Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы



Pdf көрінісі
бет49/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

Ақболат,  Ақмұхаммед,  Ақмырза,  Ақтимур)  өмір  жасы  ұзақ,  бақытты  болсын 
деген мағынаны білдіретіні жайлы айтады. Жалпы ақ сөзінің бірнеше мағынасы 
бар екендігі жайлы А. Гафуров: «Вообще слово с компонентом ак редко бывает 
однозначными.  <…>  слова  аккиши  и  акбазарган  употреблялись  в  смысле 
‘человек умудренный знаниями и опытом жизни’, ‘c добрым сердцем’ и ‘cамый 
старый  и  самый  мудрый  купец,  которому  доверяли  возглавлять  караван»  деп 
атап өтеді [142, с. 23].  


54
 
 
Көне  түркі  сөздігінде  қара  сөзі  «түс  атауы»,  «құл,  қызметкер»,  «қара 
халық» секілді жалқы есімдердің бір компоненті мағынасында берілген [143, c. 
313].  Демек  қара  сөзінің  антропонимдік  мағынасы  көне  түркі  тіліндегі 
мағынаны  сақтай  отырып  жасалған  деп  айтуға  болады.  Мысалы:  Қараев
Қарабалаев
Қарабалин
Қарабатыров
Қарабеков
Қарамолдаев, 
Қарашолақова
Б.Ә. Досжанов өз еңбегінде ертеректе ақ пен сары сын есімдері мағыналас 
болғанын  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу»  жырындағы  Сарыбай  мен  Қарабай 
образдары  арқылы  түсіндіре  келіп,  мұнда  «ақ»  орнына  «сары»  сын  есімі 
қолданылып  тұрғанын  айтады.  «Сары»  сөзінің  кең,  үлкен,  биік  мағынасы  кісі 
атына айналуға негіз болған [123, 62 б.]. Кісі тектерін талдау нәтижесінде сары 
сөзімен  жасалған  келесі  антропонимдер  кездесті:  Сарыбаева,  Сарыбеков
СарыбалаевСарыбалинаСарыбасоваСарина.  
«Қоңырдың  антропонимдік  мағынасы  жуас  мінезділікті,  аңғарлы, 
сабырлық  пен  салмақтылықты  білдіреді»  [123,  63  б.].  «Қоңыр»  сөзінен 
жасалған антропонимдер: БайқоңыровҚоңырова, Қоңырбаева, Қоңырбекова
Баланың  бет-әлпеті,  дене  мүшелерінің  қатысуы  арқылы  жасалған  кісі 
тектері:  
 
 
- бас – Сар(ы)басоваЖарықбасоваҚазанбасоваҚызылбасоваҮкібасов 
- шаш – Қарашашов; кекіл – Кекілов 
- қабақ – Қабақ 
- көз – КөздібаевКөккөзоваЖыланг(к)өзовҚалдыкөз  
- қас – АққасоваҚарақасов 
- самай – Самайева 
- мұрын – МұрыноваШонмұрынов; танау – Танаубаев 
- саусақ – Саусақбаев 
- бақай – Бақаев 
Ер  баланың  сыртқы  сипатына  байланысты  алты  саусақты  бала  туылса, 
оған – Артық есімі берілген. Осыған орай  Артықбаев сынды кісі тегін мысал 
ретінде келтіруге болады. Шала туылған нәрестелерге қойылған антропонимдер 
арасында ШалабаевШалатаевІлекерова (Лекерова)
-  нәрестенің  денесіндегі  қал  немесе  мең  болуына  қатысты  берілген 
антропонимдер: АнарбековҚалдыбековҚалдыбаевҚалдығожинҚалжігітов
ҚалмұратҚалмырзаеваМеңаяқова, Меңдібаева, Меңжанова.  
-  ер  бала  анасының  құрсағында  жатып  сүндеттеліп  туылған  жағдайда 
балаға Сүндет деген есім берілген. СүндетовСүндетбаев секілді кісі тектері 
бұған мысал бола алады. 
Сәбидің  туған  күні  мен  айына  (немесе  сол  айдағы  оқиға)  қатысты,  яғни 
күнтізбелік есімдер
- Aпта күндеріне байланысты анропонимдер:  
- Дүйсенбі – ДүйсеновДүйсенбаев (Дүйсебаев), ДүйсенбековДүйсенбиева
Дүйсенбина
- Сейсенбі – СейсеновСейсенбаевСейсенбековСейсенғалиев;  
- Сәрсенбі – СәрсеновСәрсенбековСәрсенғалиевСәрсенбаева;  


55
 
 
-  Бейсенбі  –  Бейсенбаев,  Бейсенбеков,  Бейсенбинов,  Бейсенғалиев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет