Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету Қазақстанға не береді?



бет138/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   151
ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету Қазақстанға не береді? Бұл төрағалық ету Қазақ еліне әлемге шындап танылудың мол мүмкіндігін береді. ЕҚЫҰ басшылығында болу мемлекетіміз қолға алған реформаларды тездете түседі, біздің қоғамымызды қазіргіден де ашық ете түседі. Басшылықта жүретін 3 жыл, әсіресе, төрағалық ететін бір жыл отандық дипломатияны бұрын-соңды болып көрмеген сынаққа салады, қақтығыстар жағдайында да жұмыс істеудің мықты мектебінен өтеміз. Ең бастысы – ЕҚЫҰ-ға төрағалық Президент Н. Назарбаев ұлттың ұлы идеясы деп атаған асыл мұратымызға, асқақ мақсатымызға жетуге - әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуды жеделдетуге қалайда септігін тигізетіні сөзсіз.


    1. 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының мәні мен мақсатын және маңызын ашып көрсетіңіз.

2008 жылы «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл құжат халықаралық қатынастардың еуропалық жүйесіне Қазақстанның неғұрлым белсендірек ену ниетін айқын көрсетіп берді.
«Еуропаға жол» бағдарламасының басты мақсаты Қазақстанның Еуропа елдерімен технология, энергетика, көлік салаларындағы ынтымақтастықты дамытып, тереңдету, сондай-ақ еліміздің 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы үшін жағдай туғызу болып табылады. Сонымен қатар, бағдарламаға техникалық реттеу мен метрология салаларындағы қарым-қатынасты қалыптастыру да кіреді.
«Еуропаға жол» бағдарламасының арқасында Қазақстан жетекші Еуропа елдерімен саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда жаңа стратегиялық әріптестік деңгейіне шығып, өз кезегінде бұл тауар айналымын ұлғайтуға жағдай туғызады (ЕҚ, 25.10.2008).

2009 ж. 13 наурызда Алматыда «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қ.Тоқаев Қазақстандағы Еуропа Бизнес-ассоциациясының (ҚЕБА) жәрдемімен ұйымдастырылған Қазақстанда жұмыс істейтін еуропалық бизнес қауымдастықтары өкілдерімен кездесті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет