Дәріс: Іш қуысының жіті хирургиялық аурулары. Іш қуысының жіті хиругиялық аурулары. Жедел аппендицит



бет2/4
Дата14.10.2023
өлшемі30,75 Kb.
#115076
1   2   3   4
Байланысты:
14.2 Дәріс Іш қуысы хирургиялық аурулары...

Жедел көмек,емдеу қағидалары: Белсенді-күту тактикасың қолданлады. Ауырғандықты басу мақсатында спазмолитик дәрілерді немесе наркотикалық анальгетиктерді қолданады. Консервативті емнің көлемінде инфузиялық ем, антибактериалды ем. Қолданған емнің нәтижесі болмағанда операция орындалады. Операция колемі – холецистэктомия.


Жедел перитонит – Ағзаның жалпы ауыр токсико-септикалық реакциямен өтетін іш пердесінің қабынуы.Перитониттің біріншілік және екіншілік түрінде дамуы мүмкін. Екіншілік перитониттың себептері жергіліктті қабынумен өтетін аурулар(аппендицит,пан-креатит,холецистит асқазан жарасының теслуі,т.б..). Перитониттің екі негізгі түрінде өтеді: жергілікті(шектелген) және жалпы(жайылған).Жайылған іріңді перитонит – іш қуысының жедел және созылмалы ауруларының ең ауыр асқынуы.Жалпы перитонит іш қуысының барлық бөлігіндегі сір қабаттарының қабынуымен өтеді.
Қлиника: перитониттың ағымын үш сатыға бөледі.
Бірінші – реактивтік, алғашқы 6-8 сағатта байқалады.
Екіншісі – токсикалық, 24-48 сағат ішінде байқалады.
Үшіншісі – терминальдық 4-5 тәулікте дамиды.
Реактивтік сатысында науқастарды күшейіп және бүкіл ішіне тарап жатқан ауырғандық мазалайды. Себепті ауруына байланысты Щеткин-Блюмберг симптомы оң мәнді болады және іш қабырғасының бүлшықеттерінің қатаюы байқалады.Жалпы жағдайында бозару, тахикардия, тахипноэ, ЖҚА - лейкоцитоз.
Токсикалық сатысында бірінші сатыдағы симптомдар едәуір айқын түрінде байқалады. Ағзаның улануы өршіп, құсық, дене қызуының көтерілуі, сусыздану белгілері байқалады.
Терминалды сатысында науқастың жағдайы өте ауыр.Улану және сусыздану белгілері айқын көрінуде.Адинамия қалпында, ес-түсі кідіріңкі, шағымдары жоқ. Тері жамылғысы боз,сарғыштанған, беті үшкірленген.Пульсі жиі, аритмиялық, минутына 140 соққыға дейін.Қ/Қ төмен, тынысы беткей жиі.Іш қабырғасының бүлшықеттерінің қатаюы іштің үрлеуіне ауысады. Пальпация кезінде ауырғандық басылады, ылди аймақтарында перкуторлы дыбысының тынықталуы, ішек перисталтикасы естілмейді.Бауыр үлкейген,ауырсынады. Осы жағдайды,жиі түрінде, пневмония, бүйрек жетіспеушілігі қосылып ауырлатады.
Жедел көмек,емдеу қағидалары: тыныштық орнатып, басын бір жағына бұрып шокка қарсы шаралар орындап шұғыл түрінде ауруханаға жеткізу. Жедел көмек көрсету кезінде ауырғандықты басуға,су ішкізуге, жылы басуға, асқазаның шайып клизма жасауға тиім салнады.
Науқастарға, 2-3 сағаттық дайындықтан кейін шұғыл хирургиялық ем көрсетіледі. Ем көлемі – іш қуысындағы іріңді ошақты жойып, іш пердесін антисептиктармен жуып-шаю. Іш қуысына дренаждарды орнату. Іш қуысына әлсін-әлсін антибиотиктер жіберіледі.Ішек перистальтикасын белсендету үшін церукал,прозерин,сорбитол енгізіледі.
Жалпы емінде қарқынды түрінде улануға, сусыздануға қарсы ем өткізіледі. Ішек перистальтикасы қалыпқа келгенше толық көлемінде парентеральды тамақтандыру өткізіледі.Биік әсері бар антибактериалды ем тағайындалады.


Асқазан, ұлтабар жарасының тесілуі (перфорация) - Бүл асқазан және ұлтабар жарасы ауруының асқынуы. Асқазан немесе ұлтабардың жарасы тесіліп оның ішіндегі заттарының іш қуысына шығуы.Тесілген жаралар көбінесе ұлтабардың алдынғы қабырғасында орналасады. Жараның тесілуіне себепті жағдайларға тығыз тамақтану, алкоголь, психикалық және физикалық салмақтың түсуі жатады.
Клиника: Жараның іш қуысына тесілуінде үш кезең байқалады.
Бірінші – шок кезеңі. 3-6 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Перфорация кезінде, эпигастрий тұсында, кенеттен, «қанжар сұққандай» қатты ауырғандық пайда болады.Осы ауырғандықтан шок жағдайы дамиды. Науқас мәжбүрлі қалыпта,аяғын ішіне тартып, шалқасынан немесе оң жақ қырымен жатады.Аяқ-қолдары салқын, тілі құрғақ, шөл мазалайды. Бастапқыда пульсі сирек, содан соң тахикардия дамиды.Қ/Қ төмен. Эпигастрийда пайда болып ауырғандық тез арада бүкіл ішіне жайлайды. Құсық болу мүмкін. Беті боз,салкын тер басқан, қорқыныш сезімі байқалады. Пальпацияда – іштің тақтай тәрізді қатаюы және Щеткин-Блюмберг симптомы анықталады. Ұлтабар жарасы тесілгенде ауырғандық оң жақ бұғанаға беріледі, ал асқазан денесіндегі жара тесілсе ауырғандық сол жақ бұғанаға беріледі. Бұл ауырғандықтар 1-2 сағаттан кейін басылады.
Екінші – «шынайы емес амандық» кезеңі. 2-4 сағаттан кейін басталады. Ауырғандық басылады, науқастар өздерін жақсы сезіне бастайды, операциядан бас тартады.
Үшінші – перитонит кезеңі. 10-12 сағаттан кейіе дамиды.Науқастың жағдайы нашарлайды. Беті үшкірленеді, тері жамылғысы, кілегей қабаттары, тілі құрғақ. Іш қабырғасының кернелуі әлсірейді,бауырдың тынық дыбысы анықталмайды, ішек перистальтикасы естілмейді, жел шығуы кідіреді, диурез азаяды, метеоризм дами бастайды.Щеткин-Блюмберг симптомы айқын оң мәнді.Ауыр уланумен өтетін перитонит дамиды.
Жедел көмек,емдеу қағидалары: : тыныштық орнатып, басын бір жағына бұрып шокка қарсы шаралар орындап шұғыл түрінде ауруханаға жеткізу. Жедел көмек көрсету кезінде ауырғандықты басуға,су ішкізуге, жылы басуға, асқазанын шайып клизма жасауға тиым салынады.
Емі – хирургиялық. Операция көлемі ауырлығына қарай екі түрінде өткізіледі:тесілген жараға тігіс салу , немесе асқазан резекциясын орындау.
Ішектің жүрмеуі – нәжістің ішек ішінде қозғалуының кідіруі.
Даму механизмне байланысты екі түрге бөлнеді – динамикалық және механикалық.
Механикалық ішектін жүрмеуіне келесі түрлері жатады:
-странгуляциялық – түйлу,байлану(шажырқай тамырларның қысылуымен өтеді);
-обтурациялық – нәжіс тастары, паразиттар, сірі қабаттардың тыртықтары, түрлі ісіктер;
-аралас – странгуляция мен обтурацияның біріктірілген түрлері(дәнекерленген, инвагинация).
Динамикалық ішектің жүрмеуін спастикалық және паралитикалық түрлерге бөледі.Спастикалық(спазм-тарылу) ішек жүрмеудің негізгі себебі – жүйке жүйенің проблемалары,дискинезия, спазмофилия, ал паралитикалық(парез-салдану) ішек жүрмеудің негізгі себебі – іш қуысының қабыну аурулары, операциядан кейінгі кезең, пневмония, миокард инфарктысы аурулары.
Ішек жүрмеу деңгейіне байланысты - жоғары немесе жінішке ішекті, және төмен немесе қалың ішекті түрлерге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет