Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы



Pdf көрінісі
бет37/95
Дата20.10.2022
өлшемі2,73 Mb.
#44447
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   95
Байланысты:
Екінші болма

OVER ОҚУ. Жаңа идея, жаңа сөз, жаңа тұжырым не- 
месе жаңа амалды үйрену кезінде, белгілі бір уақыт ішін- 
де, оларды жаттап алып, жадымызға сақтаймыз. Енді осы 
жерден тоқтамай одан әрі ізденіске көшіп, одан көп жаңа 
дүниені тұтына беруді over оқу (овер оку) деп атаймыз. 
Яғни, жаңа ақпараттың арасында байланыс орнап, өз ор- 
нын тапқаннан кейін қолданысқа өтпей, алдыңғы әрекет 
ті қайталай беру. 
Овер оқудың өзіндік орны бар. Ол белгілі бір әре- 
кетті автоматизмге (дағдыға) жеткізуі мүмкін. Мысалы, 
былғары қолғап шеберлерінің қауіп төнгенде қол серме 
уі, музыка маманының аспапта еркін ойнауы. Аталған 
жағдайларда овер оқу өте пайдалы. Автоматизм жүйке 
сыр берген кезде жақсы көмектесе алады. Халықтың ал- 
дына шығуға уайым пайда болғанда сәтті өнер көрсетуге 
өз ықпалын тигізеді. 
Алайда, осы саладағы зерттеулерге сүйенсек, овер 
оқудың ең үлкен кемшілігі – құнды уақыттың зая кетуі. 
Ұзақ мерзімді жадта пайда болған бір байланысты ғана 
шындау арқылы шектеліп қалуға болады. Үнемі балға- 


мен ғана жұмыс істеген адамға өзге жұмыс тапсырсаң, ол 
тек балғамен орындауды ойлайды.
ШЛАГБАУМ ЭФФEKTICI. Өмірде оқыған кітап- 
тарымыз, жинаған тәжірибеміз және түйген сабақтары- 
мыз бізге көмекші деп сенеміз. Алайда, осы тақырыпта 
жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде кері тұстары да 
анықталған екен. Миымызға кірген кез келген ақпарат 
жаңа ақпараттың келуіне белгілі бір деңгейде кедергі бо- 
лады. Шлагбаумдар сияқты өткізбей қояды. Бұл үйренуді 
үйренуге қатысты тағы бір маңызды мәселе. 
Олай болмауы үшін миымызда қалыптасқан шаблон 
дардан бас тарта алуымыз керек. Жаңа ақпаратқа ашылуға 
дайын болуға тиіспіз. Онсыз тұрақты дамып отыруымыз 
екіталай. Кәсіпте қанша тәжірибем болса да, осыған 
дейін қанша кітап оқысам да, қаншама серіктестермен 
жұмыс істеу тәжірибесі болса да, жаңа мүмкіндік пайда 
болғанда жас баладай «ашқарақтана» кірісемін. Білемін 
деп емес, білмеймін деген позициядан бастаймын. 


92


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет