31
тарихымен байланыстыра отырып, жарқын болашаққа үлкен үмітпен
қарайтындығымен түсіндіреді. Сондай-ақ, қыз балаларға есім беруде
Анель,
Анеля,
Адель,
Аида,
Жанна,
Жанель,
Элеонора,
Сабина,
Диана,
Альмира секілді
шет тіліндегі аттарға еліктеу мәселесін де атап өтеді [54, 104 б.].
«Қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени жүйесі» атты еңбегінде
Ф.М. Әшімханова антропонимдерді этнотаңбалы, этномазмұнды лингвомәдени
жүйе ретінде қарастырып, кейінгі заманда туған көркем мәтіндердің кестесіне
кірігіп, функционалдық, әлеуметтік, этнотанымдық қызмет атқаратын
антропонимдердің
қолданысын
түсіндіреді
[78].
Тілдік
деректерді
лингвомәдени тұрғыда зерттеу барысында Ф.М. Әшімханова «тіл мен таным»
және «тіл мен ұлт біртұтас» деген қағиданы басшылыққа алады. Себебі, тілдік
деректерді сол тілде сөйлеуші халықтың әр кезеңдегі тарихи-әлеуметтік
тәжірибесіне негізделіп, мәдени-танымдық деңгейіне сай қалыптасқан
вербалды-ассоциативті категория ретінде есептейді. «Тіл мен ұлт біртұтас»
деген қағиданы басшылыққа алып, ежелгі мәдениет пен түрлі салт-
дәстүрлердің тіл арқылы сақталып жетуін тілдің ұлтты тұтастырушы,
жалғастырушы қызметімен дәлелдеп көрсетеді [78, 40 б.].
Туыс
емес
тілдердегі
антропонимдерді
салғастыру
бойынша
А.Ж. Кұлмағамбетованың «Языковая картина мира в антропонимах
английского и казахского языков» [79] атты ғылыми жұмысында
антропонимдердегі тілдің әлемдік бейнесі көрінісіне құрылымдық талдау
жасалады, ағылшын және қазақ тілдеріндегі антропонимдердегі тілдің әлемдік
бейнесінің
қалыптасуымен
байланысты
лингво-арнайы
концептілер
анықталады, сонымен қатар құрылымы әртүрлі тілдердің лингвомәдени
ерекшеліктерін есепке ала отырып, антропонимдер когнитивті аспектіде
зерттеледі.
Қазақ грамматикасында жалпы есімнің жалқы есімге, жалқы есімнің
жалпы есімге ауысып отыру үдерісі тілдегі омонимдер пайда болуының бір
жолы ретінде қарастырылады. Мәселен, әйел кісілердің есімі ретінде жиі
естілетін
Өрік,
Мейіз,
Алма,
Алуа,
Бота,
Бәтес,
Ақұштап,
Жібек,
Гауһар,
Достарыңызбен бөлісу: