ПІКІРДІ ӨШІРІП,
АҚЫЛДЫ ҚОСУ
Түріктің атақты комигі Джем Йылмаздың
39
«Бұлардың ақылы жоқ, пікірі бар» деп айтқаны
бар еді. Сол сияқты, кез келген жағдайды, істе, бастап-
қыда «менің ойымша солай болу керек еді» деген сияқ-
ты біз өзіміздің пікірімізді қосамыз. Әрине, егер сен
ел мойындаған, кәсіби орта мойындаған шебер маман
болсаң, сенің пікірің үшін ақша төлейді, оған құлақ аса-
ды. Ал қазір кітапты қолына алып отырған адамдар-
дың басым бөлігі – енді ғана жеңіс жолына тұрған
адамдар. Сондықтан бұл жерде маңыздысы – пікірді
өшіру. Мысалы, мейрамхана бизнесін ашқысы келген
жігіт осы салаға байланысты өз пікірін білдіреді. Бірақ
әлі мейрамханасы жоқ, демек, бұл жігіт әлі «шикі».
Мейрамхананы ашу барысында қалыптасқан тәртіпті
өзгертіп, өзінің ойынша, өзінің қалауынша жасайды,
яғни пікірін қосады.
Мысалы, біздің «Rumi»-де палаумен бірге ең көп саты-
латын тағам – манты. Оны мәзірге қосу «Палау жемейтін-
дерге не ұсынуға болады?» деген сұрақ туындағанда кел-
ген ой. Бұған дейін, «Rumi»-ден басқа мейрамханаларда
да манты ұсынылатын, бірақ біз айына қырық мың манты
сатамыз, біздегі мантылардың дәмді екенін көбі айтады,
мойындайды да. Біздің «Rumi»-дің мантылары үйдегідей
түйілген, ал басқа мейрамханаларда шет-шеті өрнектеліп,
дұңғанша түйілген. Сонда «неге шеттен түйілу керек?»
деп сұрадым, аспаздар «енді, барлығы солай істейді ғой»
деп жауап берді.
____________
39
Джем Йылмаз – түрік актері, сатирик.
Бірақ, «барлығы солай істейді» деген – ол пікір. Ал
миды қосатын болсаң, барлығымыздың ең жақсы көретін
мантымыз, үйде түйілген, аналарымыздың жасаған ман-
тысы. Демек, барлығы жақсы көретін, өз үйіміздегідей
манты жасау ақылға қонымды ғой. Сол кезде мен пікірді
өшіріп, ақылды қосуға ұсыныс тастадым.
Кейін білгенім, үйдегідей мантының жасалуы, шетінен
түйілген мантыларға қарағанда ұзағырак, яғни көбірек
уақыт алады екен. Дегенмен, біз «барлығы солай істей-
ді, оған қоса азырақ уақыт алады» деген пікірді өшіріп,
ақылымызды қостық. Есесіне, қазір айына қырық мың
манты сататын, бізге бәсекелес бола алатын мейрамхана
жоқ.
Кітап оқығанда да, «Жатып оқығым келіп тұр» деу –
қате пікір. Себебі, кітапты жатып оқуға болмайды. Ол
миға қонымды емес. Оған қоса, жарық сол жақтан түсуі
керек, арқан тік болуы керек, таза ауа кіріп тұру керек
дегендей, өзінің ережелері бар.
Колледже сабақ беріп жүрген кезімді еске түсіріп,
«Алғашқы «Rumi» біздің қазақ-түрік колледжінде жа-
салған» деп күлемін. Колледжде буфет болатын, оның бір
күндік саудасы – бес мың теңге. Мен маркетингтен сабақ
беремін, бірде буфеттегі қызметкерлерден «неге мәзіріңіз
кішкентай?», «неге жұмыс жүрмейді», – деп сұраймын.
«Осылай болып қалыптасып қалған» деп жауап береді,
96
бұл да пікір. «Мәзіріңізде кофе болу керек, мерчендай-
зинг болуы керек» деп түсіндіріп ақылды қосып жатсам,
ешкім мойындамайтын. Ал біз студенттерімізбен сауал-
нама жүргіздік, студенттер колледжге қанша ақшамен ке-
летінін біліп алдық. Біздің анализ бойынша, студенттер
аптасына бес жүз, мың теңге алып келеді екен. Ал, сол
кездегі буфеттегі қызметкерлер «студенттердің ақшалары
жоқ» деген қате пікірде болды. Нарық бар, бірақ нарыққа
дұрыс өнім берілмеді. Ақылды қосу арқылы біз студент-
термен бірге буфеттің бір күндік саудасын отыз бес мың
теңгеге, яғни жеті есе көтердік.
Досың келіп, бірге бизнес жасауды ұсынды, сен
келістің. Уақыт өте келе, ішіңде критикалық (сыни) ой-
лану пайда болады. «Егер жүрмей қалса», «ақшамнан
айырылсам» деген күмән пайда болады. Осындай жаман
ойға берілудің әсерінен, жақсы идеяң құрдымға кетеді,
сөйтіп, ештеңесіз қаласың,
Біреудің жасап жүрген ісіне, бастамасына міндетті
түрде өз ойымызды қосамыз. Бұл жеңіске жету жолында
бізге қатты кедергі жасайды. Себебі, тек қана сырттан тон
пішетін, сынға ғана жарайтын адам болып қала береміз.
Үнемі біреуге ақыл айтамыз, ал өзіміз еш нәрсе жасауға
талпынып та көрмейміз. Ал сен сынаған адам, пікіріңе
қарамастан жеңіске жеткенде, сен әлі бір орында қалып
қойған адам болып отыра бересің. Бірдеңені болса да қо-
рықпай іс-әрекет жасаған адамда прогресс болады, опық
жеп қалса тәжірибе жинайды. Ал сен қандай болдың, сол
күйіңде қаласың. Негізінде, өмірді көрген, кәсібін дөңге-
летіп нәтижеге жеткен азаматтар, біреудің ойын, идеясын
жамандамайды, адамдардың бетін қайтарып, ешқашан
еңсесін түсіруге жол бермейді. Олар «істеп көр» деп ай-
тады. Себебі, ертеңгі күні ұтылып қалса, минусқа кірсе
де, ол адамның көзқарасы, ойлау қабілеті өзгеретін
тәжірибе жинайтыны біледі және оны дұрыс санай-
ды. Кезінде оларға да ешкім сенбеген, ал пікірін қосып,
сынағандар көп болған.
Ақыл заңға негізделеді, біліммен жұмыс жасауды талап
етеді, ал біздің «менің ойымша» деп айтқан пікіріміздің
99%-ы қате. Оған қоса, пікір көп жағдайда субъективті
болады, ал бізге объективті нәрсемен жұмыс жасау керек.
Сондықтан біз де ойлануымыз керек, өмір бойы біреудің
әрекетіне сын айтып, жаңсақ пікірге сеніп отырамыз ба,
әлде ақылды пайдаланып, өз өмірімізді өзіміздің қолы-
мызға алып, оны өзгерте аламыз ба? Мәселе осында.
|