Әдеби творчествоның табиғаты мен қоғамдық функциясын зерттейтін ғылым саласы туралы айтыңыз



бет2/7
Дата02.09.2023
өлшемі67,03 Kb.
#105911
1   2   3   4   5   6   7
12

Ш.Уәлиханов еңбектерінің әдебиеттану ғылымындағы маңыздылығын айтыңыз.
Шоқан халық ауыз әдебиетін өзіндің беті бар құнды мұра жоғары бағалады. Қазақтың аңыздары мен жырлардың, күйлерінің пайда болуына , олардың тарихи кезеңге, оқиғаға байланысты екеніне назар аударды. Фольклорлық матери. Ш. Қазақ халқының мәдениет байлығын зерттеп білуге басты негіз болды. Халық мәдениеті мен ақыл – ойының көрсеткіші есебінде танылатын халық творч. Талмай зерттеген оқымысты оны басқа ел ауыз әдебиетімен салыстыра қарады. "Жоңғар очерктерінде» қырғыздар мен қазақтардың көптеген ертектерін, мифтарын, эпос жырларын және аңыздарын жинап жүріп, олардың Еуропа халықтарының, әсіресе славяндардың сол сияқты шығармалардың сыртына ұқсастығына таң қалған.
Ш.У. Қазақ сахарасында «филология» деген сөзді ұғымды ғылым мағынасында алғаш және бірінші рет қолданды: Ол: «...бүкіл халық аузынан айтылғңан шығармалар халықтық, филологиялық және де психолгиялық назардан тыс қалмау керек..» деп жазды. Ш.У. әдебиет пен тіл туралы еңбектері орыс тілінде жазылған. Ш.Уалиханов қазақ халқының көп ғасырғы өмірі мен дамуында сөз өнері үлкен рөль атқарғанын,оның қоғамдық мәнінүздіксіз даму үстінде болғанын,молдығын, өзіндік ерекшілігін ашып, атап көрсетті, манмұндық және көркемдік сапаларын саралады, ел ауызынан халық шығармаларын үлгілерін жинап, хатқа түсірді, салыстырулар, жүргізді, орысшаға аударын түсініктер жазды. Ш.У. қазақ халқының әдебиетін, кең талдау жасап, тарихи өмірмен байланыстылығын, идеялық – көркемдік қасиеттерін ашқан, жанрларына анықтама берген тұңғыш филолог ғалым. Оның «Қазақ халқының поэзиясының түрлері жөнінде», «Тәңірі», «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихынан», «Жоңғария очерктері», «Қазақ шежіресі», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», Профессор И.Н.Березиннің «Хан жарлықтары» атты кітабын оқығанда», «Жамиғат тарауихтан», «Ұлы жүз қазақтарының аңыздары» деп аталатын зерртеулері, мақалалары ғалымның филолог ретінде биік ой – тұжырымдарын, терең білімдарлығын, халқының көркемсөз қазынасын, тілін ерекше сүйгендігін және басқа халықтар рухани қорынан еш кем түспейтін қадір – қасиеттерін жоғары бағалағандығы танытады.

13

Көркем шығармадағы образ және образдылық туралы түсіндіріңіз.
әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі – образ және образдылық. Әдебиеттің обьектісі – өмір, ал предметі – адам екені белгілі. Адам тағдыры – жазушы үшін шығарма арқауы ғана емес, өмірді танудың өзгеше тәсілі де. Одан әрі Ойдан шығару – образға апарар жол, суреткердің өмірде көрген-білгенін ойша өңдеудің, қорытудың, жинақтаудың тәсілі. Образдың өзі – көркем бейне, ал образдылық деп отырғанымыз – суреттілік, сөздегі сурет десек те түсінікті болады. Жалпы және жалқы образ. Құнанбай мысал бола алады.
Образдылық сөз өнеріндегі сұлу нәрсе – қайталанбас нәрсе. Ал мұндай сұлулыққа жетудің жолы – деталь.

14

Образдардың көркемдік әдіс тұрғысынан, әдеби тек тарапынан, жасалу тәсілдеріне қарай жіктелуін айтыңыз.
Образдың жасалу тәсілдеріне лайық оның түрлері туады. Образдың жасалу тәсілдерінің әр алуандығы сияқты, оның түрлері де әр алуан.
Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі : эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ. Ал жасалу тәсілдеріне бақсақ, образ тағы да бірнеше түрге : юморлық образ, сатиралық образ, фантастикалық образ, трагедиялық образ, геройлық образ. Т.б. Осылардың әрқайсының өзіне тән ерекшеліктері бар, оны білу әдебиетшіге ауадай қажет.

15

Типтендірудің түрлері (әлеуметтік, ұлттық, сатиралық) туралы түсіндіріңіз.
Типтендіру – ақиқат өмірдегі тірі кісілерден әдеби шығармадағы жанды бейнелер туғызудың аса қиын, күрделі және тың, тынымсыз харекеті. Жинақтау және даралау арқылы типтік образ жасалады. Гегель: типтендірусіз көркем шығарма жасалмайды.

  1. Белгілі бір әлеуметтік топтың, қауымның шындығын, арманын, көзқарас-танымын бір көркем бейненің тұлғасында жинақтап қарау. Дәркембай бейнесі арқлы қарапайым халықтың қасиеті де, қасіреті де танылса, Базаралы да сол көпшіліктің, халықтың өкілі, арман ойы халықпен астасып жатыр. Бұл әлеуметтік типтер.

  2. Бір ұлтқа, халыққа тән озық ұлттық қасиет-сапаларды, таным-түсінікті бір көркем бейненің тұлғасында жинақтап беру.

  3. Кеңінен қолданылатын түрі – сатиралық типтендіру тәсілі. Сатиралық туындыға өмір тіршіліктегі, адам болмысындағы ұнамсыз, келеңсіз жайлар арқау болатыны мәлім. Абай өлеңдеріндегі сатиралық титер мысал бола алады.

16

Әдеби шығармадағы мазмұн пен пішін туралы айтыңыз.
Мазмұн мен пішін күрделі мәселе, іргелі философиялық ұғым. Бұл екеуі – тек өнер ғана емес, өмірдегі ақиқат шындықтағы кез келген затқа және құбылысқа тән нәрсе. Екеуі бір-бірінен айрылмас байланыста, бірлікте. А. Байтұрсынов: «Шығарма сөзінің бәрінен бұрын байқалатын тысқы нәрселер: тақырып пен жоспар, мазмұн мен түрі». Әдеби шығарманың мазмұны – суреткер таныған ақиқат өмір. Ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы. Пішін – әдеби қаһармандардың өзара қарым-қатынасына, тағдыр тартысына негізделген сюжеті, композициясы және жазушының өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы – суретті сөз. Пішін осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі. Бушмин Алексей Сергеевичтің «Көркем шығарманы аналитикалық тұрғыда қарастыру туралы» еңбегінде пішін мен мазмұнды, сипатын толық қарастырған.
Мазмұн мен пішіннің ерекшеліктері – бір мазмұнның бірнеше пішіні болады. Мазмұнға қарағанда пішін өзгерімпаз. Мазмұн мен пішін тарихи категория. Жаңа мазмұнға жаңа пішін әбден іздеуге болады.

17

Сюжеттің композициялық бітімі туралы түсіндіріңіз.
Композиция – көркем шығарманың біртұтас құрылысы. Латынша құрастыру, қиыстыру дегенді білдіреді. Көркем шығарманың үлкен-кішілі бөлім-бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық-бірлігі. Композиция сөз жоқ сюжетпен тығыз байланысты. Екеуі де шығарманың мазмұнын жианқтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы, тәсілі. Бірлікте болғанымен, өзіндік ерекшелігі бар: сюжет кез келген шығармада бола бермейді. Ал комп барлық шығармаларда болады. Композиция сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана қоймайды, сюжеттен тыс нәрселерді өзара қиюластырып, белгілі бір арнаға салады. Композиция: сюжеттің басталуы, байланысы, шиеленісуі, шарықтау шегі және шешімінен тұрады. Композицияның сюжеттен тыс элементтері: пролог(кіріспелердің бір түрі) пен эпилог(қорытудың бірі).

18

Көркем шығармада суреттелген окиғаны рет-ретімен жүйелеу (фабула) туралы айтыңыз.
Фабула – көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу. Аристотел: «болған жайттарды жымдастыру» десе, Кожинов: «белгілі бір оқиғалар шоғырынан тұтасқан мәлімет, хабар» дейді. Фабула сюжетпен көптеген өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді:
Оқиғаны мазмұндау, баяндау тәсілімен, яғни оны өмірде болып жатқан рет-ретімен емес, авторлық шегіністер, орын ауыстырулар арқылы беру (Ш.Айтматов, "Боранды бекет'").
Айтушының болып жатқан оқиғаға қатыстылығымен. Мұның бірнеше жолы бар: алғашқысында автордың оқиғаға қатыстылығы сезілмейді (М.Әуезов, "Қилы заман"), енді бірде айтушы оқиғаның ортасында жүреді (Ғ.Мүсірепов, "Қазақ солдаты"). Шығарманың белгілі бір формада баяндалуы, мысалы, естелік (Ғ.Мұстафин, "Көз көрген"), күнделік (Ә.Сәрсенбаев, "Офицер күнделігі"), Ф.М. Достоевский, "Бейшара жандар"), т.б. фабулалық тәсілдерді қолдану арқылы автор оқиғаның баяндауын бірде үдетіп, бірде бәсеңсітіп отырады, кейіпкер көңіл-күйінің қалтарыстарын ашып, образды жан-жақты ашады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет