Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет173/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   245
Байланысты:
дебиет туралы жалпы т сінік дебиет – араб с зі, ол « лгілі с з

Қасым Аманжолов

(1911–1955)



Туған жері: қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қызыл деген жер.

Қызметі: қазақтың аса ірі ақындарының бірі, көркем аударма өнерінің де үздік шебері.

Ол жөнінде алғашқы пікірді айтқан Ғабит Мүсірепов: «Қасым ақын жанының бар толғауын, кек күшін, сезім тереңін түгел бере алған. Жалынды сөзбен жауға аттандырар, жан сезімімен жас тамшылатар ақын сөзі өзегін, жүрегіан. Қасым поэмасы майданнан соққан жаңа леп сияқты», - деп жазды.




5 жасында әкесінен айырылып, өмірдің тауқыметін көріп өседі, тиіп-қашып молдадан сауатын ашады.

1923

Ағасы Ахметжан оны Семейдегі бастауыш мектепке оқуға береді. Зеректігімен алғашқы жылы 2 сыныпты бір-ақ бітірген. Осы жылдары өлең жаза бастаған.

1924–1926

Семей балалар үйінде тәрбиеленеді.

1927–1930

Семейдің мал дәрігерлігі техникумында оқиды.

1930

Алматыға келеді, бірақ қалаған оқуына түсе алмай, «Лениншіл жас» газетіне орналасады.

1931

Ленинград Орман шаруашылығы институтына түседі, бірақ денсаулығына байланысты 1 жылдан кейін тастап кетеді. Сөйтіп, Оралдағы «Екпінді құрылыс» газетіне қызметке орналасады. Жас ақынның көптеген өлеңдері осы газетте жарық көреді.

1933

Әскерге алынып, міндетін Оралда өтейді.

1935–1936

Оралда жаңадан ашылған қазақ театрында жұмыс істейді. Театр труппасының көркемдік жетекшісі болады.

1941–1943

Армия қатарына шақырылады. Қиыр Шығыста болған.

1943

Батыстағы майданға ауыстырылады, содан соғыс аяқталғанға дейін «қанды қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде» болады.

Майданнан оралғаннан кейін журнал редакцияларында істейді, ара-тұра поэзия, ақындық өнер тақырыбына сын мақалалар жариялайды, өлеңді де өндіре жазады.

1947

Осы жылдан бастап сырқатқа шалдықса да, сол жылы он шақты өлең жазады.

1952

«Таңдамалы шығармалары» жарық көреді.

17.01.

1955


Ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды.


Шығармашылығы


1934

«Айбынды қызыл әскер» (Орал)

1936

«Тұрмыс толғауы» (Алматы)

«Хантәңірі» (Алматы)

«Ұлы Октябрь»


1938

Тұңғыш өлеңдер жинағы «Өмір сыры» деген атпен жарық көреді.

1939–1940

«Нар тәуекел», «Бурабай толқындары», «Дауыл», «Көкшетау», «Орамал», «Сұлтанмахмұт туралы баллада», «Өз елім», «Ғашық едім қайтейін», «Лондон», «Күлемін де жылаймын» (өзінің жан дүниесін азаптаған аласапыран жайлы) өлеңдері;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет