Дәріс курсы қ останай, 2021 Пікір сарапшылар



бет14/47
Дата14.09.2023
өлшемі0,77 Mb.
#107721
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47
2 - сұрақ. ХІХ ғ. басында-ақ Ф.Галль ми біртекті емес, сұр (қыртыс пен қыртысасты жасушалар) және ақ заттардан (өткізгіш талшықтар) тұратынын тапты, бірақ осы деректерге тиісті назар аудармады. Тек 1863 ж. киевтік физиолог Бец бұлшықеттермен байланысқан үлкен пирамидтік жасушаларды және сезім мүшелерімен байланысқан түйіршікті жасушаларды анықтаған. Ми жасушаларының құрылысы әртүрлі екендігі және әртүрлі қызметтерді орындайтыны дәлелденді. Ми қыртысы жоғары бағытталған жүйке жасушаларынан, олардың өсінділерінен, афферентті және эфферентті жүйке талшықтарының түйіндерінен және нейроглия жасушаларынан құралған және ми сыңарларын жауып тұратын үстіңгі қабат болып табылады. Кейін үлкен ми сыңарлары жаңа қыртысының 6 жасуша қабатынан (кейбір деректер бойынша 7) тұратын және көлемі, орналасу тығыздығы, пішіні, оларды құрайтын жүйке жасушаларының мөлшері арқылы ажыратылатын негізгі құрылымы екендігі анықталды.
Алтыншы (афферентті) қабат сезім мүшелерімен байланысқан түйіршікті
жасушалардан тұрады. Бесінші (эфферентті) қабат бұлшықет импульсін
басқаратын үлкен пирамидтік жасушалардан тұрады. Қыртыстың төртінші қабатына шеткі рецепторларда пайда болған импульстерді апаратын талшықтар кіреді. Бұл үш қабат қыртыстың алғашқы немесе проекциялық аймағын құрайды. Ми сыңарының үстіңгі қабаты оны бөліктерге (маңдай, төбе, самай, шүйде) бөлетін терең жүлгелерден және иірімдерден тұрады. Осыған сәйкес, ми қыртысының бірінші төбе (жалпы сезімтал), шүйде (көру), самай (есту) аймақтарын айырып көрсетті. Олардың негізгі қызметі – шеткі рецепторлардан келетін қозуды қабылдау және оны талдау. Қалыпты жағдайда туған балада үлкен ми сыңарлары қыртысының бірінші аймақтары бірден қалыптасып туады.
Ми қыртысының әрбір бірінші аймақтарынан құрылысы біршама күрделі болып келетін екінші және үшінші ми қабаттарынан тұратын екінші аймақ жүйесі реттеліп отырады. Олар аксондары қысқа жасушалардан тұрады, сондықтан қозу олардың шегінен тысқары шықпай, ассоциативті қызметті қамтамасыз ете отырып, қабаттың ішінде ғана жайылады. Үшінші қабат қысқа аксонды түйіршікті жасушалардан, ал екінші қабат қысқа аксонды пирамидтік жасушалардан тұрады. Ми қыртысының екінші немесе проекциялық- ассоциативтік аймақтары қозу синтезі қызметін қамтамасыз етеді. Ми қыртысының екінші төбе (жалпы сезімтал), шүйде (көру), самай (есту) аймақтарын айырып көрсетті. Екінші аймақтар 2-3 жасқа қарай жетіледі.
Үлкен ми сыңарларының жекелеген сезгіш аймақтарында бірінші
қабаттың жасушалары (қысқа аксонды жасушалар) орналасқан. Бұл қабат ми қыртысының үшінші немесе ассоциативтік аймағын құрайды, оның негізгі қызметі қозудың екінші синтезі болып табылады. Ми қыртысындағы үшінші аймақтың екі тобын атап көрсетуге болады: артқы немесе самай-төбе-шүйде (шүйде, самай, төбе аймақтарының түйіскен жерінде орналасқан) және алдыңғы. Ми қыртысының үшінші аймағы жекелеген анализаторлардың қыртысты бөліктерінің бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Артқы үшінші аймақ 6-7 жасқа қарай, ал алдыңғысы 14-15 жасқа қарай жетіледі. Мидың осы барлық жүйелері бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. А.Р. Лурия ми қыртысының әртүрлі топографиялық бөліктерінде жеке қыртыс қабаттары біркелкі таралмағанын ерекше атап өтті. Бастапқы жүйке жасушалары түрлерінің саны көп емес, дегенмен нейрондардың бірігу сипаты, олардың бір-бірімен байланысуы мен орналасуы байланыс түрлерінің шексіз санын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Кез келген тұжырымдама бірқатар принциптер (лат. рrincipium – негіз) арқылы дәлелденеді, соның ішінде ми мен психиканың өзара байланысу тұжырымдамасы. А.Р. Лурия, Е.Д. Хомская, О.С. Адрианов, Л.С. Цветкова, Н.П. Бехтерева және т.б. жұмыстарында ми құрылысы мен жұмысының негізгі принциптері жинақталады.
Осы зерттеушілердің арқасында мидың ұйымдастырылуы арқылы барлық макрожүйелерге тән құрылыс пен қызмет етудің жалпы принциптерін, сондай-ақ осы жүйелердің динамикалық өзгермелі жеке ерекшеліктерін анықтауға болады. А.Р. Лурия мидың психика құралы ретінде оның эволюциясы мен құрылысының келесі принциптерін атап көрсетті:
- эволюциялық даму принципі, оның негізі бойынша эволюцияның түрлі
кезеңдерінде ағзаның ортамен қарым-қатынасы және оның мінез-құлқы жүйке жүйесінің түрлі аппараттарымен реттелінеді, демек, адам миы ұзақ эволюциялық дамудың өнімі болып табылады;
- ежелгі құрылымының сақталу принципі, ол бойынша мидың бұрынғы
аппараты сақталады да, жаңа қосылыстарға негізгі орын беріп жаңа рөл алады. Олар көбінесе мінез-құлқы фонын қамтамасыз ететін аппаратқа айналады;
- мидың қызметтік жүйесінің вертикалды құрылым принципі, ол бойынша мінез-құлықтың әрбір формасы жүйке аппаратының түрлі деңгейлерінің бірегей жұмысын қамтамасыз етеді, олар бір-бірімен кіруші және шығушы байланыстармен байланысады, миды өздігінен реттеуші жүйеге айналдырады;
- мидың түрлі жүйелерінің иерархиялық қарым-қатынас принципі, ол
бойынша шеткі сезім мүшелерінде пайда болатын қозу алдымен қыртыстың бірінші аймағында (проекциялық), кейін екінші аймағына таралады, олар шеткі қозу кезінде күрделі қызметтер жүйесіне айналатын соматотопикалық проекцияға қосатын интегративті рөл атқарады;
- ми қыртысы бірінші аймағының соматотопикалық ұйымдастырылу принципі, ол бойынша дененің әр бөлігіне үлкен ми сыңарлары қыртысындағы қатаң тәртіптегі арнайы пункттер сәйкес келеді (дәлме дәл);
- қыртыстың қызметтік ұйымдастырылу принципі, қызметтің рөлі мен оның үлкен ми сыңарлары қыртысы проекциясының қарым-қатынасын көрсетеді: неғұрлым қызметтік жүйенің маңызы көп болса, соғұрлым оның проекциясының аумағы ми қыртысының бірінші аймағында көп болады. Осы принциптің иллюстрациясы белгілі Пенфилда сызбанұсқасы болып табылады;
- прогрессивті кортиколизация принципі, оның мәні бойынша жануар эволюциялық баспалдақта неғұрлым жоғары тұрса, соғұрлым оның мінез-құлқы қыртыспен реттеледі және бұл реттеудің дифференциялық сипаты жоғарлайды.
Одан басқа А.Р. Лурия адамның психикалық қызметінің қалыптасуы қарапайымнан күрделене түсетінін айтты. О.С Адрианов ми туралы ғылымды толықтырып дамытты және екі принципін қалыптастырды:
- вертикалды ұйымдасқан қозу өтетін жолдардың көп деңгейлі қарым-қатынас принципі, бұл афференттік сигналдардың әртүрлі типтерін қайта өңдеуге мүмкіндік береді;
- мидың түрлі жүйелерінің иерархиялық тәуелділік принципі, оның
көмегімен әр жүйенің бостандық деңгейі азаяды да, бір иерархия деңгейін басқа деңгеймен басқару мүмкін болады. Е.Д. Хомская қазіргі көзқарасқа сүйене отырып, миды психиканың бір саласы ретінде алып, жоғары дәрежелі ми қызметінің локализация теориясының екі негізгі принципін негізге алды [29,78б.]. :
- жүйелі локализация қызметінің принципі (әрбір психикалық қызмет мидың жүйелі қызметтік құрылымымен тығыз байланысты);
- динамикалық локализация қызметінің принципі (әр психикалық қызмет
әртүрлі жастағы әртүрлі адамдарда мидың динамикалық өзгерісі болады).
Жоғарыда аталған мидың құрылымдық-қызметтік ұйымдастырылуының басты принциптері нейроанатомиялық деректерді талдау негізінде құралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет