Әдеби шығармашылық мәні: табиғаты мен тарихы



бет14/19
Дата10.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#91703
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
19

  1. Жоқ

  2. ЖОқ

  3. Жоқ

20

  1. Жазушы және қойын дәптер

  2. Ұлттық поэзия жанр мен көркемдік

  3. Жамбыл халық поэзиясы

21

  1. Жоқ

  2. Жоқ

  3. Жоқ

22

  1. Сатира

Қазақ әдебиеттану ғылымында сатираны, оның негіздері мен дамуын, жанрлық ерекшеліктері мен жүйесін жан-жақты зерттеген ғалым ретінде бірінші кезекте филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеев сынды үлкен зерттеушіні атап өту әділдік болар еді. Оның «Сатира негіздері» монографиясы – көп жылдық зерттеудің жемісі. Қазақ сатирасы мен юморының теориялық негіздері мен қалыптасу кезеңдерін саралауда, әлемдік әдеби дәстүрмен сабақтас көкейкесті мәселелері мен жеке авторлар шығармашылықтарындағы көркемдік ізденістерін айқындауда, бүгінгі таңдағы көкейкесті жайларын анықтауда ғалым жүйелі еңбектенді, маңызды ғылыми тұжырымдар жасады. Сондықтан да Т.Қожакеев еңбегі басшылыққа алынуға тиісті фундаментальды зерттеу деп есептеп, еңбекті негізге ала отырып, кейбір ой-пікірлерімізді білдіреміз.

Ғалым сатира туралы әдебиеттанушылардың ой-толғамдары мен тұжырымдарының бір арнаға түспегенін, бірақ бірін-бірі жоққа шығармай, қайта толықтырып тиянақтайтындығын атап көрсетеді. Бірі – сатираны әдебиеттің тегі, екіншісі – өмірдің жеке құбылыстарын суреттеудің әдіс-тәсілі, үшіншісі – әшкерелеуші уытты әдеби шығарма, төртіншісі – көркем әдебиеттің өзіндік түрі деп қорытынды жасаса, бұлардың қай-қайсысы да шындықтан алшақ емес. Зерттеушілер пікірлерінің тоғысатын тұстары – сатира, қалай болғанда да, қоғамдағы жағымсыз болмыс-құбылыстарды, адам бойындағы ұнамсыз мінез-қылықты, әдеп-тәртіптерді әшкерелеп, күлкіге жығу, келеке ету мақсатымен, Абайша айтқанда, «ызалы жүрекпен» жазылады. Сатираның өмір сүру, көрініс табу мүмкіншілігі кең, болмыс-құбылыстарға араласу, суреттеу дәрежесі автордың шеберлігіне орай әр түрлі.


Тұтастай алғанда, Т.Қожакеевтің пайымдауынша, сатира әдебиеттің бір тегі ретінде де көріне алады. Авторлардың бастан-аяқ күлкілі ситуацияға негізделіп, сықақтық уытпен жазылған, таза сатиралық шығармалары әдебиеттің дербес бір тегін құрайды. Мұнда әдебиеттің өзге жанрларына қарағанда өмірді зерттеп білудің, суреттеудің өзіндік эстетикалық принциптері, көркемдік әдіс-амалдары жетекші орын алады. Болмыс-құбылыстарды бағалаудың, танудың ерекше түрлері қолданылады. Қиялдауға, шарттылыққа, кездейсоқтыққа, түсінбестікке, әсірелеуге негізделеді. Шарж, карикатура, гротеск, сарказм, ирония алдыңғы кезекке шығады.


Сын-сықақ туындыларының осындай ортақ белгілерін теориялық тұрғыдан қорыта келіп, Т.Қожакеев сатираның сипатына баға береді: «Сатирада ащы кекесін, күлкі ету, мазақ қылу, жоққа шығару, үкім айту, адам қиналысын аңдау, адам жүрегінің түкпіріне үңілу, көңілділік пен күрсініс, тенденциялық пен қатаң әділдік, лирикалық сезім мен ғылыми талдау тоғысып жатады. Сөйтіп, сатира қарама-қайшылықтардың бірлігінен туындайды» [2,7],- дейді.


Сатираның өзіндік басты қандай белгілері бар?


Бірінші – сатира өз объектісін негізінен түгелдей жоққа шығарады;


Екінші – ащы тіл, кекесінді стиль, әжуа-сықақ – сатираның басты қаруы; Ол – жай сынау емес, мазақтай, келемеждей сынау; Ол – буырқанып ыза-кекпен, өшпенділікпен әшкерелеу;


Үшінші – жағымсыз болмыс, адамға, қоғамға зиянды құбылыс – сатира нысанасы; Сатира ұнамды фактіге құрылмайды;


Төртінші – сатира идеал, арман-мұратпен болмыстың арасындағы қайшылықтың негізінен туындайды. Ізгі мақсатқа, адамдық қасиетке үйлеспейтін ұнамсыздықтың зияндылығын, оған еш төзуге болмайтындығын көрсетуде сатира өзгеше әдіс-тәсілдерге – фантазияға, гротескіге, әсірелеуге, деформациялауға батыл барады. Шыншылдық сатирада да болуы қажетті. Ол да өнердің реалистік заңдылықтарына бағынуға тиісті.


Бесінші – сатира күні өткен ескілікке, зиянды құбылыстарға қарсы күресетіндіктен, трагедиялық та, комедиялық та, драмалық та мотивтер кеңінен кездеседі, жоғарыда айтқандай, шындықты бейнелеудің өзіне тән әдіс-тәсілдерін молынан пайдаланады.


сатираның даму кезеңдерін Т.Қожакеев былай жіктейді:


Халықтық сатира және қоғамдық-таптық тенденция.


Абай дәуіріне дейінгі қазақ сатирасы және қоғамдық жағдай.
Абай дәуіріндегі қоғамдық өзгерістер және қазақ сатирасы.
ХХ ғасыр басындағы революциялық қозғалыстар және қазақ сатирасы.
Қазақ кеңес сатирасы мен юморы.

Т.Кәкішев «Абай сатирасында саяси сарыннан гөрі, моралистік сарын басым болды» [4,85] десе, академик Қ.Жұмалиев ақын сатирасының объектісіне былай деп сипаттама береді: «Ақын ең алдымен өз дәуіріндегі және өзінен бұрынғы мәдениетсіздікті, жалқаулықты, ру тартысын, пәлеқорлық сықылды оңбағандықты көрді. Қазақ халқының дамуы үшін, оның басқа елдің қатырына жетуі үшін бұл әдеттердің бәрі де тұсау болатын, бөгет болатын қылықтар деп ұғып, бұларға барынша қарсы шықты. Оларға қаламы арқылы күрес ашты. Оларды қатты шенеп, мысқылдарға айналдырды. Ол әділетсіздік атаулының бәрімен де жалғыз жауласты, ел бойындағы, әсіресе үстем тап адамдарындағы ұсақ, пәлеқор мінездерді әшкереледі. Күншілдік, шамасын білмес мақтаншақтық, өтірік, өсек, кербездік, жалқаулық сол кездегі ауылдың басты әдеттерінің бірі болған. Әсіресе ұлыққа арқа сүйеген пәлеқор пысықтардың сұрқиялығы шектен асады»





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет