ерекшелігіңіз неде? Неге сізбен бір
аулада ойнаған бала-
лар жеңіске жетпеді, ал сіз миллиардер болдыңыз?», –
деп сұрайды. Сергей Галицкий: «Мен де ұзақ ойландым.
Түсінгенім, бізде адамдардың көбісі логикалық ойлап
дағдыланбаған. Егер олар логикалық түрде ойланатын
болса, кез келген адам жеңіске жетер еді» – деп жауап бе-
реді. Миллиардер мен әйгілі математик бір мәселені ай-
туда. Логикалық түрде ойлау, жасау дегеніміз – барлығын
кезегімен, рет-ретімен және дұрыс нәрсені дұрыс жасау.
Ал бізде адамдар дұрыс емес нәрсені
дұрыс жасауға
құмар. Мысалы, темекіні әдемілеп шегеді, арақ ішкенде
тіскебасарларын дайындап қояды, оған бір маңызды ри-
туал сияқты қарайды.
Ал негізінде,
барлығын логикаға салып, дұрыс нәрсені
дұрыс жасасақ, біз көптеген сұрақтарымызға жауапты да
табамыз, көшіміз алға жүріп, табысқа да жетеміз, өзімізді
де дамытамыз.
Шынында да, өмірдегі іш пыстырарлық
қызық емес нәрселер, ол – пайдалы нәрселер. Таңертең
ерте тұрып жүгіру, ойлану, дұрыс тамақтану, кітап оқу
іш пыстырады, бірақ пайдасы зор. Ал түнгі клубқа бару
дұрыс емес нәрсе, бірақ біздікілер
оған ұйқысын қиып
барады, тамақты талғап жеймін десең, таңдау үлкен.
Сондықтан да өмірдің барлығы осындай логикалық ой-
лаудан, таңдаудан тұрады.