43
(статикалық күйдегі) нақтылы, я негізгі мағынасы, әдетте, лексикалық я тура
мағына деп аталады» [121, 7 б.] дейді.
Б. Ақбердиева бойынша: «Лексикалық мағына – зат, құбылыс, іс-әрекеттің
санада бейнеленіп, тұрақталған ұғымының мазмұны» [122, 73 б.].
Жалқы есімнің семантикасы деп негізінен экстралингвистикалық
сипаттағы оның құрамдас компоненттерінің тіркесін ұғынамыз, жалқы есімнің
семантикасы ақпараттан жинақталады, ал ақпарат тілдік, сөйлеу және арнайы
ономастикалық
функциялардан,
стилистикалық
және
эстетикалық
маңыздылықтардан құралады [123, 73 б.].
Б.Ә. Досжанов антропонимге арқау болған сөздің алғашқы номинативтік
мағынасы мен антропонимдік мағынасы арасындағы айырмашылық жөнінде:
«Барақ есімінің алғашқы мағынасы көне түркі тілінде «сабалақ, жүндес, аңшы
ит дегенді білдірсе, қазіргі тілімізде «барақ ит» деп сол күйінде қолданылады.
Оның шығуы көне дәуірлердегі тотеммен байланысты. Алайда антропоним
ретінде туынды мағынасы басты назарда болады. Соңғы ғасырларда тарихта
болған
Би Барақ,
Барақ хан,
Барақ сұлтан,
Көкжал Барақ секілді атақты
адамдардың ерен қасиеттері ескеріліп, бұл есімнің әуелгі мағынасы жойылып,
ауыспалы мағына иемденеді. Келесі ұрпаққа бұл есімнің қойылуы батыр, дана
т.б. болсын деген ниетпен жүзеге асты» дейді [123, 63 б.].
Б.М. Тілеубердиев жоғарыда айтылған пікірді қолдай отырып, мағыналық
тұрғыдан даму барысында, эстетикалық талғамның өсуіне қарай кісі есімдері әр
дәуірде жаңаша сипаттарға ие болғанын айтады: «Аталған
Барақ есімімен
қатар,
Ит,
Күшік секілді кісі аттарының алғашқы мағынасы кие тұтумен
байланысты болса, кейінгі дәуірлерде бұл жануардың түрлі кемшіліктері
ескеріліп, ырымдау басты назарға алынды (
Итемген еcімінің шығу мотивтері
бұған дәлел). Салыстыра қарар болсақ, алғашқысы көк тәңіріне табыну, өгіз,
бөрі, жануарларын кие тұтумен мағыналас, ал кейінгілері
Ырымбай,
Жаманбай,
Достарыңызбен бөлісу: