2-Әсер ету факторы (I) – олар сырттан қарағанда
тәртіпті, ұқыптылықты ұнатады. Ортаға тез сіңіп ке-
теді, ойын ашық жеткізе алады, үнемі болмаса да өзіне
көңіл бөлгенді қалайтын қызметкерлер. Басқа фактор-
ларға қарағанда қозғалыстары өте ширақ. Жылы шырай-
лы адамдар, мотивацияны көпшілік алдында да немесе
жеке мақтау сөз естігенде алады. Олар негізі белсенді
сату маманы, бұл жұмысты оңай атқарады, шартты оңай
жасасады, тендерге жұмыс істейтін адамдар. Оларға жұ-
мыс беретін болсаң көп нәтиже күтіп қажеті жоқ. Себебі,
олар жоқ деп те, істеймін деп те айтпайды. Негізінен бұл
адамдар арманшыл келеді, көп сөйлегенді жақсы көреді,
ортада ерекшеленіп жүргенді ұнатады.
3-Тұрақты адамдар (S) – жайлы аймақтарда жүріп
үйренген адамдар. Алға ұмтыла бермейді, өзгерістерден
қорқады, баяу сөйлейді, бірақ ойын анық жеткізе алады.
Бір орында 20-30 жыл жұмыс істеп жүре беру де мүм-
кін. Бұл адамдарға үлкен сеніммен ұзақ уақытқа жұмыс
тапсыруға болады. Олар үшін ең маңыздысы – отбасы.
Киген киіміне көп мән бере бермейді. Қорқынышы – өз-
герістер. Өзгеріс болған жағдайда, көбі стреске түсіп ке-
теді, конфликтіге жақын емес, жақсы ұйымдастырушы-
лар, жақсы қызметкерлер, егер айтқаныңды ұзақ уақыт
бойы екі етпей орындайтын қызметкер керек болса, дәл
осы фактордағы адамдар лайық.
4-Бейімделу факторы (С) – олар бір жаққа бару үшін
бүге-шігесіне дейін дайындалатын, бірақ көзге тік қарауға
қорқатын, дегенмен, өзінікі дұрыс екенін білсе, өз дегенінен
қайтпайтын адамдар. Негізінен қағазбен жұмысты жақсы
жүргізетін заңгерлер, бухгалтер. Бірақ өздеріне сенімсіз,
72
ойларын ашық жеткізе алмайтын адамдар. Фактор S және
С олар бір нәрсе істесе оны толық зерттеп барып шешім
шығарса, қалған екі факторлар өзгеріске тез үйренеді.