36
мәдениеттің алдыңғы буын өкілдерінен келесі ұрпаққа табысталу, жеткізілу
үдерісі» [98, c. 280].
Түркі антропонимиясын лингвомәдениеттану тұрғысында зерттеудің
маңызы жөнінде Г.Ф. Благова: «Әлеуметтік ортада, құндылық бағдар жүйесінде
ұрпақ
арқылы
берілетін
мәдени
трансмиссия
тұрғысында
түркі
антропонимиясын маңызы зор мәдени қарым-қатынас феномені ретінде
қабылдауға болады. Антропонимияда, яғни ат қою дәстүрінде ойлау мен мінез-
құлықтың этникалық стереотиптері айқын көрініс табады» [96, c. 754] деп атап
өтеді.
Батыс еуропа елдеріндегі антропонимдердің әлеуметтік және мәдени
тарихын зерттеген S. Wilson өз еңбегінде антропонимиядағы трансмиссия
жөнінде: «Elsewhere, transmission might be directly from one generation to the next.
Parents’ names were given to children, for example, in Bologna and the Trentino in
the seventeenth and eighteenth centuries» дейді. Яғни XVII-XVIII ғасырларда
Италияның Болонья және Трентино қалаларында балаға ата-анасының есімі
беріліп отырған. Бұл тұрғыда S. Wilson келесі мысалды келтіреді: «My
grandfather was called Méou [a diminutive of Barthélemy], my father was called
Méou, my name is Méou, so I want my son to be called Méou» [100, p. 225]. Бұл
мысалдан есімнің отбасындағы үлкен ұлға берілгенін анық аңғаруға болады.
Ата-ананың есімдері балаларына отбасылық мұра ретінде табысталып отырған.
Антропонимдер ұрпақтан ұрпаққа тікелей жеткізіледі.
Қазақстандағы тіл саясаты тұрғысында тілдік трансмиссия, ана тілі,
азаматтық сәйкестілік, этникалық сәйкестілік мәселелері бойынша зерттеу
жүргізген Э. Сулейменова, М. Ақберді, Г. Қойшыбаева өз еңбектерінде
ұрпақаралық (респонденттің анасымен, әкесімен, атасы және әжесімен тілдесуі)
және ұрпақішіндегі (респонденттің ағасы мен әпкесінің, ата-анасының, ата-
әжесінің өзара тілдесуі) тілдік трансмиссияның ерекшеліктерін анықтайды [101,
c. 23-24].
Мәдениет қоғамдағы ойлау мен іс-әрекет арқылы анықталса, тіл – ойды
білдіру мен жеткізу құралы болып табылады. Тілдік бірлік ретінде
антропонимдерде қоғамдағы әлеуметтік және мәдени, саяси оқиғалар жайлы
нақты ақпарат көрініс тауып отырады.
Антропонимдер алдыңғы буын өкілдерінен ұрпақаралық тілдік
трансмиссия арқылы беріліп, жеткізіліп, сақталып отырады. Яғни
антропонимдік трансмиссия дегеніміз – антропонимдердің алдыңғы буын
өкілдерінен кейінгі ұрпаққа мұра ретінде табысталу, жеткізілу үдерісі болып
табылады.
Антропонимиядағы трансмиссия құбылысын анықтаудың алғышарттары:
адам → сана → мәдениет → тіл → тілдік сана → мәдени трансмиссия → тілдік
трансмиссия → ұрпақаралық трансмиссия → ономастикалық трансмиссия →
антропонимдік трансмиссия. Антропонимдік трансмиссия ұлттық тіл қорында
сақталған кісі есімдерінің болашақ ұрпаққа жеткізілуі, табысталуы болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: