
мемлекет те мүдделі. 
Сол  үшін  де  жанұя  мәселесінде  келіспеуші-
ліктер орын алып мұның салдары ушығып ата-
ана арасында неке бұзылу мәселесі орын алған 
жағдайда да мемлекет жас балалардың ата-ана 
тарапынан  қамқорлықсыз  қалмауын  қадағалап 
некені жөнсіз бұзбауға барынша күш салып ба-
ғады ,ал неке бұзылған жағдайда сол жанұяның 
еңбекке жарамды мүшесі ата-аналарының бірін 
еңбекке  уақытша  жарамсыз  мүшелерін  асыру 
үшін  алименнтік  төлем  төлеуге  міндеттейді  қа-
жет болса сот арқыылы мәжбүрлейді. Бұл үдеріс 
жас  жанұя  мүшелері  кәмелеттік  жасқа  толған-
ша, егер оқу орнына түсіп студент болса сол оқу 
орнын бітрігенше жалғасып төлем төлеуге мәж-
бүрлейді. Жалпы бұл мәселде жас жанұя құрған 
ата-ана құқықтық сауатты болуын өздерінің жа-
нұя алдындағы терең жауапкершілік сезімін түсі-
ну үшін қажет жағдайлар. 
Жанұя  болып  қоғамдағы  мемлекетті  құрау-
шы  маңызды  факторлардың  бірі  болғандықтан 
яки  мемлекет  жанұялардан  құралатындықтан 
да  жанұя  мемлекет  тарапынан  қамқорлық  пен 
қадағалуға  алынатын  аса  маңызды  құндылық 
болып табылады. Сондықтан да дербес мемле-
кетіміздегі ең маңызды идея немесе идеялогия-
лық  бағыт-бағдар  осы  жанұялық  құндылыққа 
негізделуі тиіс деп санаймыз. Құндылық бағдар-
лардың қалыптасуына – «өмір сапасының кейбір 
индикаторлары»обьективті  және  субьективті 
факторлар орын алады [Горбунова Е. В., 2011]. 
Қазіргі  жастарды  құндылық  бағдарларының 
қалыптасуы туралы сөз еткенде мұндай қалып-
тасуды мақсатты бағытта басқару туралы айты-
лады.Немесе  жастар  саясаты  тарапынан  түрлі 
субьектілердің мақсатты әсер етуі олардың ру-
хани  –  адамгершілік  жетістігін  қамтамасыз  ету 
мен  әлеуметтік-экономикалық  ,мәдени  және 
ақпараттық ресурстар арқылы құндылық – бағ-
дарының қалыптасуын динамикалық қолдау кө-
рінеді . Қазақстан Республикасының 
Жанұя саясатының негізгі бағыттарының бірі 
болып  жанұя  тұрмысының  деңгейін  көтеру  ,аз 
қамтылған  отбасылар  мен  көпбалалы  отбасы-
ларға  мемелекет  тарапынан  төленетін  қаражат 
мөлшерін көбейту мәселесі де ,жанұя мемлекет-
тің тарапынан қамқорлыққа алынған құнды инс-
титуттардың бірі екенін дәлелдейді 
Толыққанды  жанұя  қалыптастыруда  бұқара-
лық ақпарат құралдарының ролі зор екенін атап 
көрсетуге тиіспіз, өйткені осы бағытта көрсетіле-
тін үлгілі жанұяларды насихаттау олардың отба-
сындағы бақытты тату –тәтті жарасымды өмірін 
үлгі ету жеткен жетістіктерінің негізі береке-бір-
лік пен табанды да адал еңбек ету факторлары 
болып табылатынын көрсететін түрлі бейне жаз-
балар ролі де зор екені атап өтуге тиіспіз. 
Ата-аналық  өмірдің  белгілі  бір  тәжірибесін 
болашақ ана-мен әкенің бейнесін жас ата-ана-
лар  ата-аналарымен  бірге  тұрған  өз  жанұяла-
рында алатыны белгілі сондықтан да ата-аналық 
үйдің осы бағыттағы әрекетіне күш салуы бола-
шақ жас ата-аналардың жанұясының жарасым-
ды да бақытты іргетасының қалануының себеп-
терінің бірі .
Мұның орнына көп жанұяларда аналар қыз-
дарымен болашақ аналық өмір турасында мүл-
де сөйлеспейді де ,ал әкелер де ұлдарымен бұл 
мәселені аса сирек талқылайды.Ата-аналар әсі-
ресе қалаларда баларын үй шаруасынан мүлдем 
босатып  қояды  мұның  өзі  болашақ  ата-аналық 
ролге даярлықтың тапшылығына алып келеді.
Осылайша жанұялық өмірге дайындығы сана-
лы ата-аналыққа даярлығы жастардың әлеумет-
тік ержетуінің психикалық саулығының маңызды 
көрсеткіші.  Сөзсіз  студент  жастардың  өздерінің 
де жанұя құндылықтарын қалыптастыруда ролі 
зор екені даусыз [Горбунова Е. В., 2011].
Сондықтан жанұя туралы түсінік қалыптасты-
рудағы келесі фактор бұл объективті факторлар. 
Оларды  жалпы  жеке-спецификалық  емес,  яки 
жалпы  жастардың  барлық  әлеуметтік  топтары-
на тән және жеке спецификалық яғни анық бай-
қалған  даралықты  білдіретін  оның  специфика-
лық сапасы мен қасиеті тән түрлі айтуға болады. 
Жалпы жастардың барлық әлеуметтік топтарына 
тән және жеке спецификалық факторларға кіре-


56
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
тіні,  білім,  олардың  ғылымилық  дәрежесі  және 
саналылығы, мотивациялық – құндылық бағдар-
лары (мотивтері, қызығушылығы, тұғыры, сенімі, 
қажеттіліктері);  әлеуметтік  –  рухани  құндылық-
тар (мәдениет, дүниетаным, адамгершілік, этика, 
эстетика,  еңбекқорлық  т.б.);  биологиялық  жас 
ерекшелік  және  психологиялық  ерекшеліктері: 
дене мәдениеті құндылықтарына мінездік қаты-
настар; әлеуметтік контактылар. 
Сондай-ақ бұл жерде адамның жеке тәжіри-
бесін  факторын  да  атап  өтуге  болады.Бұл  фак-
тордың әсер ету негізі мынада әр адам өзін қор-
шаған адамдардың әсерін сезінетін әр түрлі си-
туацияларға түседі. Мұндай жағдаяттың салдары 
әр адамға жеке сабақ тәжірибе болып табылады 
да  ол  келешек  болатын  оқиғаларға  өткен  жағ-
даяттардың  өзі  үшін  сәтті  немесе  сәтсіз  жағын 
ескере отырып алады. Жеке дара тәжірибе адам 
тұлғасының  қалыптасуында  ең  маңызды  фак-
торлардың бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет