Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалығы, Астана саммиті және оның тарихи маңызын талдаңыз



бет137/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   151
11. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалығы, Астана саммиті және оның тарихи маңызын талдаңыз.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) – қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын әлемдегі ең ірі өңірлік ұйым. Ол бүгінде Солтүстік Америкада, Еуропада, Орталық Азияда миллиардтан астам адам өмір сүріп жатқан 56 мемлекеттің басын қосып отыр.
ЕҚЫҰ-ның басты құралы – саяси диалог. 1996 жылғы Лиссабон, 1999 жылғы Ыстамбұл саммиттерінде қабылданған «ХХІ ғасырдағы Еуропа үшін жалпы және толық қауіпсіздік моделі» мен Еуропа қауіпсіздігінің хартиясы осындай жолмен қабылданған. Негізінде, ЕҚЫҰ-ның басты ерекшеліктерінің бірі оның шешімдерінің қашанда тек консенсус арқылы, яғни бірауыздылық жағдайында ғана қабылданатындығында.
2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Ұйымның 2010 жылғы төрағасы болып сайланды. 2010 жылы Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық ету мүмкіндігін берген әлемнің 56 мемлекетінің шешімі – еліміз қол жеткізген тағы бір ірі жетістік. Бұл – елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық зор беделінің ерен табысы, еліміздегі ұлан-ғайыр оң өзгерістердің, біздегі демократияның айшықты нәтижесі. Біздің еліміз халықаралық мойындауда және өзінің дамуында жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. ЕҚЫҰ – дүние жүзіндегі аса беделді халықаралық ұйымдардың бірінен саналады. Қазақстан – ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі, ол бірінші түркі елі, ол тарихи тұрғыда өркениетті ислам кеңістігіне жататын бірінші ел, ең соңында, ол бірінші азиялық ел.
Қазақстанның демократияландыруда, еркін рынокты дамытуда және қауіпсіздікті қамтамсыз етуде ұстанған бағыты ЕҚЫҰ-ның дәстүрлері мен критерийлеріне толық сәйкес келеді. Жалпы алғанда, азаматтық қоғамды жетілдіру, саяси жүйені демократияландыру, ең алдымен, Қазақстанның өз мүддесіне сай екендігін атап өту керек. Бұл орайда біздің ұлттық мүдделеріміз көп ретте ЕҚЫҰ-ның жоғары стандарттарына сәйкес келеді. Біз ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудің жоғары миссиясын тек сөзсіз жетістік ретінде ғана қабылдаймыз, сонымен бірге, мұны зор жауапкершілік деп түсінеміз.
ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету жөніндегі ұсынысымызға ТМД-ға кіретін барлық мемлекет басшылары табанды және жүйелі түрде қолдау көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет