Ер антропонимдері
Сипаттау мәнді ер есімдері (дескриптивтер). Сипаттау мәнді ер есімдері
нәрестенің физиологиялық ерекшелігін сипаттап, бет-әлпетіне, денесінің түсіне
және жүріс-тұрысына қатысты болып келеді:
- дене мүшелерінің қатысуымен жасалған ер есімдері: Ақжүрек,
Бауыржан;
- сәбидің денесіндегі қал немесе мең болуына орай қойылған ер есімдері:
Қалдыбек, Қалдыбай, Қалжан, Қалтай.
- денесінің түсіне байланысты берілген ер есімдері: Ақжігіт, Қаражан.
Сәбидің туған жері, туған күні мен айына (немесе сол айдағы оқиға)
қатысты қойылған есімдер:
- туған жерге, яғни географиялық ұғымдарға байланысты ер есімдері:
Таужан, Алтай, Ертіс, Еділ, Есіл, Оқжетпес, Саян;
- апта күндеріне қатысты есімдердің ішінде ир. сәрсенбі (шәһар – төрт +
шәмбе – күн, төртінші күн (бейсенбі) дүниеге келген балаға қойылған [136, 117
б.] ер есімі кездесті: Сәрсен – Сәрсенбі сөзінің ықшамдала, қысқартылған түрі;
- ай атауларына байланысты қойылған ер антропонимдері: Мамыр,
Маусым, Наурыз, Наурызбек, Наурызхан. Заманауи антропонимдер арасында
Мизам, Мизамбек есімдері кездесті. Мизам, ар. – қыркүйек айына сәйкес
келетін ай аты [136, 94 б.].
- мұсылман қауымында қасиетті ай саналатын Ораза айында туылған ер
балаға Рамазан есімі қойылған;
- құрбан айт мерекесі қарсаңында дүниеге келген сәбиге: Айтбай, Айтбек,
Айтжан, Айткали есімдері берілген.
Қазақ тілінде сәбидің отбасында нешінші бала екенін білдіретін есімдер:
отбасындағы алғашқы балаға – Тұңғышәли, кенже балаға – Кенжебек есімдерін
берген.
Бала дүниеге келген кездегі ата-анасының эмоциясын, тілегінің қабыл
болғанын, қуаныш сезімін сипаттайтын есімдер: Аллаберген (Алдаберген),
Аңсаған, Берген, Бердібек, Қалау, Қуаныш, Құдайберген, Сағындық.
Тілек мәнді есімдер (дезидеративтер):
- ата-ананың сәбиіне ұзақ өмір тілеуіне байланысты есімдер: Жанұзақ,
Ғасыр, Мыңжасар, Өмірбек, Өміржан, Өмірзақ;
47
- нәрестеге бақыт тілеумен байланысты есімдер: Бақберген, Бақдәуір,
Бақжан, Бақкелді, Бақыт, Бақытжан, Нұрбақыт;
- сәбидің күшті, батыр болып өсуін тілеумен байланысты есімдер: Батыр,
Батырлан, Батырхан, Жігер, Қайсар, Қуат;
- нәресте өскенде ақылды болсын деген тілекпен ұл балаға берілген
есімдер: Ақыл, Ақылбек, Ақылжан, Данабек, Данышпан;
- сәбидің молшылықта, баршылықта өмір сүруін, ырыс-несібелі болуын
тілеумен байланысты есімдер: Берекет, Несіпбек, Ырысбек, Ырысдәулет,
Ырысәлі, Ырыскелді;
- баланың аман болуын, тірі қалуын тілеумен байланысты есімдер: Аман,
Есен, Тұрар.
Арнау мәнді немесе құрмет есімдер ( меморативтер) тарихи тұлғалардың,
халық қаһармандарының, танымал адамдардың құрметіне, қайтыс болған ата-
бабасының, туған-туысының құрметіне қойылады. Бүгінгі таңда қазақ
балаларына тарихта болған ұлы тұлғалардың, атақты, ел билеген хандардың,
батырлардың, әдеби шығарма кейіпкерлерінің құрметіне қойылған есімдерді
қою үрдіске айналды:
-
көне түркі дәуірі мен орта ғасырдағы тарихи тұлғалардың есімдері мен
тегінің құрметіне қойылған антропонимдер: Күлтегін, Қорқыт, Қожахмет,
Достарыңызбен бөлісу: |