6.2. Табиғи су көздері, оларды салыстырмалы сипаттау және гиигеналық бағалау. Шығу тегіне қарай су атмосфералық, жер беті және жер асты суы деп бөлінеді.
Атмосфералық сужер бетіне жауын, бұршақ, қар, шық және тұман күйінде түседі. Олар құрамындағы газдардың (азот, оттегі, көміртегінің қос тотығы) жоғарылығымен ерекшеленеді.
Жер бетіндегі сулар жер бедерінің ( шалшық, тоған, өзен, көл, теңіз) ойпаңдау тұсына барып орын тепкен амосфералық су мен жер беті суының кейбір бөлігі.
Жер асты суы ең алдымен атмосфералық судан тұрады. Өйткені, атмосфералық су топырақтың төменгі қабатына өтеді де, онда жер асты су ағыны немесе су қоймасы ретінде жиналады.
Құрамындағы минералды қосылыстардың басымдылығына қарай минералды су бірнеше түрге бөлінеді: хлоридті (құрамында сутек және хлорлы натрийдің көп мөлшері бар); сульфидті ( құрамында күкіртті сутегі бар); көмірқышқылды натрийдің көп мөлшері бар); сульфидті ( құрамында күкіртті сутегі бар); көмірқышқылды (құрамында карбонаттар және көмірқышқыл газы бар); ащы сулар (құрамында күкірт қышқылы, магний бар) және басты компоненттердің бірінің атымен аталатын ( йодты, радонды немесе радиоактивті) минералды сулар.
Артезиан суы оның гигиеналық қасиетіне байланысты өте жоғары бағаланады. Ол микроорганизмдерден толық дерлік таза. Сондықтан да ешқандай тазартылып, зарасыздандырмай-ақ іше беруге болады.
Табиғи су көздерінің ластануы. Бүкіл ластаушы заттар, оның ішінде антропогенді және техногенді заттар да табиғи сумен араласып оның сапасын өзгертеді. Ластанған табиғи суды ішуге, шомылуға, су спортына, тіпті техникалық қажеттілікке пайдалануға болмайды. Мұндай су балыққа, суда жүзетін құстарға, малға тағы басқа организмге зиянын қатты тигізеді. Олар ауруға шалдығып, біразы қаралап қалады. Жер беті және жер асты суына мұнай мен оның өнімдері зиянды әсерін тигізеді. Судың 1 литрінде 0,1 г мұнай шоғырланса, балық етіне ешқандай технологиялық өңдеу ала алмайтын дәм мен ерекше өткір иіс пайда болады.