74
Айталық менде халық алдында сөйлеу, ұйымдастыру
қабілеті бар дейік. Қандай мүмкіндіктер бар? Жақсы тре-
нер болуым мүмкін, мұғалім, журналист, бәлкім, имам
болуым да мүмкін еді. Осы мамандықтардың әрқайсысы
туралы ойландым, өзімді сынап көрдім де. Тілші болам
дедім, «Алаш айнасы» газетіне мақалаларым да шыққан.
Футболдан мектеп командасында ойнадым, тренер болып
та көрдім. Сонда Оливер Каннға
27
қызығып, қақпашы бо-
лам, спортшы болсам деп армандайтынмын. Мұғалімдік-
ке бейімделіп, колледжде сабақ бердім.
Икеміне қарай қолымнан келеді-ау дейтін дүние көп
болады. Он бес, жиырма кәсіп. Солардың ішінен біреуін
таңдау керек. Бұл таңдауға өзіңнің сезімің негіз болады.
Сенің қолыңнан көп нәрсе келуі мүмкін, бірақ оның бәрі
бірдей қуаныш сыйламайды делік. Саған ең көп қуаныш
сыйлайтын іс қана ең үлкен жеңістерге жеткізеді. Бір са-
ладағы жеңіс пен сенің сол саладағы қызығушылығың
тура пропорционалды. Нені қалайсың?
Достарыңызбен бөлісу: