6.3. Судың ластану көздері және оны қорғау (паспорттау, санитариялық күзет аймағы – СКА және т.б.) Табиғи су көздері нің басты ластаушыларына тау-кен, өнеркәсіп, өңдеу кәсіпорындары мен мал шаруашылық орындары да жатады. Ал, ең көп тараған ластаушы заттарға түсті металдар, күрделі химиялық қосындылар, мұнай, минералды тұздар, радиоактивті қоспалар, пестицидтер және т.б. өндіріс қалдықтарыкіреді. Суда онымен ағаын ағаш, жаңқа, үгінді тәрізді түрлі ағаш қалдықтары мен қабығының түсуі де айтарлықтай зиян келтіреді.
Қазіргі қағидаларға сай суды зерттеу нәтижелеріне қарамастан, су көздері санитариялық күзет аймағымен қамтамасыз етілуі тиіс және тек күзеті бар су көзі ғана пайдаланады.
СҚА дегеніміз – су көздерінің және су құбыры құрылысының айналасындағы белгіленген тәртіп сақтауға тиіс территория. Мақсаты – су көздерін, су қбырын, құрылысын, олардың территорияларын ластандырмас үшін күзетпен қаматмасыз ету.
Су көздеріндегі судың сапасы мен мөлшеріне сипаттама беру үшін санитариялық паспорт пайдаланылады. Бұл құжатта су көзінің санитариялық жағдайы, тексеру нәтижелері, судың химиялық құрамы мен бактериологиялық көрсеткіштері, мал арасында, әсіресе суға байланысты шығатын аурулардың барлық шығу жағдайлары көрсетіледі. Санитариялық паспорт су көзінің басында жүргізілген санитариялық зерттеулердің негізінде толықтырылып, эпизоотологиялық, топографиялық және техникалық жағдайлары анықталады.
Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету жүйелері Су ресурстарын пайдалану сипаты бойынша шаруашылықтарды сумен қаматамасыз ететін мынадай жүйелер бар: суды жер бетіндегі жер көзінен (өзен, көл) алатын, жер асты су көзінен алатын (артезиан, бұлақ, т.б.) және атмосфера суынан алатын (жауын-шашын, қар суы) жүйелер.
Сумен қамтамасыз ететін бір ғана жүйе бірнеше объектіге қызмет көрсеткен кезде топтық немесе аудандық жүйелер салынады. Ол бір жерге шоғырланған жүйе деп аталады.
Егер шаруашылықта әрбір су тұтынатын пункттің сумен қамтамасыз ететін жеке схемасы болса, ондай жүйе жергілікті жүйе деп атайды.
Сумен қамтамасыз ететін жүйелер бағыттары боййынша : елді мекендерге арналған (қала, қастақ, ауыл), өндіріске және ауыл шаруашылығына арналған деп бөлінеді.
Малды суарғыштармен, шелекпен, астаудан немесе тікелей су көзінің өзінен суарады. Ең дұрысы автоматты суарғыштар.ірі қара малы кешендерінде суару үшін жеке автосуаттар (ПА-1А және АП-1) мен топтық суаттар қолданылады.
Құс суару үшін науалы (АП-2 типті), табақшалы (П-4А), вакуумды (ПВ) және ниппельді суаттар қолданылады.
Терісі бағалы аңдар мен үй қояндарын суаруға ниппельді, диафра.гмалы, табақшалы, рычагті-клапанды, тағы басқадай суаттар қолданылады.