5.5. Топырақтың ластану көздері және оны қорғау шаралары.
Топырақты негізгі ластаушыларға пестицидтер ( улы химикаттар), минералды тыңайтқыштар, өндіріс қалдықтары, ластанған заттардың ауадағы газды-түтінді ұшқындары, мұнай және мұнай өнімдері, т.б. жатады.
Топырақтың ластануы дегеніміз – химиялық заттар, биологиялық организмдер (бактерия, вирус, қарапайымдылар, гельминттер) мен олардың тіршілік өнімдерінің шамадан тыс мөлшерде болуы.
Химиялық ластаушылар үлкен екі топқа бөлінеді: бірініші топқа пестицидтер, минералды тыңайтқыштар, өсімдіктіңөсуін реттегіштер және т.б. бұл препараттарды шамадан артықберсе топырақты ластаушылар болып шыға келеді. Ал, екініш топқа
мал шаруашылығы мен өнеркәсіптен, монша, емдеу-санитариялық және малдәрігерлік мекемелерден ағып шыққан сулар мен нәжіс және зәр араласқан қалдық суларды жатқызуға болады.
Топырақты санитариялық қорғау жұмыстарын іске асыру кешенді шараларды жүргізуді талап етеді:
- тиісті ауыспалы егіс жүйесімен бірге жерге орагникалық және минералдық тыңайтқыштар себудің маңызы бар;
- топырақ індеттері мен гельминтоздарының алдын алу үшін ондай қаупі бар өрістерде малды жаюды тоқтатады, ауруға тез шалдығатын малға вакцина егеді.
- мал өнімдері, шикізаттары, тері зауыттары, мал зауыты,
мал сою алаңдары және т.б. нысаналарды салу кезінде ветеринариялық-санитариялық ережелерді қатаң сақтау керек;
- ауру мал өлексесі жатқан топырақты дезинфекциялайды? Дезинфекциялық ерітнді шығыны 10 л/м2, ал экспозиция 72 сағат.
- спора түзетін індетпен ластанған топырақты термикалық тәсілмен өңдеп 50 см тереңдікке дейін залалсыздандыру қажет.
Топыраққа санитариялық жағынан баға беру физикалық, химиялық,, бактериологиялық және гельминтологиялық зерттеулер деректері бойнша жүргізіледі. Зерртеудің сипаттамасы мен бағдарламасы топырақты бағалау мақсатында келіп саяды.