жұмысын берген адамнан бастап,
соңғы бизнесіне ақша
салуға келіскен инвесторына дейін ұнайды.
Егер сен Стив Джобс болсаң, өзгелерге ұнамай-ақ
iPhone шығарасың. Бірақ Арре сияқты компанияның
бастауында тұрған алғашқы өнімді шығару үшін Воз-
няк сияқты генийді бірге жұмыс істеуге көндіретін сенім
күші керек.
Ицхак Калдерон Адизес
71
«Идеальный руководитель.
Почему им нельзя стать и что из этого следует?» деген
кітабында жазады: «Сізді жақсы менеджер не лидер қы-
латын– біліміңіз емес өзіңіз. Уақыт өткен сайын білім
ескіреді, өзекті болмай қалады, ал
сіз өзіңіз болып қала-
сыз. Білімі бар кісіні жұмысқа алып, оны Адам жасаған-
ша, Адамды жұмысқа алып, оған білім берген оңайырақ
Өзгелерді ойлау. Жақсы адам болу – өзіңді ғана емес,
өзгелерді де ойлау деген сөз. Өзгелерге көмектесуге дай-
ын адамға өзгелер де көмектесуге дайын тұрады. Өмір
бумеранг сияқты дегенді бәрі айтады ғой. Ол расында
да солай.
Не ексең, соны орасың. Аңызға айналған мил-
лионер, филантроп Джон Рокфеллердің
72
жай клерк бо-
лып төрт доллар тапқан кезі болған. Сол төрт доллардың
жиырма пайызын жинаған, елу пайызын шіркеуге бер-
ген, ал өзі қалған отыз пайызын ғана жұмсаған. Бірнеше
жылдан кейін ол АҚШ-тың ең ірі мұнайшысының біріне
айналды.
Брайан Трейси оның өміріндегі мына фактіні кел-
тіреді. Рокфеллер мұнай бизнесіне көңіл қойғаны сондай,
өзгелерге уақыты болмайды. Ол 52
жасында әлемдегі ең
бай адам саналған. Бірақ тура сол кезде денсаулығы сыр
берген еді. Әрі кетсе, бір жылдан кейін өлесің дейді дәрі-
герлер. Сонда Рокфеллер компаниясының жартысын 500
миллион долларға сатып, «Рокфеллер қорын» құрайды.
Бұл қор ең қайырымды істерді қолдайды. Ғажабы, ол өз-
гелерге көп берген сайын, өзін жақсырақ сезіне бастай-
___________
71
Исхак Калдерон Адизес – әлемдегі үлкен сұранысқа ие бизнес-консультанттардың
бірі. «TOP-10» ірі компаниялар құрамына кіретін Адизес институтының негізін
қалаушы.
72
Рокфеллер Джон Дэвисон – америкалық магнит-кәсіпкер филантроп.
208
ды. Біртіндеп, аурудан құлантаза айығады.
Содан бастап
өмірінің соңына дейін шіркеулер мен қайырымдылық
қорларына жәрдемдесіп тұрған. Сөйткен Рокфеллер ұзақ
өмір сүріп, 92 жасында қайтыс болды. Жалғыз өзі қайы-
рымдылыққа жүздеген миллион доллар жұмсап, әлемдегі
ең жомарт филантроп ретінде тарихта қалды. Соның өзін-
де ақшасы таусылған жоқ.
Тағы сол Брайан Трейси айтады: «Әлемнің ең мықты
бизнесмендері ең жиі айтатын сөз: «Сізге қалай көмек-
тесе алам?». Кейде расында да сенің қалай көмектесе
алатыныңды айтар. Ал көп жағдайда адамдар көмегіңнен
бас тартады. Бірақ саналы және бейсаналы түрде сенің
көмек қолын ұсынғаныңды ұмытпайды».
Қысқасы, өзгеге көмектесуің таза эгоистік перспек-
тива тұрғысынан да ақталады.
Біріншіден, өзіңді жақсы
сезініп, моральдық жағынан қанағаттанасың. Екіншіден,
бұл сен мұқтаж кезде басқалардың көмегіне сенуіңе не-
гіз болады. Қазақ үшін көрінген бұрышта «Сізге қалай
көмектесе алам?» деп жүгіріп жүрудің өзі жасандылық
сияқты көрінуі мүмкін. Белгілі банктің сол ұраны тіпті
күлкіге айналып кеткенін білесіздер. Эмоциясын ашық
айтпайтын халықпыз. Бірақ көмегің керек болған сәтті
өзің де білесің, сезесің. Сонда тартынып қалма.
Сен жо-
март болған сайын, дүние де мәрт болады. Мәрттік мәрт-
тікпен қайтады.
Алайда бұл қолыңдағының бәрін шашып тастауың ке-
рек дегенді білдірмейді. Грузиннің Пиросмани
73
деген су-
ретшісі еске түседі. Өте талантты адам болған, бір кезде
қолына кішігірім дәулет бітіп, дүкен де ұстайды.
Бірақ
жүрегі жұмсақ бейшара, адамдарға көмектесемін деп та-
уарының бәрін қарызға таратып, ақыры тақыр жерде қа-
лады. Халықтың жағдайы қиын еді, ол ешкімге де барып,
«қарызды қайтар» деп айта алмады. Ал күндердің күнін-
де: «Не керек, бәрін алыңдар», – деп дүкенінің есігін ашты
да, өзі аулаққа кетті. Өмірінің соңына дейін бір рөмке арақ
пен бір бөлке нан үшін көрінген жерде сурет салып, қор
___________
73
Нию Пиросмани – грузин халқының суретшісі.
болып өтті. Жертөлелдегі қуықтай бөлмеде бүрісіп өмір
сүрді. Жақсы адам болғаны оны құтқара алған жоқ.
Бұдан шығатын қорытынды: әрине, адамдарға көмек-
тесу керек. Қайырымдылықпен айналысу керек. Бірақ
белгілі бір деңгейге жеткенде мұқтаж
жандардың, көмек
сұрайтындардың өте көп екенін түсінесің. Дүниедегі ке-
дейлік пен жоқшылықтың бәрін жалғыз өзің жоя алмай-
сың. Соны түйгенде моральдық ориентирлерің сені алға
жетелейді.
Достарыңызбен бөлісу: