Д. Х. Кушмурзина К. Б. Шинбулатова


ӨЛЕҢДЕР Аққу, шортан һәм шаян



бет79/81
Дата19.09.2023
өлшемі361,51 Kb.
#108799
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
Кушмурзина Д.Х. Әдебиеттік оқу әдістемесі

ӨЛЕҢДЕР


Аққу, шортан һәм шаян
Ахмет Байтұрсынұлы

Көп кіріскен іс оңбас ынтымақсыз,


Көп малдың керегі не болса бақсыз,
Таудайын талаптан да бақыт артық,
Болса да қара жаяу жалғыз атсыз.
Ынтымақ жоқтығынан біздің қазақ,
Кем жұртқа әрбір түрлі болды мазақ
Зияны толып жатқан бастан артық,
Кемітіп ғазиз басын көріп ғазап.
Мысалы, бірліксіздің ғибыраты,
Пайдалы салыстырсаң бар лұғаты.
Кеңесінен аққу, шортан, шаянменен,
Тыңдаңыз тәржіме етіп жазған хатты:
Бір аққу, шортан, шаян бұрынырақ
Кеңесін еттім бәйіт, салсаң құлақ,
Тартуға жүкті арбаны міндеттенген,
Оңаша көл басында тұрған жырақ.
Үшеуі кәдімгідей жегілісіп,
Қайтсе де тартамыз деп ерегесіп,
Тырмысып бейшаралар азаптанды,
Пайдасыз михнаттанып терге түсіп.
Жөнелді шу деп аққу көкке таман,
Сұңқылдап үсті-үстіне достан жаман,
Жайда да кесел шіркін жөнге жүрмес,
Тырмысып кейін қарай жатыр шаян.
Тартады дем алысып кезек-кезек,
Арбаны қозғалта алмай күдер үзіп,
Тыпырлап суға қарай бетіменен
Шамасы келмей жатыр шортан кезіп.
Кіріскен ынтымақсыз ол басында
Ерлердің болмай бірлік жолдасында.
Бетімен әр тарапқа тартқаннан соң,
Қозғалмай арба қалды көл басында.


Маймыл мен Көзілдірік
Спандияр Көбеев

Жауыздың сақтаныңыз тіліне ермей,


Ғасырға тек жүрмеңіз ғақыл бермей,
Бір маймыл қартайғанда қор болыпты,
Байғұстың бұрынғыдай көзі көрмей.
Наданға айтқан сөзің текке кетер,
Дос болсаң, ықылассыз қызмет етер.
Бір істі пайдасы үшін паш етсеңіз.
Ықылас көңіліңіз болар бекер.
Көре алмай бұрынғыдай қайғыланған,
Сұрайды: - Ем бар ма? – деп көрген жаннан,
Біреуден ақырында құлақтанды,
Тәуір деп көзілдірік, өзі арзан.
Бес-алты көзілдірік алды сатып,
Жарар деп пайдаланса іске ұқсатып:
Салғаннан төбесіне киіп алды.
Айырып ешбір жөнін көрмей жатып.
Сонан соң тұмсығына түсіреді.
Бір-бірлеп айырмастан алып жатып,
Онымен ешбір пайда болмаған соң,
Апарды құлағына саудыратып.
Құлақтан құйрығына байлап алды,
Көрген жан күліп жатыр, шегі қатып,
Ақырында көзге себеп болмаған соң,
Сындырды ашуланып тасқа атып.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет