Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет18/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   245
Байланысты:
дебиет туралы жалпы т сінік дебиет – араб с зі, ол « лгілі с з

ТӨЛЕ БИ ӘЛІБЕКҰЛЫ

(1663–1756)



Туған жері: Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жайсаң жайлауы.

Қызметі: Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандар тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Төле би «қарлығаш әулие», «қарлығаш би» атанған, себебі парасатты, білгір, әулие кісі болған.

Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руы.

Төле би жас кезінде жүзге келген Әнет бабаға келіп сәлем береді. Сонда Әнет баба оған бір топ буылған шыбықты ұсынып, оларды сындыруын сұрайды. Төле қанша күш салса да, сындыра алмайды. Енді Әнет баба оған шыбықтарды бір-бірлеп сындыруды бұйырады. Төле би лезде бәрін сындырып тастайды. Әнет баба жас Төледен: «Бұдан не түсіндің?» – деп сұрағанда, Төле: «Мұның мәнісі: ынтымағы, бірлігі бар елді жау да, дау да ала алмайды», – депті. Сонда Әнет баба: «Дөп таптың, балам! Ел болу үшін, ең алдымен, ауызбірлік, ынтымақ керек. «Бақ қайда барасың – ынтымаққа» дегеннің мәнісі осы», – депті.

Төле бидің айтқаны:

Алғаның адал болмаса,

Басыңа бақыт қонбайды.

Екі досты айырған

Түбінде өзі оңбайды.

Көреген болса балаңыз,

Қиынды көзбен болжайды.

Өзіңнен туған ұл мен қыз

Сыйламаса, сол қайғы.

Наннан асқан тағам жоқ,

Қадірін білген адамға.

Билікті берсең қиратар,

Білімсіз, соқыр наданға.

Жаныңа батса, білерсің,

Қасиетін саулықтың.

Елің тозса, білерсің,

Азабы мен қасіретін

Араздасқан жаулықтың.

Атың жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы.

Әйелің жақсы болса,

Бірінші – иманың,

Екінші – жиғаның,

Үшінші – ырысыңның тұрағы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет