Қарағанды өңірі ірі көмір аймағына айналды.
Ембі мұнай кәсіпшілігі
қарқынмен жұмыс істей бастады. Сондай-ақ республикадағы химия
өнеркәсібінің тұңғышы Ақтөбе химия комбинаты салынды.
Сонымен қатар елімізді индустрияландыруда қателіктер де жіберілді.
Қазақстандағы индустрияландыру тек шикізат өндіруге бағытталды.
Қазақстанда салынған заводтардың барлығы шикізат шығарды. Шикізат
Республикадан тасып әкетіліп, дайын өнім Ресей заводтарында шығарылды.
Республикадағы өнеркәсіптің бұлай қалыптасуына
Смағұл Сәдуақасов
сияқты
қайраткерлер
қарсы
шықты.
Сәдуақасовтың
айтуынша
республикадағы шикізат басқа жаққа тасылмай, шикізат алынған жерде
өңделіп, дайын өнім шығарылуы тиіс болды. Бірақ оны Голощекин
сияқтылар ұлтшыл
деп айыптап, республикадан кетуге мәжбүр етті.
Қоғамдық – саяси ситуация.
1936 жылы КСРО конституциясы қабылданды. Бұл конституция
әміршіл-әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, Қазармалық
социализм орнады. Жеке адамның құқығы ескерілмеді. Қазақстанда жазалау
шаралары (репрессия) басталды. Ең алдымен жазаға ұлттық демократиялық
зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, қазақ елінің біртуар ұлдары Ә.
Ермеков, Ә.
Бөкейханов, Ж. Аймауытов, Ж. Досмухамедов т.б. ұшырады.
1937-1938 жылдары жазалау шаралар өте күшті өтті. Осы жылдары
репрессияға ұшырағандар:
-
Кеңес өкіметін орнатуға ат салысқандар: Т. Рысқұлов, С. Шәріпов, Ә.
Әйтиев, Н.
Төреқұлов, Б. Алманов, С. Мендешов, С. Арғыншиев, А.
Асылбеков т.б.
- Партия, қоғамдық ұйым қайраткерлері: О. Жандосов, Т. Жүргенов, Қ.
Тәштитов, Н. Нұрмақов, А. Досов, О. Исаев, Ұ. Құлымбетов т.б.
- Революция жеңісін қорғап, ақ гвардияшыларға қарсы күрескендер: Т.
Әлиев, М. Масанчи, С. Жақыпов т.б.
-
қазақ әдебиеті мен ғылымының белгілі өкілдері: Б. Майлин, І.
Жансүгіров, С.Сейфуллин, М.Дулатов, М.
Жұмабаев, С. Аспандияров, А.
Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Төлебаев т.б.
- орталықтан Қазақстанға жіберілген партия қызметкерлері: Л. И.
Мирзоян, К. Я. Рафальский, В. Н. Андроников т.б.
Бұлардың барлығы «халық жауы» ретінде жендеттердің қолынан
жазықсыз қаза тапты. Қазақстан жерінде жазықсыз
жазаға ұшырағандарға
арналған лагерлер пайда болды. Олар: Карлаг (Қарағанды еңбекпен түзеу
лагері), Степлаг т.б. Осылардың ішінде ең ірісі «ЧСИР»-халық жауларының
отбасы мүшелеріне арналған лагерь. Кейіннен ол «Алжир» халық жаулары
әйелдерінің Ақмола лагері атанды. Жеке адамға тоталитарлық жүйе кесірінен
101 000 қазақстандық лагерь азабын көрді. Олардың 27 000-ы атылды.
Достарыңызбен бөлісу: