Экономика және оның қоғамдағы рөлі Экономика


Еңбек өнімділігі: мәні, анықтау әдістемесі



бет38/47
Дата17.12.2022
өлшемі0,82 Mb.
#57857
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47
Байланысты:
Экономика ответ

42. Еңбек өнімділігі: мәні, анықтау әдістемесі
Еңбек өнімділігі- алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы (еңбектің өндіріс үдерісіндегі тиімділігі).Уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынмен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады. Жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі бөлінеді. Біріншісі нақты еңбек шығынын, екіншісі нақты және өткендегі (заттандырылған) еңбек шығынын көрсетеді.
Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері- еңбек өнімділігінің деңгейін көрсету тәсілдері. Өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің деңгейі жұмыс уақытының бір өлшеміне шаққанда өндірілген өнімнің санымен (тікелей көрсеткіш) немесе өнімнің бір өлшемін дайындауға жұмсалған жұмыс уақытының мөлшерімен (кері көрсеткіш, яғни еңбек сыйымдылығы) өлшенеді. Өнімді өндіруге жұмсалған еңбек шығыны адам-сағат, адам-күн, адам-ай (тоқсан, жыл) есебімен көрсетіледі, мұның өзі сағаттық, күндік, айлық еңбек өнімділігі көрсеткіштеріне сай келеді, оның деңгейін бір жұмысшыға, бір жұмыскерге т.б. шағып белгілеуге болады. Өнім шығару (жұмыстарды орындау) көлемінің қабылданған өлшеуіштеріне сәйкес еңбек өнімділігін өлшеу заттай, еңбек,құндық әдістеріне бөлінеді. Заттай әдісте еңбек өнімділігінің деңгейі заттай өлшеммен (т,м, дана т.б.) есептелетін өнім мөлшерінің жұмыс уақытының шығынына не месе жұмыскерлердің орташа тізімдік санына қатынасымен айқындалады.
Еңбек әдісінде өнімнің алуан түрлері олардыөндіруге жұмсалған еңбек шығыны бойынша өлшенеді немесе еңбек сыйымдылығының деңгейлері салғастырылады.Құндық әдісте еңбек өнімділігі орта есеппен бір қызметкерге шаққандағы немесе жұмыс уақытының белгілі бір өлшемінде дайындалған өнімнің құнымен көрсетеді.
Затқа айналған еңбек шығыны- өндірістің бастапқы кезеңінде жанды еңбектеніп,жанды еңбектің материалды жағдайын көруге қызмет атқарып,жанды еңбек өнімділігіне қатыспайды.
Қоғамдық еңбек өнімділігінде ғана жинақталған қорытындыны, тиімділікті анықтағанда жанды және затқа айналған жалпы еңбек шығындары бірге есепелінеді.
Еңбек шығынын азайтып,еңбек өнімділігін арттыру арқылы өнімнің өзіндік құнын азайтуға болады.Өнім өндіруде еңбек шығыны азайған сайын, өнімнің өзіндік құны арзандап, кәсіпорынның пайдалылығы өсед



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет