Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет47/162
Дата08.02.2023
өлшемі462,66 Kb.
#66249
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   162
XX ғасыр басындағы әдебиет
Жамбыл Жабаев
(18461945)
Туған жері: қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы Жамбыл тауының етегі (1846 жылы 28 ақпан).
Қызметі: екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын. «Халық поэзиясының алыбы», «XXғасырдың Гомері». «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» деген ұлы тұлға.
М.Әуезов: «Жетісу ақындарының алтын діңгегі».
16 жасында Жамбыл – ұстазы Сүйінбайдан бата алған.
Алғашқы өлеңдері: «Шағым», «Әкеме».
Айтыста Бақтыбай, Сары (1875), Сарбас (1885), Досмағамбет (1907), Құланаян Құлмамбет (1897), Шашубаймен (1909) айтысқан, әсіресе, 1881 жылы Құлмамбетті жеңіп, Жетісудің атақты ақыны аталды.
Жамбылдың Сайқал қыз, Жаныс ақын, Бөлектің қызы, Бұрым қыз, Айкүміс, Сара, Сары ақын, Шыбыл (1890), Бөлтірік (1890), Майкөт (1891), Сарбас, Құлмамбет, Доспамбет, Шашубаймен т.б. айтыстары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылды.
Оның айтыстарында қыз бен жігіттің қайым айтысы да, түре айтыс та, сүре айтыс та бар.

Өлеңдер

тақырыбы

1913

Романовтар әулетінің патшалық құруына 300 жыл толғанын тойлау құрметіне үш жүздің игі жақсылары жиналады. Жамбыл сонда қазақ байларының жағымпаздық қылықтарын әжуалаған «Өстөпкеде» өлеңін шығарады.

1916

Елді ұлт-азаттық күреске шақырған «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлеңдерін жазған.

1919

Халық ақындары бас қосқан слетке қатысты.

1934

республикалық өнер шеберлерінің тұңғыш слетінде жыр толғап, тағы бір көзге түсті. «Замана ағымы», «Белсенділерге», «Қазақстан тойына», «Жастар алдындағы сөз» сияқты арнау, толғаулары осы тұста жырланды.

1936

Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігіне, 1937 жылы грузин ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс тонды батыр» поэмасының 750 жылдық тойына қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет