404
Фатимасының құлағына еңкейіп бір нәрсе айтты. Хазіреті Фатиманың өңі
қуарып, қабағын шытты да, жанары жасқа толды. Онысын іріккен жоқ...
Көз жасы моншақтай аққан қызының құлағына Пайғамбарымыз тағы да
ақырын сыбырлады.
Басу айтып, сабырға шақырған сыңайлы. Әлгінде ғана
көз жасын көл-көсір қылған Фатиманың жүзі бал-бұл жанып, балаша қуанды.
Қас-қағым сәттегі мұң мен қуаныштың себебін ұға алмай дал болған Хазіреті
Айша анамыздың сұрағына кейіннен Хазіреті Фатима былай жауап берген:
"Алдымен әкем маған аз ғана уақыттан соң дүниеден көшетінін, менен
де айрылатынын айтты... Жылаған себебім сол...
Сосын "туған-туыстың арасынан ең бірінші
болып маған бақи өмірде
сен қауышатын боласың" дегенде қуанышым қойныма сыймады..."
Рәби'уләууал айының он екісі, дүйсенбінің кеші. Күн қызарып, ұясына
қонуға таяған...
Аллаһ Елшісі мүбәрак басын Айша анамыздың
кеудесіне таяп жатқан
күйі "Аллаһым, мені Рәфиқул-А'лаға - ең жоғары мәртебелі Ұлы Аллаһқа
қауыштыр" деп үзбей дұға етуде. Демі жиілеп, қиналғаны сезіледі. Сөйлеуге
шамасы жетпей жатқанына қарамастан соңғы деміне дейін үмметін ізгілікке
үндеумен болды:
"Құлдарыңызды
азаптаушы болмаңыздар, олардың да ақысын
беріңіздер. Намазға ықыласпен беріліңіздер, намазға атүсті қарамаңыздар!"
Хазіреті Фатима әкесінің қиналысына жаны шыдамай:
"Әкетайым-ай, әбден қиналдың-ау",
- деп мұңайып, жылап отырған.
Пайғамбарымыз мұны да қалт жібермей:
"Жылама, қызым, бүгіннен кейін сенің әкең еш қиналыс сезбейді де".
Мен дүниеден озған кезде "Инна лиллаһ уә иннә иләйһи ражи'ун
(Бәріміз Аллаһтан келдік, қайтадан Соған ораламыз) деп дұға ет" (Әрбір
мұсылман баласы біреудің өлімін естіген сәтте осылай дегені жөн.)
Достарыңызбен бөлісу: