Б.з. 98-117 жылдары өмір сүрген Рим империясының императоры – Траянды римдіктер «ең жақсы император» деп атаған. Оның кезінде жалған шағым мен дарға асуға тыйым салынды. Рим бойынша тыңшыларды тұтқындап, біреудің ізіне түсуге тыйым салды.
Б.з.д II ғасырда Римде тамаша сәулет ескерткіштері көбейе түсті. Олар гректер мен шығыс елдерінің үлгісінде салынды. Ғимарат төбесін доға тәрізді жауып, арка, күмбез, қалау арқылы сәулет өнерін шебер меңгерген. Осындай құрылыстың бірі – Пантеон. Латынша – «барлық құдайлардың ғибадатханасы». Ол көлемі жағынан ең көлемді күмбезді храм. Храмның төңкеріп қойған табаққа ұқсайтын куполы – төбесі бар. Қазір пантеон храмы ұлттық кесене сияқты, онда итальяндық қайта өрлеу дәуірінің көрнекті қайраткері Рафаэль Санти жерленген.
Б.з.д. I ғасырдың соңы - б.з. I ғасырдың басында ежелгі Римде аса дарынды ақындар өмір сүрді. Римнің атақты ақындарының бірі – Вергилий (б.з.д 70-19 жж) «Энеида» поэмасын жазу үшін он жыл еңбек етті. Латын поэзиясының жоғары даму деңгейіне ақын Горацийдің шығармалары жетті. Ол бірнеше поэмалар жазды. Рим әдебиетінің жарқын өкілі Лукреций – әрі ақын, әрі ғалым болған адам. Оның «заттардың жаратылысы туралы» поэмасы сол кезде танымал болды. Бұл кезеңді тарихта Рим поэзиясының «алтын ғасыры» деп атады.
Римдіктер Сицилия аралы мен металға бай Испанияны басып алуды көздеді. Бұған карфагендіктер қарсы болды. Карфаген қаласы Африканың солтүстік жағалауында орналасқан. Оны кезінде финикиялықтар орнатқан. Римдіктер карфагендіктерді пундар деп, ал соғысты пуни соғысы деп атады. Соғыс 20 жылдан астам уақытқа созылды. Бірінші пуни соғысы б.з.д 264-241 жылдары арасында Римның жеңісімен аяқталды. Рим Сицилияға толық үстемдік орнатады. Б.з.д. 218-201 жылдары екінші пуни соғысы болып, ақыры карфагендіктер жеңіліп Римге 50 жыл ақша төлеуге міндеттеледі. Рим мемлекеті батыс Жерорта теңізінің қожалығына айналады. Ал б.з.б. 149 жылы үшінші пуни соғысында, Карфаген біржолата жеңіліп, қала егістік жерге айналдырылды.
Римнің жаулап алған жерлері провинциялар деп аталды. Провинцияларды сенат тағайындаған наместниктер басқарды. Жерорта теңізі өңіріндегі халықтардың көбі римдіктерге тәуелді болды.