Экология лекциялары дәріс №1 Тақырып


Ерекше қорғауға алынған териториялар



бет21/32
Дата01.03.2023
өлшемі134,39 Kb.
#70951
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32
Байланысты:
ЭКОЛОГИЯ - Лекции - 1-8

Ерекше қорғауға алынған териториялар

Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр.Тек адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерістерінің нәтижелері туралы қорытынды жасап, оларды болдырмауға мүмкіндік туады.
Кез-келген мемлекеттің ерекше қорғалатын табиғи территорияларды күрып, дамыту стратегиясы негізгі екі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
1) оның территориясындағы барлык негізгі географиялык аймактар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі;
2) жүйелі топтастырылған деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді сақтау.
Мұны арттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен ұлттық парктерді ұйымдастыру болып табылады.
Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі - ерекше қорғауға алынған территориялар.Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.
Қорықтар- табиғатты қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық территориялар Жер шарының шамамен 1,6-20%-ын құрайды. Дүние жүзіндегі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда. Оның ауданы шамамен 7 млн. га; Ботсванадағы Орталық Калахари резерваты: 5,3 млн. га; Вуд-Буффало (Канада)- 4,5 млн. га; Үлкен Гобий қорығы (Монғолия) - шамамен 4 млн. га.
Қорықтар - толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді.
Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі - қорғалымдар болып табылады.
Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың әр түрлі формаларының ішінен қорықтардың орны ерекше. Себебі, қорықтар алуантүрлілікті қамтамасыз ететін маңызды звено болып табылады. Бірақ, XX ғасырдың екінші жартысында «қорық - өзгермеген табиғаттың эталоны» деген принцип бұзылып отыр. Атмосфераның өндірістік улы қосылыстармен, радиациялық ластану, олардың тасымалдануы - біздің планетамыздың кез келген бөлігіне міндетті түрде әсер етеді.
Қазақстан қорықтары. Қазір Қазақстан территориясында. төмендегі қорықтар жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет