Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері


Патологиялық-анатомиялық өзгерістер



бет86/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   94
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Ірі қара малды зақымдалу ұлтабардың фундальді және пилорикалық аймағынды орналасқан. Сақа және бордақылаудағы шошқаларда - асқазанның өңеш жағында, ал торайларда – асқазанның фундальді аймағында болады. Шошқаларда алғашқыда асқазанның кілегейлі қабығының безсіз өңеш аймағыкератинизацияланады (гиперкератоз). Жағымды жағдайда керісінше дамиды.
Балау. Торайлар мен жас шошқаларда эрозиялы ойық жаралы синдромы есепке алынады. Асқазанға зонд енгізу және одан алынған жынды зерттеуден диагноздың шындығы артады. Копрологиялық диагностикалық зерттеуден бензидинді Грегерсен сынамасы жақсы нәтиже береді.
Емі. Ауру малды ауруларының түріне байланысты іріктеп, бөлек ұстайды. Стерсс жағдайларды болдырмайды. Асқазанның сөл бөлуін және асқазан сөлінің қышқылдығын артыратын азықтар және асқазан сөлін бермейді. Натрий гидрокарбонатын екі фазалы әсеріне байланысты байқап тағайындайды. Коллоидты алюминий гидрат тотығын (гидроксал) 50-100 мл, күніне 2-3 рет азықтануға дейін береді. Торайларға сүт немесе жасанды сүт, кілегейлі қайнатынды, сұйық ботқа басқа да диеталық азықтар береді.
Сақтандыру шаралары. Ең алдымен ульцерогенді факторларды, стерссті жояды. Сиыр мен мегежіндерді буаздықтың соңғы кезінде серуенге шығарады. Туған кезде оларға жағдай жасайды, тыныштық береді. Тууы кезінде ветеринариялық, зоотехникалық және технологиялық шараларды жүргізбейді. Мал басын топтастырғанда оларды бірыңғайлайды, жасына, бағуға байланысты. Қажет жағдайда нейролептиктер қоладанады. Оларға стресстерге қарсы құрамынды витаминдер, адаптогендер және микробтарға қарсы (данидин, даларгин, аминовит) кешенді препараттарды қосады.
Мес қарынның жіті кебуі
Мес қарынның жіті кебуі (Tympania ruminis acuta) – мес қарында газдың тез арада және көп мөлшерде жиналуының салдарынан оның шектен тыс кернелуімен сипатталатын дерт, ірі қара мал және қойлар арасында жиі, ал ешкі мен түйелерде сирегірек кездеседі.
Себептері. Қарынның негізгі кебуіне тез ашитын азықтарды көп мөлшерде жеген себепкер болады. Шырынды көк азықтар: жаңадан шабылған көк шөп, жоңышқа, беде және басқа да бұршақ тұқымдас өсімдіктер, уызданған кезіндегі жүгерінің собығы, көктеген күздік дәнді өсімдіктер, қырық қабат және қызылшаның жапырақтары үлкен қауіп тудырады. Бұл азықтар үймеде тұрып қалып қызған не жауынмен, таңғы шықпен ылғалданған кезінде немесе осы азықтардың бірімен азықтанған малды іле-шала тойдырып суғарған өте қауіпті.
Дамуы. Мес қарында жиналған газдардың біраз бөлігі жындармен бірге ілгері жылжып ұлтабарға, ішектерге жетеді де сол бөлімдерде денеге сіңіп кетеді, ал газдардың көбісі мес қарынның жоғарғы бөлігінде жиналады да кекіру арқылы сыртқа шығып кетеді. Мес қарын тез ашитын азықтарға толғанда газдар әдеттегіден көп пайда болады. Олар мес қарынның жоғарғы бөлігінде көптеп жиналады не ірі-ірі көпіршіктер құрап азық жынын көбіңтендіреді (көбіктенген тимпания). Жиналған газдың өздігінен шығарылуы қиындайды, сондықтан жиналған газдар мес қарынды кереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет