Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет60/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   119
Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
96 
берген бір жұмбақ нұрлы сезім билеп алғандай. Ол алыс жолдағы 
жарына жүрегінің ең тереңінен ағыл-тегіл ақтарылып жатқан алғысын 
айтар еді – ол бəрібір естімейді. Ибаны, именшектікті бəрін лақтырып 
тастап, мынау лапылдаған жас тəнін, жаңбыр сағынып, кенезесі кеуіп 
жатқан аптап алқаптай аппақ төсін айқара ашып, бауырына қысар еді, 
мынау абажадай кең сарайда оның жайылған құшағына түссіз ауа, тұлдыр 
кеңістіктен басқа ештеңе бəрібір ілікпейді. 
Ұлы Əміршіге деген риясыз көнілін хатпен айтса ерсі, кісіден айтып 
жіберуге болмайды. Ол патшазадаға, асыл жарына, өз жүрегін, өз тəнін 
шымырлатып шыққан ықыласы мен шексіз махаббатын қалай білдіре 
алады? Ол жорықтан оралып, мына бөлмеге аттанғанша қашан? 
Құмарынан шыққанша құшып, қордаланып алған көл-көсір сезімді ақтара 
салар арманды күннің қай кезде туатынын кім біледі? Оған дейін ұлы 
патшаға деген ыстық ықыласы мен риясыз алғысын қайда жұмсайды? 
Мынау қайтадан қанын кептіре бастаған махаббат шөлін немен 
қандырады? Оның жолына құрбандыққа шалынуға əзір ниетін Əміршінің 
өзіне, анау қызғаншақ бəйбішеге, сарайдағы сыпсыңдасқан көп 
қызметшіге, шаһарға, мынау жарық жалғанның түгел бəріне қалай 
жариялай алады... Осы қазір, ең болмаса, ертең ел-жұрт соны естімесе, 
мұнша шалқар мұхит қуаныштан жүрегі жарылып кетердей. Əмірші ие 
жорықтан оралғанша сарылып өтіп болмай-тын сағыныш күндері мен 
ыстық іңкəрдің шоғына шарпылған тауқымет түндерін қалай өткізе 
алады? Өне бойын кеулеп алып бара жатқан мынау сезімге нені басу 
қылады? Бұған дейінгі бəйбішені қайтсем шамдандырам деп жүрген күйкі 
қаракеті мынандай алапат сезімге кенеу бола ма? 
Қазір-ақ жолға шығып, жорықтағы жарының соңынан барар еді. Өйтсе, 
Əміршінің шамына тиеді, əрі мынау сасық ауыз көп шуылдақтың өсегіне 
ілінеді. 
Ханым төсегінің үстінде шашылып жатқан асыл тастарды жинамаған күйі 
бір шетіне қисая кетіп, қиялға шомды. Ұлы əміршінің мынандай риясыз 
ықыласының есесін немен қайтармақшы? Ертең алыс жорықта қалжы-рап 
оралған оны немен қуанта алады. Шіркін, падишамен қосылғалы бері жар 
ңызығын қызықтап та құмарынан шыға алмады. Əмірші жорыққа 
аттанбай тұрып құрсақ көтеріп қалса ғой, қазір мынау жіберген 
сыйлығының қарымтасын жақсылық хабармен қайтарар еді. Екі қабат 
əйелдің құрсағындағы жас нəрестенің əр қыбырын аңдып тықыршыған 
күндері, мынау айналасын түгел аңылжытқан сар тап сағынышты да 
байқатпас еді. Оның əр қимылын хатқа салып, Əміршімен үзбей 
хабарласып тұратын сылтау да табылар еді. Ертең ол келгенше аман-есен 
босанып, алдынан тал бесіктегі кішкене ханзаданы көтеріп шықса, 
күйеуінің көңілін біржолата бір өзі иемденер еді, балаларын алға тарта 
беретін бəйбішенің де аузына құм құйылар еді. Бірақ қолында дəл қазір 
ондай қайранның жоғы есіне түсіп, тағы да аңтарылып қалды. 
Ол Ұлы Əміршінің өзіне деген қимас көңілінің есесін риясыз 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет