Маржан тәрізді жалпы есім сөздерден жасалған есімдер, ер кісілердің есімі
ретінде қойылатын Қозы, Бүркіт, Көбей, Арыстан, Әмір, Темір, Сұлтан,
Сайлау, Тілек, Жеңіс секілді есімдердің бастапқыда жалпы есім болғанын
білеміз. Сол тәрізді ел арасында сараңдықтың, қаталдықтың белгісі ретінде
айтылатын Қарабай, Қарынбай, Шығайбай, батырлық ұғымдағы қаһарман,
жүйріктіктің символы дүлдүл сөздерінің басында жалқы есім болғаны мәлім
[80, 444-445 бб.].
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі антропонимдерді салғастырып зерттеген
А.Қ. Мейрбеков ғылыми зерттеу жұмысында қазақ және ағылшын тілдеріндегі
антропонимдерді салғастыра зерттей отырып, кісі есімдерінің әр түрлі
лингвомәдени ортадағы ментальды, тұрмыстық дүниетанымындағы қолданыс
аясын, лексика-семантикалық топтарын, құрамы мен құрылымын анықтап,
есімдердің коннотативтік және жағымды/жағымсыз мағынадағы концептілердің
лингвомәдени моделін құрастырып, екі тілдегі антропонимдердің ұлттық
32
ерекшеліктерін анықтайды. Сонымен қатар бүгінгі таңда есім таңдауда қазақ
және ағылшын тілдерінде дәстүрлі мәдениет элементтері болып табылатын
ырым, наным-сенімге негізделген есімдерге қарағанда есімдегі дыбыс пен
буындардың үйлесімділігі, орфографиялық ерекшеліктері мен саяси жағдайға
қатысты қойылу тенденциясының басым екендігін айтады [81, 26 б.].
Бүгінгі таңда қазақ тіл білімінде түрлі тілдерді салыстыра-салғастыра
зерттеуге ерекше қызығушылық танытуда. Бұл орайда Т.М. Абдрахманованың
«Қазақ, орыс, неміс тілдеріндегі лақап есімдердің ерекшелігі» атты еңбегін атап
көрсетуге болады. Зерттеу жұмысында қазақ, орыс және неміс тілдерінде лақап
есімдердің көбісі ер адамдарға қойылатындығы баяндалады. Неміс және орыс
тілдерінде лақап аттар жынысқа байланысты ерекшеленеді, ал қазақ тілінде бұл
өзгешелік байқалмайды. Мұның басты себебі тек категориясының орыс және
неміс тілдеріне тән екендігімен түсіндіріледі. Автордың пікірінше: «Бұл
ерекшелік ер адамдар мен әйел адамдардың мінез-құлқына байланысты болуы
тиіс. Кез-келген елде әйелдер ермен салыстырғанда жұмсақ мінезді, нәзік
жанды, инабатты болады, сондықтан да әйел адамдарға көп лақап ат
қойылмауы керек». Зерттеуде қазақ, орыс және неміс тілдерінде қарастырылған
ер адамдардың бейресми есімдері 70 %-ды құраса, ал әйел адамдардың
бейресми есімдері 30 %-дық көрсеткішпен айқындалған [82, c. 129].
Татар ономастикасындағы аса ірі тұлға, ғалым Г.Ф. Саттаровтың
жетекшілігімен қазақ антропонимикасы тақырыбына арналған ғылыми
жұмыстар: Г.И. Кульдеева мен К.А. Ниетбаеваның докторлық және
кандидаттық диссертациялары. Г.И. Кульдеева қазақ тіліндегі антропонимдік
жүйе тақырыбына арналған өз ғылыми жұмысында қазақ тіліндегі
антропонимдік жүйенің қалыптасуы мен дамуына негіз болған тарихи және
мәдени дәстүрлерді, аталмыш жүйенің дамуына әсер еткен материалдық және
рухани мәдениетті, антропонимдік жүйенің этнолингвистикалық қабаттарын,
қазақ тіліндегі антропонимдік жүйенің лексика-семантикалық топтарының
генетикасын, құрылымдық ерекшеліктерін, ХХ ғасырдағы әйел және ер кісі
есімдерінің даму жағдайын қарастырады. Ғылыми жұмыста Қазақстанның 5
облыстық орталығы бойынша 1920-2000 жылдар аралығындағы антропонимдік
жүйедегі өзгерістер көрсетіледі [83, с. 7].
К.А. Ниетбаева «Историко-лингвистический анализ казахских фамилий»
атты еңбегінде кісі тегінің қалыптасауы мен дамуының тарихи-этнографиялық
көрінісі мен лексика-семантикалық тұрғыда жіктелуі, жалқы есімдер, лақап
аттар, жасанды сөздер және диалектілер негізінде жасалған кісі тегіне қатысты
мәселелерді қарастырады [84].
М.М. Бигельдиева «Қазақ және түрік әйел антропонимиясы» атты
кандидаттық диссертациясында 8000 қазақ әйел есімдері мен 3500 жуық түрік
тіліндегі әйел есімдерін, сонымен қатар 200 шамасында көне түркі әйел
есімдерін
қарастырып,
талдау
жасайды.
Түркі
ономастикасының
антропонимика саласын салыстыра зерттеу арқылы қазақ және түрік
тілдеріндегі әйел есімдерінің лексика-семантикалық жүйесін, құрылымын және
құрылысын, варианттылығын, әлеуметтік мәнін, ресми емес әйел есімдерін,
33
ресми қаратпаларды, етістік тұлғалы әйел есімдерін, сонымен қатар халық ауыз
әдебиетіндегі әйел есімдері мен есім беру принципіндегі өзіндік ұлттық
ерекшеліктерді қарастырады. М.М. Бигельдиева пікірінше, ер кісі есімдері сан
жағынан өте көп, сәйкесінше көп мысал келтіріледі, бұл әйел есімін мысал
ретінде беруді қаламаудан емес, әйел есімдері санының аздығынан, кейбір
тұжырымдарға тек ер есімдерінің ғана мысал ретінде берілуінен туындайды
[85, 22 б].
Б. Әбдуәлиұлы
«Қазақ
антропонимжасамының
теориялық
және
практикалық
негіздері»
атты
докторлық
диссертациясында
қазақ
антропонимжасамының теориялық мәселелерін, кісі есімдерінің жасалуы, тілде
нормалануы, тарихи негіздері мен қазіргі түркі халықтарына ортақ белгілерін
қарастырады. Сонымен бірге антропонимжасамдық негіздердің көне
жазбалардағы нұсқаларымен байланысын, қосымшалардың қызметін, есім
жасау қабілеті мен қалыптасу жолдарын, тарихи-этимологиялық сырларын
саралап, мағыналық негіздер мен жасанды негіздерді топтастырады [86].
Жоғарыда қарастырылған ғылыми еңбектер қазақ антропонимдік
жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері жайлы тың ғылыми мәлімет береді.
Достарыңызбен бөлісу: |