Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ



Pdf көрінісі
бет99/273
Дата06.10.2022
өлшемі2,95 Mb.
#41583
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Хазіреті Хадишаның өлімі 
Әбу Тәліпті қара жердің қойнына бергелі арадан үш күн өткен. 
Рамазан айы. 
Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) басына қайғының қара бұлты тағы да 
үйірілді. Ойламаған жерден алпыс бес жастағы жан жары Хазіреті Хадиша 
дүние салды. 
Жаназа намазын пайғамбардың өзі шығарып, жерлеу рәсіміне де бас-
көз болды. Аллаһ сүйікті құлына қиындық беріп, сынайды дегеннің нақты 
дәлелі осы емес пе? 
Аяулы адамдарынан айырылу Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) оңай 
соқпады. Қиналғанда қол ұшын берген, жылағанда жұбаныш болған 
парасатты, ақылды әрі адал жар Хазіреті Хадишаның орны үңірейіп, қатты 
білінді. Осылай болуы заңды да еді. Бүкіл қауым болып бір кездері Хазіреті 


158
Мұхаммедке (с.а.у.) қарсы шыққанда қолтығынан демеп, сүйеніш болған 
жалғыз қолдаушысы еді ғой ол! Жан-тәнімен жұбайына беріліп, қысымға, 
қыспаққа қарамастан пайғамбарлығын мойындап, ізінен ерген де сол еді. 
Мұхаммед (с.а.у.) Хадиша анамызды зайыбы ретінде де, былайғы адамдығы 
үшін де қатты жақсы көрген. Мұны Хазіреті Хадиша өлгеннен кейін жиі-жиі 
оны еске алып, рухына дұға бағыштауынан байқаймыз. Қала берді, марқұм 
зайыбының туған-туыстарына, таныс-тамырларына ылғи көмектесіп тұрған. 
...Бір күні Хадиша анамыздың сіңілісі Халаның даусын естіп, бірден 
оны әйелінің даусына ұқсатып, өткен күндерді еске алып отырады. Сонда 
Айша анамыз қызғанышын жасыра алмай: "Аллаһ Тағала саған Хадишадан 
әлдеқайда жас, әрі сұлу әйел берді емес пе?" - деп қалады. Пайғамбарымыз 
(с.а.у.) Айшаның анамыздың бұл сөздерінің орынсыз екенін білдіріп, Хазіреті
Хадишаның адалдығын, адамдығын, парасатын ұзақ әңгімелейді. 
Хазіреті Айша өз ойының әбестігін түсініп: 
"Уа, Расулаллаһ! Аллаһтың атымен сұраймын, мұнан былай үнемі 
Хазіреті Хадиша туралы естеліктеріңді айта жүр", - деп Айша анамыз 
Расулаллаһтың (с.а.у.) марқұм жұбайы Хадишаны жиі еске алып, оның 
туыстарына 
көмектескендігін 
көргендегі 
қызғанышын 
төмендегідей 
жеткізеді: 
"Аллаһ Расулын әйелдерінің ішінде Хазіреті Хадишадан қатты 
қызғанатынмын. Хазіреті Хадишаны өмірімде көрмесем де ойымды билеген 
алапат сезімге ие болу қиын еді. Расулаллаһ оны менің көзімше көп еске 
алатын. Арнайы мал сойып Хазіреті Хадишаның туыстарына ет жолдайтын. 
Кейде мен шыдамсызданып: 
"Жер бетінде Хадишадан басқа әйел жоқ па?" - дейтінмін. 
Аллаһ Расулы Хадишаның жақсылықтарын санамалап айта келіп: 
"Ол - менің балаларымның анасы ғой", - деп жауап беретін". 
Расулаллаһ Хира үңгірінде жалғыз жатқанда Хазіреті Хадиша оған 
тамақ таситын. Сондай бір күні Жебірейіл періште Мұхаммедке (с.а.у.): 
"Ей, Аллаһтың Расулы! Анау қараңдап келе жатқан сұлба-Хазіреті 
Хадиша. Ол саған азық әкеле жатыр. Қасыңа жақын келгенде оған Раббыңнан 
және менен сәлем жолда. Жәннатта інжуден жасалған әсем сарай сол үшін 
дайындалғанын айт, ол жерде тек жан рақаты бар", - деген. 
Хазіреті Әлиде: 
"Расулаллаһтың "Өз заманындағы әйелдердің қайырлысы Имранның 
қызы Мәриям еді. Мына үмметтің әйелдерінің ішіндегі қайырлысы - Хадиша 
дегенін естідім", - деген. 
Қайғылы оқиғалардың бірінен соң бірі қайталануы себепті Мұхаммед 
(с.а.у.) пайғамбарлығының оныншы жылын "қайғыға толы жыл" деп атаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет