\\
ақ күн кешетін болғаны ма?» деп өз ойларын ортаға салган
болатын.
Шынында да, соңғы үш-төрт жылда Қазақстанда алты мың
кітапхана жабылыпты ж әне бүл үрдістің онан әрмен жалғаса
оеретін түрі бар. Үлттық- кітапхананың да жағдайы мәз емес.
Қазақстанның ең үлкен кітап қоры жексенбіде жүмыс істемей-
ді, үйге кітап босата алмайды. Қазақстанда соңғы кезге дейін
екі жарым мыңға жуық кітап шығарылып келсе, 1995 жылы
алты жүздей ғана басылым ж ары қ көрген. Кітап саудасымен
айналысатын мекемелер, бибколлектор жүмыс істемейтін болып
алғалы да аз уақыт өткен жоқ.
Сол қиын-қыстау соғыс жылдарының өзінде Қазақстанда
сақгалымы 130 млн. ланаға жететіи басылымдар жинақталган 17
мын кітапхана жүмыс істеген екен. Баспалар да уақытша бірік-
> тірілгенімен бұрыңғы қалпында жұмыс істей беріпті. Газеттер
де уақтылы шығып түрған. Тіпті соғыс майдандарыныц өзінде
ондаған газет қазақш а шығарылып келген.
Ол кезде ел басынан кешіп ж атқан қиыншылықтарға қара-
мастан мектептер де қысқармаған. Керісінше олардың саны
1940— 1950 жылдары 7,7 мыңнан тоғыз мыңға дейін өскен. Ал
қазір ше? Тек соңғы жылдары ғана 600-ден астам мектеп, үш
мыңға жуық мектепке дейінгі балалар мекемелері (бұл олардың
жалпы санының жартысына жуығы) жабылып қалған. Мектеп
пен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде тәрбиеленетіндердің
саны да күрт азайып кеткен. Ауруханалар, емханалар, денсау-
лық сақтау пункттері де қы сқарты лы п ж аты р. Егемендік,
тәуелсіздік жағдайында осындай болады деп кім ойлаған? Бәлкім
бүлар өтпелі кезеңнін қиыншылықтары шығар.
«Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей шешен болар-
сың» деген мәтелдің сыры міне, осында жатыр. Мұны да ойла-
ныгі қояйық, оқушым.
Соңғы кезде үлттық идея жөнінде көбірек айтылатын болып
жүр. Бүл оның әр қилы жағдайда қоғамньщ дені сау күштерін
біріктіре түсуде маңызды роль атқара алатынымен байланысты
болса керек. Мәселен, ұлттық идея, оны үлтшылдықпен шатас-
тырудың еш қандай қисыны жоқ. Қазақстан сияқты көпүлысты
жас мемлекеттің алдына қойғаіғ негізгі міндетін іске асыруда
оныц төңірегіне жүртты топтастыру үшін де қажет. Кезінде үлттық
идеяның қағидаттапып Казакстанлағы үлттыҚ дёмократияның
көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтүрсынов, Міржақып
Дулатовтар да пайдаланған. Бірақ кеңес үкіметініц тарапынан
оларға нақақтан-нақақ жала жабылып, «үлтшылдар», «халық жау-
золары» деген айдар тағылғаидықтан, еліміздің асыл азаматтары-
ныц өздері бастаған үлы істі аяқтата алмай мерт болғаны кімді
болса да бейтарып қалдыра қоймайтын жауыздықтың айғағы еді.
і
1917 жылғы қазан төңкерісінің ықпалынан тысқары қалып
қойған қазақ ауылын кеңестендіру кезінде де ұлттық идеяның
кейбір қағидаттары елдің көңілін аулау үшін кәдеге жаратылға-
нын қазақ фольклорында сақталып қалған «Есік алды бес карға. -
бесеуі де ж ас қарға, саясаттың білімін уйретёміз жастарға» деген
шумақтан да аңғаруға болады. Ал «Асыра сілтеу болмасын, аша
түяқ қалмасын» деген тіркестерден ауыл шаруашылығын үжым-
дастыру саясатының алғашқы сәттерінен бастап ақ түрмысы-
мызға ене бастаған болашақ трагедияның жай-жапсарын көре-
міз.
Біз әрине үлтжандылықты ұлтшылдықпен шатастыра бере-
тін қалыптан алыстап кеттік. Әйтсе де осы бір түсініктің өмірі-
мізге қиыншылықпен енгені есімізде қалды. Кейіннен түрақты
жүмыс істейтін парламентке жол ашу үшін «өзін өзі таратқан»
Қазақстан Республикасы Ж оғарғы кеңесіндегі пікір таласы ке-
зінде қайсы бір депүтаттарга «Үлттык банк» деген түсініктің өзі
түрпідей тигені сонша, неге біз «Мемлекеттік банк» немесе
«Орталық банк» демейміз деп байбалам салуға тьірмысқандар
болған еді.
Соңынан ұлттық идеяның жүрттың болмысын билеп алғаны
сонша, қазір ондай «ұсақ-түйекке» көңіл аудара бермейтін бо-
лып алдық, керісінше оның Негізінде қоғамның дені сау күште-
рін біріктіруге тырмысқан қозғалыстар пайда болды.
«Азат»,
«Желтоқсан» секілді қозғалыстардың Бостандық, Теңдік, Туыс-
қандық идеяларын өздеріне айбар түтып көшбастаушы болғаны
қүптарлық. «Невада—Семей», «Әділет», «Табиғат» сияқты ұйым-
дар да 90 жылдардағы халықтық қозғалыстың қалың ортасынан
көрініп жүрді. Өз басым қызмет бабын пайдаланып, ешқашан
да оларға қарсы әрекет жасап, қысымға алған емеспін. Кері-
сіншо' Орталық комитеттің Ісатшьісы ретінде жылдар бойы
жүрттың жігерін қүм етіп, сана-сезімін матап, түншықтырып
келген ой тұсауы алына бастаған түста олардың арасында бағ-
дарламалары елдің конституциясына қайшы келмейтіндеріне
тікелей қолдау жасап келлім. Мүны біреу дұрыс түсінсе де,
екінші біреулер үғына бермейтін. Мүндай жағдайда, еркі білсін
дей салатын едім.
Десек те демократиялық қозғалыстардың өзара бірлесіп,
қоғамның дені сау күштерін қазіргі заманғы үлттық идея төңі-
регіне топтастыра алатын бірыңғай саяси партия дәрежесіне
көтеріле алмағаны (әрине өздерін партиямыз дейтін бірлестік-
тер баршылық қой) елдегі қоғамдық өмірдің нәрегейлігін көрсе-
теді. Шамасы біздегі қозғаушы күштерге әлі де болса ымырала-
са түсуді талап ететін негізгі бағытта қажырлы қимыл жасауға
тура келетін шығар.
Ж асыратыны жоқ, қазақтың бойына сіңген көп қасиеттері
мәмлеге келетін ауызбірліктің жетісе бермейтіндігінен ғасырлар
бойы ұрпақтан ұрпаққа алмасып, келелі мәселелердің түбегейлі
шешімін табуына тосқауыл болып келді. Мұның әлеуметтік
ортамен біте қайнасқан, үлкенді-кішілі мәселелерде жүрттың
жанын жегідей жеп келген қызғаныш сезіммен үштасып жата-
тыны тағы бар. Оған бақталастықты, көреалмаушылықты, кер-
мағыз керенаулықты қоссақ, көпүлысты елдің жағдайында кон-
ституциялық бостандықтарды үқыпты пайдалануға бағытталған
үлттық идеяға қарама қарсы қүбылыстың айғағы болып шыға
келетіні даусыз.
Қазақтың «бет-ауызы» түзулеу, жарқын жүзді, атжақты, ашық
көзді азаматты көрсе-ақ, қызғаныш сезіммен қарайтыны сонша,
«Ей, мынауың казакка уқсамайды ғой» дегенді айтып, өзіне
тели қойғысы келмейтінін де көріп жүрміз. Ау, сонда қазақ
болу үшін адамның қысықкөз, бүйрек бетті, тайқы мандайлы,
пәттек түмсықты, қотан аяқты болуы міндетті болғаны ма деген
ойға қаласың. Ж ылдар бойы бейнелеу өнерінде қазаққа осын-
дай тұрпат беріліп келгені оның үлттық «үрқын» жасаудағы
немқүрайдылықтың нәтижесі болса керек.
Қазақтың бойына сіңген тағы бір мерез бар. Ол оның өзінен
шыққан белгілі адамдарының қызметіне, шығармашылығына баға
берудегі орашолақтықпен ұштасып жататын керенаулығымен,
асырасілтеушілігімен байланысты қалыптасқаН мінезжулықТБік;
қалып. Бірде қазақ операсының негізін қалаған жарық жүлдыз-
дарының бірі, қайталана бермейтін бірден бір лирико-колорату-
ралық сопрано Күләш Байсейітованың өнер жолына, шығарма-
іпылығына шолу жасаған телехабарға катысқан өнерзерттеуші-
сінің Күләштің арына тиетіндей етіп. оның өз түсында үлкен
абырой-атаққа ие болғанымен қазіргі өлшеммен қарағанда аса
зор дарын иесі бола алмайтыны жөнінде шындыққа үйлеспей-
тін, қисынсыз пікір айтқанын естіген едік.
*
Шамамей "алғанда, 50 жылдардың аяғында 60 жылдардың
басында туып-өскен, Күләшті сахнадан көрігі, үнін естімеген
маманның оган соншама өрескел баға беретіндей әкесінің ақы-
сы бар ма? Өйткені, оның қолында «алтын қор» дегендегі шала-
шарпы записьтерден, мүлтіксіздігі шамалы киножолақтардан
V
баска оштома-жок. Күлаіптін күліротін түсініп-білу үішн талай-'
Үалай архив жадығаттарын, ғылыми еңбектерді, мерзімді баспа-
сөздің жекелеген сандарын ақтарып, әнші өнерінің мыңдаған
жанкүйерлерімен кездесіп, пікір алмасқаннан кейін ғана түбе-
гейлі пікір айтуға болатыны бүл азаматтың ойына да келмепті.
Әйтпесе Күләш Байсейітованың, қай жағынан алып қарасақ та,
бұрын-соңды қайталанбаған қүбылыс екені көптен белгілі емес
пе? Күләш сияқты өнер қайраткерлерінің анда-санда ғана тарих
бетінен көрінетіні тағы бар. Сонда қазіргі Бибігүл мен Роза,
Рахима мен Қорлан ғана асқан дарындылар болғаны ма? Олар-
дың қай қайсысының болса да қазақ өнеріне қосқан үлесі, алатын
орны бар екені даусыз. Бірақ әйгілі опера әншілерінің шығар-
машылығын Күләш сияқты өнер саңлағының артында қалдыр-
ған мүрасына қарсы қоюдың қисыны жоқ. Әлде жұртты бір
бірімен соғыстырып жүрмесек, көңліміздің көншімейтін болып
алғаны ма?
Бәлкім, қайсы бір мамансымақтар осыдан қырық жыл бүрын
дүние салған атақты әншінің үнсіз, жауап қайтара алмайтынын
пайдаланып оңды-солды соққылай беруге болады деп ойлайтын
шығар. Күләштің Қызжібегі мен Ажары, Сарасы мен Маросы,
Ақжүнісі мен Татьянасы, Алтыншашы мен Баттерфляйі қайта-
ланбас бейнелер ретінде жүрттың абайында мәңгі қалып қойды.
Оның кез келген әуенді мың қүлпыртып әкететін асқан әншілі-
гін де қазақ халқы, мыңдаған алғыскер тыңдаушылары есінен
шығара қоймас.
Тегі арамыздан үш-төрт буын алмасып үлгіретіндей уақыт
бүрын дүниеден өткен үлы актрисаның (оның қалай қайтыс
болғанын да білеміз ғой) әруағын қүрметтейтін мезгіл жеткен
сияқты. Мұны өздерін опера өнерінің бірден бір білгірлері ре-
тінде сезінетіндер де есте сақтағаны жөн.
Сөз орайына қарай, атақты биші Шара жөнінде де бірер сөз
айта кетуді жөн көріп отырмын. Осы бір өнер саңлағының
шығармашылығы жөнінде де «аз ғана ән, азынаулақ би» («не
много песни, не много танца») деп әжуалағысы келетіндер қа-
зірде де табылатынға ұқсайды. Кезінде «Алтай», «Алтай», «Ал-
Достарыңызбен бөлісу: |