Әбу Наср әл-Фараби (870–950) – энциклопедист ғалым, әдебиет зерттеушісі, ақын. Әбу Наср Әл-Фарабидің әдеби-ғылыми мұрасы


Ұлы данышпанның ғылыми еңбектері туралы



бет3/5
Дата21.12.2022
өлшемі51,34 Kb.
#58857
1   2   3   4   5
Ұлы данышпанның ғылыми еңбектері туралы қысқаша мəліметтер. Əбу Насыр əл-Фарабидің өзінен: Сіз қандай ғылымдар саласында еңбек еттіңіз? – деп сұрай қалсақ, ол не дер еді? Біздің ойымызша, ол былай дер еді: Менің айналысқаным бір-ақ түрлі ғылым, оның аты – «Табиғат пен адамзат» деп аталады. Оп-оңай, екі-ақ ауыз сөз. Бірақ осы екі сөздің шеңберінен тыс ғылым қайда, ондайды естіген жан бар ма? Олай болса, Фараби қамтыған ғылым мен өнер жоқ деуге болады.
Ол жаратылыстану, философия, астрономия, математика, медицина, логика, этика, метафизика, жағрафия, əдебиеттану, тіл білімі, музыка сияқты ғылым салаларынан 164 трактат жазғаны мəлім .
Бір қызығы, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш – 160, ал тəжік ғалымы Б. Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді.
Келтірілген еңбектер санының өзі Фарабиден бізге көп мұра қалғанын байқатады. Мың жылдан асса да осынша рухани мол дүниесінің қолдан қолға өтіп бізге аман жетуі Фарабидің ұлылығының, данышпан білімпаздығының тағы бір айғағы болса керек. Ендігі парыз осы еңбектердің барлығын жинап, екшеп-талдап ұрпақтар кəдесіне жарату болып отыр.
Əл-Фарабидің мұрасын зерттеуге жол ашқан немістің атақты ғалымы Дитерици болды. Осынау зерделі зерттеушінің бағалауынша, əл-Фараби ғылымдағы ержүрек қаһармандар санатына қосылады. Ол «соқыр сенім кесапатына қарсы, өзінің тарихын қанмен жазған, рухани бостандық пен гуманизмнің қасиетті заңдарын таптау үшін бар зұлымдығын жасап баққан баққұмар мансапқорлыққа қарсы аянбай күресті».
Əбу Насыр əл-Фараби өзінің барлық жұмыстарын адамға арнады. Арабтілді философтар шешкен басты мəселелер – білім, таным, дүниедегі Ақиқатты іздеу мəселелері болды.
Ол үшін əл-Фараби ежелгі грек ғалымдарының еңбектерін өз бетінше оқып, талдап, түсіндірмелер жазып, ары қарай дамытқан, трактаттар жазған. Ол шамамен Аристотельдің барлық кітаптарына түсініктеме берген. Птоломейдің «Алмагесіне» жəне Порфирийдің «Эйсогесіне» түсініктеме жазған. Эфклидтің геометрия жайындағы кітаптарын терең зерттеген. Платонның күллі кітаптарын оқыған.
Өкінішке орай, ұлы ғалымның ұшан-теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып, бүгінгі ұрпақтың қолына тигені қырыққа жуық ғылыми еңбек деуге болады. Осы шығармалардың ежелден бері-ақ жұртшылыққа танымал болып, философиялық жəне ғылыми ойдың одан кейінгі дамуына тигізген əсері толассыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет