Дәріс№1№2 Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы



бет3/83
Дата05.12.2023
өлшемі338,05 Kb.
#134397
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
ДӘРІС №1,2.3,4,5,6,7,8,9,10 (1)

Көшпелілік
Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта қалыптасты. Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде орнығыэволюциялық жолмен дами бастады. Көшпелілер мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды.
Бугинги сабакта.
• көшпелі малшаруашылығының пайда болуы;
• көшпелілікті анықтау;
• Ұлы Даладағы ерте көшпелілік - скифтер, сақтар және сарматтар;
• сақтардың әлеуметтік ұйымы туралы білеміз.


Көшпеліліктің пайда болуы. Далада ұзақ ғасыр көшпелі малшы-егінші шаруашылығы өмір сүрді. Б.з.б. II мынжылдықтың ортасында көшпелі малшаруашылығына өтудің барлық алғышарттары қалыптасқанымен, ол жүзеге аспады. Көшпелілікке өтуге б.з.б. І мыңжылдықта болған кезекті құрғақшылық ықпал етті. Б.з.б. I мыңжылдықтың алғашқы жартысында құрғақшылыққа ұшыраған Далада шаруашылық жүргізудің жалғыз түрі көшпелілік болды. Ұлы Даланың барлық белдеуінде андрондық мәдениет түрінің мұрагерлері тұрақты қоныстардан бас тартып, жыл бойы көшіп жүретін көшпелілікке ауысты. Қоныстар мүлдем бос қалды немесе маусымдық қонысқа айналды. Осыдан бастап малшаруашылығы басты шаруашылық түріне айналды. Көшпеліліктің тағы бір ерекшелігі малды жыл бойы далада бағу болды. Андрондыктар қыс мезгілінде малды өз баспаналарында ұстады немесе арнайы қорада бақты. Олар малды алдын ала дайындалған азықпен (шөппен) асырады. Өйткені ол кезде, негізінен, қар астынан өздігінен шөп таба алмайтын сиыр түлігі басым болған еді.
Көшпелілік. Көшпелілік (көшпелі малшаруашылығы, номадизм) - шаруашылық түрі. Оның басты сипаты: жыл бойы малды жайылымда бағу; белгілі бір жайылымдық аумақта мал жаю үшін көшіп-қону; көшіпқонуға тұтас жұрттың қатысуы; малшылықтың - шаруашылықтың ең негізгі түрі саналуы.
Ұлы Даладағы ертедегі көшпелілер. Андрондык мәденнет түрінің орнына сақ-скиф деп аталатын мәдени-тарихи қауым келді. Ежелгі гректер скифтерді ертедегі көшпелілер деп атаған. Бұл атау Батыс ғылымында қолданысқа енді, мәдени сипаты, шаруашылық түрлері, қарулары, жерлеу салттары мен сыртқы түрлерінің ұқсастығына, өнердегі сәйкестіктеріне байланысты кейін барлық көшпелі осылай аталып кетті. Алайда ертедегі гректер, парсылар мен қытайлар Далада әртүрлі тайпалар өмір сүретінін жақсы білді. Олардың сол кездегі нақты атауларын бізге жеткізді. Сондықтан қазіргі замандағы Қазақстан ғылымында бұл дәуірді Ұлы Даланың ортаазиялық бөлігінде мекендеген тайпаның атауымен - сақ немесе сақ-сармат кезеңі деп атайды.
Сақтар. Ертедегі көшпелілер - сақтар, скифтер (көне парсыша - сака, көне қытайша - сэ) мен сарматтар және Ұлы Даланың шығыс бөлігіндегі тайпалар туралы тек археологтердің деректерінен ғана емес, сондай-ақ көптеген жазба дереккөз арқылы да білуге болады. Б.з.б. VI ғасырдың соңындағы ежелгі парсы жазбалары - сақтар заманы туралы жазылған ең алғашқы дереккөз. Ежелгі парсы бедерлі суреттерінде сақтардың бейнесі де кескінделген. Екінші жазба дерек Геродоттың еңбектері мен грек-римдік тарихнама дәстүрінде кездеседі. Үшінші дерек б.з.б. І мыңжылдық соңына жататын көнеқытайлық жылнамаларда баяндалады. Парсы патшасы I Дарийдің бехистундық жазбаларында оның Орталық Азияға сак-тиграхаудаларға («шошақ бөрік киетін») жасаған жорығы сипатталады. Олардың үлкен өзен жағалауында өмір сүретіні («Парадарайя»), сол өзенді Дарийдің кесіп өткені баяндалады. Басқа жазбаларда Дарий өз империясының солтүстік шетіндегі мемлекетті «соғдылықтардың сыртындағы сақтар» деп атаған. Сондай-ақ сақтар хаомаваргалар туралы да айтылады. Парсылар мен гректер сақтардың өзге де тайпалары: дахтар (дайлықтар), массагеттер, сарматтар (савроматтар), исседондыктар туралы мәлімет береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет