Ежелгі Қосөзен елдері


Көрші елдерді жаулау кезінде көптеген тұтқындар қолға түсті. Оларды «тірі өліктер» деп атады. Египет жылнамасында 50 жылғы соғыс жорығы кезінде 100 мың құл қолға түскенідігі жазылған



бет11/16
Дата14.09.2023
өлшемі4,43 Mb.
#107929
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
ДЖТ 6 сыынп

Көрші елдерді жаулау кезінде көптеген тұтқындар қолға түсті. Оларды «тірі өліктер» деп атады. Египет жылнамасында 50 жылғы соғыс жорығы кезінде 100 мың құл қолға түскенідігі жазылған.

Египеттіктер таңба суреттерді – иероглифтер деп атады. Б.з.д IV мыңжылдықта Египеттте білім дами түсті.

Ежелгі Египетте өлген адамдардың денесін «мәңгі өмір сүру үшін» бальзамдап, мумияға айналдырған. Египеттіктер мумия жасау арқылы адам денесінің ішкі құрылысын жақсы білді. Түрлі ауруларды емдеді. Перғауындар мен бай адамдарды жерлеу үшін жартастарды қашап, бірнеше бөлмелі мазарлар салған. Мумияны соның ішіне қойды.

Әлемнің барлық жеті кереметтерінің ішінен бүгінгі күнге жеткені Хеопс пирамидасы ғана. Басқалары қирап, тек орындары мен оларды көзімен көрген адамдардың естеліктері ғана қалды. Хеопс перғауынға арналған пирамида б.з.д 2600 жылы салынған.

Египетте құдайлардың қызметшісі – храмдардағы абыздар болды. Құдаймен сол ғана тілдесе алады деп түсінді.

Египетте егіншінің қанша астық жинайтынын есепке алып, қолөнершіге қанша қалайы мен мыс керек екендігін мөлшерлейтін. Египеттіктер бөлшекті білді, арифметикалық амалдарды қолданды. Каналдар қазғанда, оның көлемі мен бұрышын шығару үшін геометрияны пайдаланды. Тік төртбұрыш, үшбұрыш, трапеция және шеңбердің бет көлемін есептей білген.Жұлдыздың, аспанның картасын жасаған. Күн және су сағаттарын пайдаланған.

Египеттің негізгі байлығы тас болды. Ніл аңғары алтын, гранит сияқты қымбат тастарға бай. Бұл тастар құрылыс материалдары ретінде әртүрлі әшекей бұйымдар жасау үшін пайдаланылды.

Ауылшаруашылығы мен қолөнер египеттіктердің басты шаруашылығы болды.

Ежелгі Рим

Аппенин түбегінің орта шенінен Тибр өзені ағады. Жазықта латындар тайпасы тұрады. Б.з.д. VIII ғасырда Тибр сағасынан 25 шақырым жерде, жотада Рим қаласы пайда болды.

Римнің өте ертедегі тұрғындарының ұрпақтары патрицийлер деп аталды. «Патер» әке деген сөз, яғни қаланың негізін өздерінің әкелері қалағанын патрицийлер мақтан еткен. Олар ортақ егіндік жері мен жайылымдығы бар қауым болып тұрды. Әрбір отбасын латынша фамилия деп атады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет