«Түсініп оқы» айдары
(Ж) Бүркіт Ысқақовтың «Алыптардың айтысы» тақырыбына берілген өлеңін мәнерлеп, түсініп, рөлге бөліп оқу ұсынылады.
Жай оты – найзағай оты.
Іс тындырам табанда – «лезде, тез жасаймын» деген мағынада.
Химия – ғылым саласы.
«Ізден» айдары
«Электр қуаты – тіршілік көзі» тақырыбы бойынша айналаңнан мысалдар ізде.
Химиялық зерттеулер туралы не естіп жүрсіңдер? Бұл зерттеулер не үшін қажет?
Дескриптор:
Берілген сұрақтарға жауап береді.
Әр сұрақтың себебі мен салдарын көрсетеді.
(Т) «Әдеби үйірме» әдісі бойынша шағын топтар тақырыпқа қатысты, шығармашылық тапсырмалар орындайды.
«Бағала» айдары
Көпшілігі кейіпкердің іс-әрекетіне байланысты өз ойын айтады.
Кейбірі кейіпкердің іс-әрекетін бағалайды.
Тиімділігі: Кейіпкер рөліне ену, іс-әрекетіне баға беру. ҚБ: «Бағдаршам» әдісі бойынша топтардың бірін-бірі
бағалауын ұйымдастыруға болады.
|