Оқу жүктемесінің бөлінуі
Бағдарлама бойынша әр сыныптағы сағат саны
Сынып
|
Апталық сағат саны
|
Жылдық сағат саны
|
2-сынып
|
3 сағат
|
102 сағат
|
3-сынып
|
3 сағат
|
102 сағат
|
4-сынып
|
3 сағат
|
102 сағат
|
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша нормативтер
Сынып
|
Оқу шапшаңдығының міндетті деңгейі
|
І жартыжылдық соңы
|
ІІ жартыжылдық соңы
|
2
|
40-45 сөз
|
50-55 сөз
|
3
|
55-60 сөз
|
65-70 сөз
|
4
|
70-75 сөз
|
80-90 сөз
|
Оқу бағдарламасын меңгерту оқытудың «Біз осы пән бойынша не білеміз және білімді қалай меңгереміз?» ұстанымы аясында ұйымдастыруды талап етеді. Әдебиеттік оқу пәні бойынша білім мазмұны қатысымдық дағдыларды қалыптастыру мақсатына сәйкес құрылған. Пән бойынша ұсынылатын білім мазмұнының ішкі бөлімдері жинақталған білім, түсінік пен дағдыларды қалыптастыруды көздейтін кіші бөлімшелерге бөлінген. Әрбір бөлімше өзара сабақтаса отырып, оқыту мақсаттарын айқындайды. Бұл мұғалім мен оқушыға алдағы қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.
Әдебиеттік оқу пәнінің мазмұны
2-4 сыныптар
|
№
|
Бөлім (сөйлеу әрекетінің түрлері)
|
Бөлімше (дағды)
|
1
|
Тыңдалым және айтылым
|
1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну
|
1.2 Шығарманы мазмұндау
|
1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау
|
1.4 Тыңдарманның назарын аударту
|
1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру
|
2
|
Оқылым
|
2.1 Оқу түрлерін қолдану
|
2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру
|
2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
|
2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау
|
2.5 Шығарманың композициясын анықтау
|
2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау
|
2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау
|
2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру
|
2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
|
3
|
Жазылым
|
3.1 Шығарманың жоспарын құру
|
3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу
|
3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну
|
3. 4 Қатені табу және түзету
|
Мұғалімдер мен оқу-әдістемелік кешенді құрастырушылар ортақ тақырыптардың мазмұны аясында оқу мақсатын жүзеге асыруда оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес өзге де әдебиеттерді қолдана алады.
Оқу материалдарының сыныптар бойынша топталуы
Ортақ тақырыптар
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
1. Өзім туралы
|
1. Тірі табиғат
|
1. Менің Отаным – Қазақстан
|
2. Менің отбасым және достарым
|
2.Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы)
|
2. Адами құндылықтар
|
3. Менің мектебім
|
3. Уақыт
|
3. Мәдени мұра
|
4. Менің туған өлкем
|
4. Сәулет
|
4. Мамандықтар әлемі
|
5. Дені саудың – жаны сау
|
5. Өнер
|
5. Табиғи құбылыстар
|
6. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
|
6. Атақты тұлғалар
|
6. Қоршаған ортаны қорғау
|
7. Қоршаған орта
|
7. Су – тіршілік көзі
|
7. Ғарышқа саяхат
|
8. Саяхат
|
8. Демалыс мәдениеті.
Мерекелер
|
8. Болашаққа саяхат
|
Осылай ортақ тақырыпта әр пәннен қайталап отыру кезінде бір тақырыпты жан-жақты қырынан ашып, терең меңгеруге үйретеді. Балаға тез түсініп ұғып алуға ыңғайлы. Өздеріне таныс тақырып болғандықтан тапсырманы тез түсініп, тез орындайды.
Міне, бұдан біз бастауыш мектептің оқу бағдарламаларындағы жағымды өзгерістер балаларға арналып жасалғанын, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жасалғанын, қызығушылықтарын шығармашылықпен дамытуға арналғанын және коммуникативті оқыту ұстанымына негізделіп жасалғанын көруге болады. Бұл – төрт дағдыны қалай дамытуды ескере отырып айтқан Жүсіпбек Аймауытовтың: «… бала әуелі тәжірибеге талпынып, нәрсемен танысып, сонан кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге үйренсін»- деген сөзін еріксіз еске түсіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |