Д. Т. Кен же таев Ә.Ә. Сай лы баев Ө. О. Тұяқ баев зайырлылық ЖӘне дінтану негіздері негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет175/194
Дата18.10.2023
өлшемі3,82 Mb.
#118474
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   194
Аза мат тық мін дет тер
. Ата-ана лар ба ла ла рын өз на ным да ры на сәй-
кес тәр бие леу ге құқы лы. Алайда діни сенім еркіндігіне сәйкес ба ла лар-
ды дін ге зор лап баулу ға да жол бе ріл мейді. Ба ла ға ді ни тәр бие бе ру оның 
тә ні не, жүй ке сі не, жал пы ден сау лы ғы на жә не өне ге лі өмір салты мен да-
му ына нұқ сан кел тір меуі тиіс. 


212
Мем ле кет тің ат қа рып жат қан жұ мы сы ның түпкi ба ғы ты – қо ғам-
да ғы дiна ра лық та ту лық пен келiсiмдi сақ тай оты рып, дi ни төзiмдiлiктi 
қо ғам дық са на ға сiңiру, қо ғам да ғы бiртұ тас тұ рақ ты лық ты ны ғайт у мен 
мем ле кеттiк сая сат ты на си хат тау.
Мемлекеттің дін саласындағы саясаты қалай жүзеге асады?
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министр­
лігінің Дін істері комитеті
. Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
қоғамдық даму минис трлі гі Дін істері комитеті дінаралық келісімді 
нығайту, азаматтардың дін ұстану бостандығын қамтамасыз ету және 
діни бірлес тіктермен қарым-қатынас жасау саласындағы мемлекеттік 
басқаруды жүзеге асыратын өкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
2011 жылдың 18 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті 
дін саласындағы орталық атқарушы өкілетті орган ретінде Қазақ стан Рес-
публикасының Дін істері агенттігін құрды. Ол 2014 жылдың 8 тамызында 
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министр лігі 
Дін істері комитеті болып қайта құрылды (әрі қарай – Комитет).
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет мына 
міндеттерді атқарады:
– дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттік 
саясат тың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға және iске асыруға қа-
тысады;
– республикадағы діни ахуалды зерделеуді және талдауды жүргізеді;
– Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiк-
тердiң, миссионерлердiң, діни білім беру ұйымдарының қызметiн 
зерделеп, оған талдау жүргiзедi;
– өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын 
жүзеге асыруды қамтамасыз етеді; 
– діни қызмет саласында жергiлiктi атқарушы органдарға әдiстемелiк 
басшылық жасауды жүзеге асырады; 
– өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттық 
iс-шараларды жүзеге асырады; 
– дiнтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз етедi; 
– шет мемлекеттердiң діни қызмет саласындағы өкілетті органдарымен 
ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады; 
– республика аумағындағы шетелдік діни бірлес тіктердің қызметін, 
шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни 
бірлестіктер басшыларын тағайындауды келіседі; 
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана-
ның жергiлiктi атқарушы органдарының діни қызмет және дiни бiр-
лестiктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша қызметiн үйлестiредi; 


213
– өз құзыреті шегінде діни қызмет және діни бірлестіктер саласындағы 
нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 
– дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекітеді; 
– діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық матери-
алдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты 
үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс 
жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналас-
тырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді
– Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер 
туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды 
тұлғалардың өтініштерін қарайды; 
– құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет 
және діни бірлес тіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды 
тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізеді
– осы Заңда, Қазақ стан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақ -
стан Республикасы Тұңғыш Президентінің және Қазақ стан Респу-
бликасы Үкі меті нің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жү-
зеге асырады.
Дін істері комитетінің және дін саласында мемлекеттік саясаттың 
негізгі бағыттарын мына құжаттар айқындайды: 
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы; 
2) 2011 жылдың 11 қазанында қабылданған Қазақстан Республика-
сының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы және 
басқа да заңнамалық актілер; 
3) 2013 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Прези-
дентінің № 648 жарлығымен қабылданған «Діни экстремизм мен тер-
роризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013–2017 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарлама»;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және Қазақстан 
Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Дін 
істері комитетінің басқа да нормативтік құқықтық актілері.
1. Мем ле кет тің қау іп сіз ді гі де ген не?
2. Ді ни се нім ер кін ді гі не не жа та ды?
1. Не се беп ті зай ыр лы лық мем ле кет тік жүй енің жә не ұлт тық 
қау іп сіз дік тің не гі зі са на ла ды?
2. Не лік тен ел де гі тұ рақ ты лық мем ле кет тік сая са тқа жа та ды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   194




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет