Дәріс тақырыбы: «Дене қасиеттерін (қимылды) жетілдірудің физиологиялық механизмдері»


Күш дамуының жас бойынша ерекшеліктері және күштің қорлары



бет3/6
Дата21.10.2023
өлшемі99,14 Kb.
#120137
1   2   3   4   5   6
2.1. Күш дамуының жас бойынша ерекшеліктері және күштің қорлары.
Адамның жасы ұлғайған сайын жүйкелік реттелудің жетілуіне, бұлшық ет химизмінің және құрылысының өзгеруіне байланысты бұлшық еттердің салмағы мен күші артады. Ұлдарда 4-5 жастан 20 жасқа дейін бұлшық ет салмағы 7,5-8,5 есе; максимальды күш 9-14 есе артады.
Күштің біршама өсімі 13-15 жас пен 16-17 жас аралығында байқалады да, максимальды деңгейіне 18-20 жаста жетеді.
Күштің қорлары: 1) бұлшық еттердегі қосымша ҚБ (қимыл бірліктерінің) қосылуы; 2) Бұлшық еттердегі ҚБ үйлесімділігі; 3) антогонист-бұлшық еттердің уақытылы тежелуі; 4) агонист-бұлшық еттердің жиырылуының бағдарлануы; 5) бұлшық ет талшықтарының қуатты ресурстарының артуы; 6) бұлшық ет талшықтарының жекелей (оқшауланып) жиырылудан тетаникалық жиырылуға өтуі; 7) бұлшық еттер созылғаннан кейін жиырылуының артуы; 8) бұлшық ет талшықтарының құрылымының және биохимиясының жетілуі (жұмыстық гипертрофия).
3. Шапшаңдықтың физиологиялық сипаттамасы
Шашаңдық – ағзаның минимальды, қысқа уақыт ішінде қимылдар орындай алу қабілеті. Шапшаңдықтың қарапайым және жинақты түрлері бар. Қарапайым түріне жатады: 1) қимыл реакциясының жасырын уақыты (сигнал берілуінен қимылдың басталғанына дейінгі уақыты); 2) бір қайтарымды қимылдардың жалпы шапшаңдығы; 3) қимылдардың максимальды ырғағы, мысалы, спринтерлік жүгіруде.
Шапшаңдықтың жинақты түрі спринтерлік жүгулерді, секірулерді, соққы берулерді орындағандағы спорттық қызмет кезінде айқындалады. Шапшаңдықтағы маңызды мәселе – ақыл-ой операцияларының қысқа уақытта жүзеге асуы. Мысалы, тактикалық міндеттерді шешуде жоғары дәрежелі спортшылар бар жоғы 0,5-1с уақыт жұмсаса, шешім қабылдау уақыттары осы кезеңнің жартысын ғана құрайды.
Физиологиялық тұрғыдан қимылдар шапшаңдығындағы маңызды мәселелер: 1) лабилдік – жүйке және бұлшық ет жасушаларындағы қозудың өту шапшаңдығы; 2) жүйке процестерінің қозғалмалылығы - жүйке жүесіндегі қозу мен тежелу процестерінің алмасу шапшаңдығы; 3) қаңқа бұлшық еттеріндегі шапшаң және баяу бұлшық ет талшықтарының ара қатынасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет