«Ұлты қазақ азаматтардың тегi мен әкесiнiң атын жазуға байланысты мәселелердi шешу тәртібі туралы» Жарлығы шықты. Жарлыққа сәйкес: «Ұлты
қазақ азаматтар өздерiнiң тегi мен әкесiнiң атының жазылуын қазақ тіліне тән
емес -ов, -ова, -ев,-ева,-ович,-овна аффикстерін алып тастай отырып, өзгертуге
хақылы, алайда тегi мен әкесiнiң атының түбiрлiк негiзi сақталуға тиiс. Бұл
ретте әкесiнiң атын жазған кезде азаматтың жынысына қарай «ұлы» немесе
«қызы» сөздерi қосылып, бiрге жазылады» деп көрсетілген [112]. Бұл тұрғыда Ч.С. Темировазаматтардың тегіндегі қазақ тіліне тән емес
аффикстерді алып тастау арқылы ұлттық-тарихи дәстүрге сәйкес келтіру
мәселесі бойынша: «Но ведь трансформация Ибрагимова Казбека в Ибрагима Казбека – не есть «приведение в соответствие с исторически сложившимися
традициями». Вот если бы просто отбрасывалась фамилия, а -ович в отчестве
заменялось на -ұлы (то есть – Шоқан Шыңғысұлы), можно было бы говорить об
этом самом «приведении в соответсвие» [29, c. 269] дейді.
«Посткеңестік
кеңістіктегі
тіл
қызметі
саласындағы
белсенді
трансформациялық үдерістер орыс тілді әлемнің қайта құрылу үдерісін көрнекі
түрде көрсетеді» [106, c. 25]. Г.Р. Галиуллина өз зерттеуінде XX ғасырдың аяғы
мен XXI ғасырдың басында татар антропонимиясы трансформациясына
септігін
тигізген
ішінара
әлеуметтік-саяси,
әлеуметтік-экономикалық,
әлеуметтік-психологиялық
болып
бөлінетін
экстралингвистикалық
факторларды қарастырды [105, c. 29].
Сонымен қоғамдағы трансформация үдерісі тілдің, ұлттық сананың,
ұлттық менталитеттің өзгеруіне ықпалын тигізді. Сәйкесінше ұлттық тілде
көрініс тапқан тілдік трансформация қазіргі кезде сәбиге есім беруде орын
алған антропонимдік трансформация құбылысына септігін тигізді. Бұл мәселе
жайында толығырақ келесі бөлімдерде сипатталады.