254
Мүшріктер Расулалланты ортаға алғанда
Хазіреті Талха қылышын
оңды-солды сілтеп, жалғыз өзі жау әскерін ықтырып бақты. Мүшріктің
құралайды көзге атқан мергені Малик ибн Зухәйір Аллаһ Елшісін көздеп
садағын тартып кеп қалады. Зуылдаған оқтың пайғамбарымызға тиетінін
аңдаған Хазіреті Талха дер кезінде қолымен оқты қақпақылдады. Оқ
зымыраған күйі Хазіреті Талханың саусағын жұлып өтті.
Пайғамбарлар сардары: "Жер бетінде тірі жүрген
жәннаттықты көргісі
келгендер Хазіреті Талхаға қарасын", - деді.
Расулаллаыы (с.а.у.) қорғау үшін мүшріктердің оғына кеудесін тосып,
жан дәрмен алысқан Хазіреті Талханың қолының тамырлары кесіліп қанға
бөксе де, кеудесі шұрық тесік болып құлағанша айқаса берді. Расулаллан
Хазіреті Әбу Бәкірге Талхаға қарауын бұйырды. Хазіреті Әбу Бәкір көкесінің
ұлы -Хазіреті Талханың бетіне су бүркіп, қанын
жуған соң кірпігі әрең
қимылдап тілге келген шақта Талха:
"Расулаллаһ қалай?"-деп сұрады.
Хазіреті Әбу Бәкір: "Жақсы, мені саған бас-көз бол деп жіберді",-деді.
Пайғамбардың хабарын алған соң жаны жай тапқан қаһарман сахаба
күлімсіреп:
"Шүкір Аллаһқа! Расулаллаһ аман болса,
қалған қиындықтар сөз
емес",-деді.
Аллаһ жолында жан-тәнімен күрескен Хазіреті Талха осы шайқаста
Расулаллаһ тарапынан "Қайырлы Талха" атанады. Ухудтан қайтқанда
денесінде жетпіс бес жерінен
жарақат алған оның басы жарық, қолы шолақ
болса да бақытты еді.
Достарыңызбен бөлісу: