Әлеуметтік-саяси білімдер модулі Пәндер: Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология Саясаттану Кредит №1


Конфуцийдің саяси іліміндегі негізгі ойлар мыналар



бет2/8
Дата27.12.2022
өлшемі39,29 Kb.
#59967
1   2   3   4   5   6   7   8
Конфуцийдің саяси іліміндегі негізгі ойлар мыналар:
1. Саяси басшы көк тəңірінің үлгісімен тек жақсылық сыйлаушы болуы тиіс.
2. Патша патшадай болу, бағынышты бағыныштыдай, əке əкедей, бала баладай
болу принциптерін ұсынады. Бұл принциптің мақсаты – билік жүйесіндегі
шайқалып бара жатқан басқару қағидаларын бекіту еді.
3. Егер халық аш болатын болса, патша өз байлығына масаттана ала ма? -
деген принцип қояды, яғни, Конфуций ілімінде халықтың тұрмысының жақсы
болуы – негізгі өзекті мəселе болды деуге болады.
2. Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше.
Батыс еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (5-16ғ.ғ.). Бұл дəуірде
рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген – құдай, сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұл жағдайға ақсүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарына қалдырғысы келді.
Батыс орта ғасыр идеологиясының өкілдері: Августин Аврелий (354-
430ж.ж.) жəне Фома Аквинский (1226-1274ж.ж.).
А.Августин дүниежүзілік тарихи процестерді құдайға тəуелді ете
отырып, жер бетіндегі адамзатты 2-ге бөлді.
1) ізгілікті мемлекет адамдары (жын-шайтан);
2) шіркеу адамдары (пəк, таза адамдар).
Құдай адамдарға ерікті етіп жаратқан соң, олар күнəлар жасайды жəне
қоғамдағы барлық саяси жəне мемлекеттік құбылыстар күнəһар адамдардың ісəрекетінің салдарынан туындайды дейді.
Ф.Аквинскийдің саяси ілімдер тарихындағы маңызды жақ – ол арнайы заң
теориясын жасады. Аквинский заңды мəңгілік, діни, табиғи жəне оң заң деп
бөледі.
Мəңгілік заң – ол құдай даналығы жəне ол бүкіл дүниедегі іс-əрекеттерді
басқару құралы.
3. Қайта өрлеу дəуірі
Буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы – Н.Макиавелли (1469-
1527ж.ж.). Оның еңбектері Патша, Пит Ливийдің бірінші он күндігі
жөніндегі ойлар, Флоренция тарихы.
Ол діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тəжірбие
деп білді. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады.
Жаңа замандағы саяси ойлар.
17 ғасырдың көрнекті ағылшын ойшылы – Томас Гоббс (1588-1679ж.ж.)
еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде, жалпыға бірдей
бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім
бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың құқы
тапсырылады.
Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке
береді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты. Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (16889-1775ж.ж.) болған. Ол əр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға (ауарайына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне т.б.) байланыстырады.
Оның ойынша бостандық – бұл заң неге ерік берсе, соны істеу.
Бостандықты баянды ету мақсатында жəне төңкерістерге жол бермеу үшін
билікті заң шығаратын, атқарушы жəне сот билігі етіп бөлу керек деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет